Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Семинар жəне практикалық сабақтардың жоспары



Pdf көрінісі
бет109/154
Дата30.11.2022
өлшемі7,97 Mb.
#53646
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   154
Байланысты:
Даму психологиясы (Бапаева М.К.) (z-lib.org) 2

Семинар жəне практикалық сабақтардың жоспары 
1. Ересектік жастың классификациясына акмеологиялық 
көзқарас.
2. Ересектік кезендегі танымдық эмоционалдық жəне 
мотивациялық сипаттамалар. 
3. Интеллектуалды даму жəне əлеуметтенуің психологиялық 
мəселелері


318
Студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) 
тақырыптары
1. Зейнеткерлік кезеңге бейімделудің түрлі дəрежесі бар егде
адамдардың жеке тұлғалық ерекшеліктері.
2. Акмеологиялық ұғымы жəне ежелгі ойшылдардың 
тұлғаның дамуы туралы акмеологиялық ойлары.
3. Акмеология – адам шығармашылығының заңдылықтарын 
зерттейтін жаңа интегративті-кешенді ғылым.
Реферат тақырыптары
1. Ерте ересектік кезеңдегі адамгершілік қасиеттердің 
қалыптасуы.
2. Ересектік кезеңдегі мотивтің өзгеруі.


319
4.10 Қарттық кезеңнің психологиялық ерекшеліктері
Жоспары:
1. Қарттық кезеңнің жалпы сипаттамасы. Дамудың 
əлеуметтік жағдайы жəне жетекші іс-əрекет
2. Геронтология –  қарттар мен егде жастағы адамдардың 
психикасы мен мінез-құлық ерекшеліктерін зерттейтін са-
ласы.
3. Кəріліктің əлеуметтік-психологиялық типтері
1. Қарттықтың жалпы сипаттамасы. Дамудың 
əлеуметтік жағдайы жəне жетекші іс-əрекет
Адамның қартаюы – адамзатты ежелден мазалап келе жатқан 
жұмбақ. Философтар ғасырлар бойы қартаюдың себептерін 
талқыласа, көптеген діндер кəрілікке киелі маңыз берген. Алай-
да қартаю үдерісінің биологиясы əлі күнге дейін толық зерттел-
ген жоқ, тіпті адамның қартаю шапшаңдығын тежеудің əдістері
де табылмай келеді. Ғалымдардың толассыз зерттеулеріне 
қарамастан, адамзат кəрілікті жеңудің ауылынан əлі тым алыста.
Қартаю – басқа да тірі ағзалардың табиғи қартаюы сияқты 
биологиялық үдеріс. Сол үдерістің салдарынан адам денесіндегі 
барлық органдар мен жүйелер жұмысы біртіндеп əлсірейді. 
Жасы келген адамның денесіндегі физиологиялық өзгерістер, 
ең алдымен биологиялық қызметтердің бəсеңдеуіне əкеп соғып, 
метаболикалық стрестерге қарсы тұру қабілеті төмендейді. 
Мұндай келеңсіз өзгерістер əдетте адамның психологиялық жəне 
мінез-құлық пен жүріс-тұрыс ырғағының құбылуына себеп бола-
ды. Қартаюдың биологиялық аспектілеріне кəріліктен туындай-
тын өзгерістер ғана емес, жалпы денсаулықтың нашарлауы да 
жатады.
Қазіргі кезде геронтогенездің бөлінуі қартаю мен кəрілік кезеңі, 
бүтін комплекстік əлеуметтік-экономикалық, биологиялық жəне 
психологиялық себептермен байланысты, сондықтан жоғарғы 
онтогенез кезеңдерін түрлі ғылым салалары қарастырады. 
Мəселен, биологиялық, нейрофизиологиялық, демографиялық, 
психологиялық жəне т.б.


320
Медицина ғылымында қартаю – бұл организмде жас 
өзгерістерінен заңды түрде туындайтын физиологиялық үдеріс.
Қартаю үдерістеріне əртүрлі жүйелерде əртүрлі жылдамдықта 
байқалатын жас шамалық өзгерістердің дамуы тəн. Адамның жас 
шамасы календарлық жəне биологиялық болып бөлінеді. Адамның 
биологиялық жасы оның зат алмасу, құрылымдық, қызметтік
реттеушілік ерекшеліктері мен бейімделу мүмкіншіліктерінің 
жиынтығымен анықталатын жағдайы болып табылады. Кəсіби 
зияндылықтар, ауыр дене еңбегі, ауыр күйзелістер, кофе, күрең 
шəйді қолдану, ішімдік ішу, темекі шегу сияқты факторлар 
қартаю үдерісін жеделдете түседі. Жастың қартаюына байланыс-
ты адамның салмағы да өзгереді. 35-60 жас аралығындағы ер-
лерде салмақ жыл сайын 0,2-0,8 кг-ға өседі. 60 жастан кейін май 
қатпарының өсуіне қарамастан дененің жалпы салмағы азаяды. 
Осы сияқты өзгерістер əйелдерде де байқалады. Жас келген сайын 
көлденең-жолақ бұлшық еттердің, бауырдың, лимфа жүйелерінің 
атрофиясы (сему) байқалады. Адам салмағының төмендеуіне 
сүйек жүйесінде байқалатын өзгерістердің біраз əсері бар. 
Қартайғанда ДНК-нің (дезоксирибонуклеин қышқылы) бай-
ланысу қарқыны төмендейді, қайта түзелетін РНК (рибонукле-
ин қышқылы) мөлшері азаяды, осыған байланысты түзілетін 
белоктардың құрылымында өзгерістер байқалады. Қартайған ор-
ганизмде иммунитеттің жасушалық жəне гуморальдық факторла-
ры белсенділігінің төмендеуі орын алады. 
Қартайған сайын жүректің жиырылу саны төмендейді
осыған байланысты минуттық көлемі жəне жүрек индексі азая-
ды. Қан тамырларында атеросклерозды үдерістер қалыптасады, 
ол қан айналымының төмендеуіне əкеледі, мүшелердің қанмен 
қамтамасыз етілуі төмендейді. Артериялық қан тамырларының 
тарылуына байланысты қарттарда қан қысымының көтерілуі 
(140/90 мм. сын.бағ.) байқалады. Вена қан тамырларында скле-
роз үдерістері жүреді, вена қан тамырларының созылғыштық 
қасиеті төмендейді, венадағы қысым төмендейді, қанның іркілуі 
байқалады, ол тромбоз ауруларының пайда болуына əкеліп 
соқтырады. Май, зат алмасуы бұзылады, қан құрамында майдың, 
холестериннің көбеюі байқалады, ол жүректің ишемиялық 
ауруларының дамуына əкеліп соқтырады. Тыныс алу мүшелері 
жағынан өкпенің тіршілік ету көлемі төмендейді, тыныс алу 


321
жиілігі өседі, өкпенің созылғыштық, бронхының өткізгішітік 
қасиеттері төмендейді, қан айналым бұзылады, өкпеде іркілу 
үдерістері байқалады. Осыған байланысты қарт адамдарда өкпенің 
аурулары (іркілу пневмониясы) жиі кездеседі. Қартайған кезде 
эритроциттің саны кемиді, гемоглобин мөлшері (120 г/л) азаяды,
яғни қан аздық ауруы дамиды, витаминдер мен минералды заттар 
мөлшері азаяды. Қанның ұю жылдамдығы жоғарылайды, тамыр 
ішінде тромбының пайда болуы жеделдейді. 
Қартайған сайын есте сақтауы төмендейді, ұмытшақтық пай-
да болады. Ұйқы уақыты азаяды, күндіз қалғып кететін сəттер 
байқалады. Қартайған кезде ерікті қимыл-əрекеттерді реттеу 
механизмдері бұзылады, кеңістіктегі дене қалпын бақылауы 
қиындай түседі. Бұлшық еттердің салбырап, оның ширығу 
қасиетінің төмендеуіне байланысты кейбір мүшелердің қызметі 
(үлкен, кіші дəретті ұстай алмау сияқты) бұзылады.
Қарт адамның тағы бір ұрымтал тұсы – иммун жүйесінің 
əлсіреуінен келетін аурулар. Тіпті, қазіргі медицинада қауқары 
кеткен кəрі ағзаның күші келмейтін кейбір ауруларға қатысты 
«кəрі адамдарға тəн ауру» деген түсінік те бар. Мысалы, 
жас адам өкпенің қабынуынан тез-ақ айығып кетсе, мұндай 
кеселдің кəрі адамның түбіне жетуі де соншалықты оп-оңай.
Жүрек, бүйрек, ми жəне өкпе сияқты органдардың жұмысы 
нашарлайды. Бұған белгілі бір мөлшерде осы органдар 
жасушаларының жоғалуы мен олардың қайтып орнына келу 
мүмкіндігінің төмендеуі себеп. Қарт адамның жасушалары жас 
кезіндегі мүмкіндіктерін біртіндеп жоғалтады. Жасушадағы 
кейбір ферменттердің де жұмысы баяулайды. Бір сөзбен айтсақ, 
адам ағзасындағы қартаю үдерісі барлық деңгейде жүретін 
көрінеді. Қартаю кезіндегі ми жұмысындағы елеулі өзгерістер 
– есте сақтау қабілеті мен ойлау қабілетінің баяулауы. Осы екі 
фактор қарттардың қоғам ырғағымен өмір сүру мүмкіндігін шек-
теп, көптеген зерттеулердің басты нысанына айналып отыр. Сөйте 
тұра, егер қарт адамның заманауи білімді көп талап етпейтін 
белгілі бір тапсырманы шешуіне жеткілікті уақыт берілсе, қарттар 
жастарға көп есе жібере қоймайды. Əсіресе, сөздік қоры, жалпы 
білім жағынан немесе адамның өзі үйренген саласына қатысты 
ойлау қабілетіне келгенде кəрілікке байланысты «өнімділіктің» 
төмендеуі, тіпті де байқалмауы мүмкін.


322
Кəрілікке 
байланысты 
адам 
ағзасында 
байқалатын 
физиологиялық үдерістер көп ғалымдардың пікірлері бойынша 
біріншілік ауру болып есептелінбейді, бірақ организмнің қызмет 
ету мүмкіншілігінің шектелуіне əкеліп соқтырады, оның əртүрлі 
залалды əдеттерге төзімділігін төмендетеді.
Кəрілік – адамның тарихи-эволюциялық дамуының əртүрлі 
сатыларында жəне əртүрлі экологиялық-популяциялық жəне 
əлеуметтік топтар ішінде шартты жəне шекаралық түрде ауысып 
тұратын биопсихологиялық жəне əлеуметтік тарихи түсінік.
Адамның дүниеге келген уақытынан бастап өмір сүру кезеңі 
3-тен 24-ке жетуі мүмкін. Оның ішінде ең қарапайым жəне 
қолайлы топтастыру бойынша адамның өмір сүру кезеңдері 3 
кезеңнен тұрады:
• Балалық шақ кезеңі;
• Жетілу кезеңі;
• Кəрілік кезеңі.
Ежелгі грек философы жəне математик Пифагор (б.э.д. ІV ғ.) 
адам өмірінің кезеңдерін жылдың 4 мерзіміне сəйкес келетіндей 
4 кезеңге бөледі:
• Қалыптасу кезеңі – «көктем» (0-20 жас);
• Жастық кезең – «жаз» (20-40 жас);
• Күш-қайраттың тасу кезеңі – «күз» (40-60 жас);
• Солу-кəрілік кезеңі – «қыс» (60-80 жас);
Тарихи дамудың əртүрлі кезеңдерінде жəне əртүрлі елдер 
шекарасында кəріліктің басталу кезеңі əртүрлі болады. Оны 
төмендегі берілген кестеден байқауға болады (15-кесте).
15-кесте. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет