Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Геронтология – қарттар мен егде жастағы адамдардың



Pdf көрінісі
бет111/154
Дата30.11.2022
өлшемі7,97 Mb.
#53646
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   154
Байланысты:
Даму психологиясы (Бапаева М.К.) (z-lib.org) 2

2. Геронтология – қарттар мен егде жастағы адамдардың 
психикасы мен мінез-құлық ерекшеліктерін зерттейтін сала-
сы 
Қай қоғамда болмасын, ең басты құндылық –  адам мен оның 
өмірі. Еңбек белсенділігі жоғары, дені сау ұлты бар мемлекеттің 
болашағы да зор саналады. Сондықтан бүгінгі таңда адам 
ағзасының қартаю үдерісін зерттейтін геронтология ғылымы ең 
қызықты ғылымдардың біріне айналған. 
Қартаю жөніндегі ғылым – геронтология (грек сөзі gerontos-
кəрі, қартайған адам) адам қартаюының қалыпты үдерісін, кəрілік 
өзгерістердің даму қарқыны мен сипатына əсер ететін оның 
негізгі белгілері мен факторларын, адам организмінің қартаю 
заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
16-кесте. 
Біздің еліміздегі қабылданған жас шамалық кезеңінің схемасы
Кезеңдері
Шекарасы
Нəресте кезеңі
1-10 күн
Емшек емізу кезеңі
10 күн -1 жыл
Ерте балалық шақ
1-3 жас
Алғашқы балалық шақ
4-7 жас
Екіншілік балалық шақ
Ер балаларда 8-12 жас
қыз балаларда 8-11 жас
Жасөспірім жас
Ер балаларда 13-16 жас
қыз балаларда 12-15 жас
Бозбалалық жас
Ерлерде 17-21 жас
əйелдерде 16-20 жас
Біріншілік жетілу кезеңі 
немесе ересектік кезең
Ерлерде 22-35 жас
əйелдерде 21-35 жас
Екіншілік жетілу кезеңі 
немесе ересектік кезең
Ерлерде 36-60 жас
əйелдерде 36-55 жас
Қарттық кезең
Ерлерде 61-74 жас
əйелдерде 56-74 жас
Кəрілік кезең
Ерлерде жəне əйелдерде 
75-90 жас
Ұзақ жасайтындар
Ерлер мен əйелдерде 90 жас жəне одан 
жоғары


326
Геронтология ілімі ХХ ғасырдың басында өз алдына ғылыми 
ілім ретінде қалыптасқан тіршілік ету ұзақтығын, яғни орга-
низм өмірінің ұзақтығын анықтау механизмі жөніндегі биоло-
гия ғылымымен тығыз байланысты. Осы тұрғыда американдық 
ғалым Р. Пирл, сонымен қатар белгілі геронтологтар А. Комфорт 
жəне Б. Стрелердің алатын орны ерекше. Ресейде бұл ілімнің 
алғашқы қалыптасуы Пирлдің шəкірті, профессор В. В. Алпатов 
еңбектерімен тығыз байланысты. Кейбір геронтологтар тіршілік 
ету ұзақтығының биологиясын геронтология ілімінің бір тарауы 
деп есептейді.
ХХ ғасырдың 30-40 жылдары Қазақстанда қариялар мен 
мүгедектер үйі, ауруханаларда геронтология жəне гериатрия 
кабинеттері (Алматы, Қарағанды, т.б.) ашылды, жүйелі зерттеу-
лер жүргізіле бастады. Бұл зерттеулердің нəтижесінде қартаюдың 
əлеуметтік-гигиеналық себептері мен клиникалық белгілері 
анықталды; адам жасының ұлғаюына байланысты жүрек пен 
қан тамырларында пайда болатын өзгерістер зерттелді. Егде 
тартқан жəне қартайған адамдардың əдетте байқалмайтын жүрек 
ақауларына сипаттама берілді. Физиологиялық жəне биохимиялық 
көрсеткіштердің қалыпты деңгейі анықталып, егде тартқан 
жəне қартайған адамдардың денсаулығын тексеру əдістемесі 
ұсынылды.
Геронтология мен гериатрия ілімі тығыз байланысты, ол 
кəрі жəне қарттық жастағы адамдардың ауруларын зерттейді. 
Геронтологияның негізін қартаю үдерісінің биологиясы құрайды, 
дегенмен қартаю мəселесі кешенді үдеріс: биомедициналық, 
психологиялық, антропологиялық, əлеуметтік, экономикалық 
негізді құрайды. Кəріліктің алғашқы анықтамасы жəне оның 
себептері ескі дəуірге жатады. Ұлы дəрігер Гиппократ (б.д.д. 
ІV-V ғ.) кəрілік деген ұғымды табиғи жылулықтың кетуі жəне 
организмнің кеуіп қалуының нəтижесі деп түсінді. Философ Пла-
тон кəрілікке орта жастағы адамның өмір сүру салты əсер етеді 
деп көрсетті. Кəрілікті баяулату рецептері ежелгі Қытай жəне 
ежелгі Индия медициналарында келтірілген. 
Адам денсаулығы жəне оның өмір жасының ұзақтығы 
организмнің қартаю сипатымен тығыз байланысты. Егде 
тартқан жəне қартайған адамдардың ауруларын клиникалық 
медицинаның гериатрия (грек.geron жəне iatreia – емдеу) деп ата-
латын бөлімі зерттейді. 


327
Геронтология кезеңін дəстүр бойынша 3-ке бөлеміз.
1. Мосқалдық кезең (ерлер үшін 60-74 жас, əйелдер үшін 55-
74 жас);
2. Қарттық кезең (70-90 жас);
3. Ұзақ жасайтындар (90 жастан жоғары).
Ресейде жəне бүкіл дүниежүзінде геронтологияның негізін 
салушы əйгілі орыс ғалымы И. И. Мечников. Геронтология ілімі 
жаңа заманғы түсінікте ХХ ғасырдың ортасында қалыптасты. 
1958 жылы медицина ғылымының академиясында Ресейде бас 
ғылыми-зерттеу геронтология институты ұйымдастырылды. 
Қазіргі кезде Ресейде геронтология ғылыми-зерттеу институты, 
аймақтық орталықтар, Мəскеуде Ұлттық геронтология орталығы 
жұмыс істейді. 
Қазіргі заманғы геронтологияның негізгі міндеті: мезгілінен 
бұрын қартаюдың алдын алу, денсаулықты жəне белсенді ұзақ 
өмір сүруді сақтау, қартаю ерекшеліктерін, қартаю үдерісіне 
қоршаған ортаның, оның ішінде антропогенді (өмір сүру салты, 
еңбек, əлеуметтік жағдай) факторлардың əсерін зерттеу болып та-
былады. 
Геронтология ғылымындағы ең басты бағыттардың бірі – 
адам өмірін ұзарту. Дəрігерлік көмек пен өмір сүру деңгейінің 
жақсаруы арқасында қазір жаһан бойынша адамдардың өмірі 
біршама ұзарды. Ғалымдардың пікірінше, индивидум деңгейінде 
дұрыс диета сақтау, қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасау жəне 
темекі, арақ-шарап сияқты қауіпті улы факторлардан аулақ 
болудың арқасында да өмірді аздап ұзартуға болады. Əйтсе де бұл 
факторлар көбінесе кəрілікті жеңуге емес, «кездейсоқ» ажалды 
жеңуге ғана бағытталған.
Əлемде адамның қартаю жылдамдығын баяулатудың бірнеше 
«жеміс беруі мүмкін» стратегиясы ғана бар. Зерттеушілер солардың 
арқасында қартаю жылдамдығын төмендетіп, өмірді ұзартпақ. Мы-
салы, адам органдарын клондау арқылы қолдан өсірілген орган-
дармен алмастыру немесе антиоксиданттар, гармон деңгейіндегі
терапия арқылы ағза жасушаларын молекулярлық «жөндеуден» 
өткізу сияқты тұжырымдар пайда болды. Алайда бұл бағыттарда 
да əзірге ауыз толтырып айтарлықтай нəтижелер жоқ.
Қартаюдың табиғатын анықтаумен геронтология ғылымы 
айналысады. 
Бұл 
ғылым 
физиологиялық 
өзгерістермен 


328
қатар, қарт адамдардың қоғамдағы əлеуметтік рөлін де терең 
зерттейді. Геронтологияның мақсаты – кəрілікке байланыс-
ты туындайтын кейбір кемшіліктерді жеңу. Өйткені əрбір жас 
тобының əлеуметтік мəртебесі мен қоғамдағы орны сол топтың 
экономикалық «жетістіктерімен» тығыз байланысты. Мыса-
лы, ауыл шаруашылығы саласында қарт адамдардың мəртебесі 
жоғары. Олардың өмірлік тəжірибесі жоғары бағаланып, олардың 
біліміне деген сұраныстың арқасында қарт адамдар қоғамның 
белсенді мүшесі болып қала береді. Бірақ соңғы ғасырлардағы 
индустриализация мен урбанизация деңгейінің күрт өсуінен 
қарт адамдардың қоғамдағы рөлі төмендеп келеді. Соңғы зерт-
теулерге қарағанда, қарттардың өз маңыздылығын жоғалтуына 
олардың еңбекке деген қабілетсіздігі емес, үздіксіз білім алу мен 
жаттығуларды талап ететін жаңа технологиялардың енгізілуі 
себеп болып отырған көрінеді. Əйтсе де, кейбір салаларда қарт 
адамдар əлі де жоғары белсенділігін сақтап келеді, мəселен, сая-
сатта.
Қарттар мен егде жастағы адамдардың психикасы мен 
мінез-құлық ерекшеліктерін, жас психологиясының бір сала-
сы геронтологиялық психологиясы зерттейді. Ол қартаюдың 
белгілерін, 
яғни 
адам 
организмінің 
функционалдық 
мүмкіндіктерін (қимыл белсенділігінің баяулауы, күш қуаты 
азайып, денсаулығының нашарлауы) біртіндеп төмендеуін 
қарастырады. Психика функцияларының (зерде, ес, зейін жəне т.б.) 
өзгерістер біржақты ғана байқалады. Қарт адамдардың психика-
сына интеллектуалдық жəне эмоциялық ішкі əлемге кету, өткізген 
өмірін бағалау мен ұғынуға байланысты қайғыру, өміріндегі 
басты мақсаттары орындалмаса, өкіну, түңілу сияқты қасиеттер 
тəн болады. Алайда қартаюды тек регрессивті құбылыс деп 
қарамау керек, қартаю дамудың бір кезеңі. Бұл кезеңде адамның 
рухани жетілу деңгейі төмен болады. Мысалы, қанағаттану, па-
рызын өтеген жағдайда өмірге ризашылық, мейірімділік т.с.с. 
қасиеттермен қатар кемелденген адамдардың даналыққа жетуі. 
Қарт адамның шығармашылық белсенділігі жоғары болатындығы
жиі байқалады. Қартаюдың психологиялық ерекшеліктері мен 
өзгерістеріне ерте кезден назар аударса, геронтология ғылымы 
пəн ретінде егде жастағы адамның көбеюі; олардың жұмысқа 
қабілеттілігі мен тұрмыс жағдайының, сондай-ақ іс-əрекетінің 


329
сипаты мен құндылықты бағдарларының өзгерулеріне, яғни жеке 
адамның даму мəселелеріне, т.б. байланыстар пайда болады. 
Қарттық кезең (психологияда) – адам өмірінің соңғы даму кезеңі. 
Қарттық жас – адам өміріндегі заңды кезең. Бұл кезеңдегілердің
ерекшеліктері, адамның циклдік өмір жүйесіндегі айрықша рөлі, 
қарттық кезең өзіндік дамудың жалпы перспективасын белгілеп 
көрсетеді.
Қарттық кезеңнің алдында, егер осы жастағылардың мінез-
құлық позициясы жеткіліксіз болса, онда олар өз бетінше шешім 
қабылдай алмайды. Осыған байланысты Л. С. Выготский қарттық 
кезеңде метаморфоз заңының болуы керек екенін көрсетті, кейін 
қарттық кезеңде олардың тек қана жойылған қабілетін сипаттау 
ғана емес, ең алдымен сапасы тамаша психикасын сипаттау керек, 
егер оның дамуында сапасы шынжыр болса ғана деп көрсетті.
Д. И. Фельдштейн, қарттық кезеңде бұрынғы зардаптары 
шығып, аяқтары қақсайды деп көрсеткен. Мүмкіншілік болса, 
адам өмірі ұзарады, соның ішінде индивидтің ішкі өзіндік даму-
ында санақ болуы керек. Жасы келген адамда тек қана тəжірибелік 
алып беру ғана емес, сонымен қоса болашаққа деген жарыстар 
да болады. Қарттар өз өмірінің қарттық кезінде күтім болмаса,
өзіндік ойынан аулақ болса (тастап кетсе), істері аяқсыз қалса 
(бітірусіз), онда олардың даму қоры шектелген. Бұл қор, адам 
дамуының бүкіл өмірлік дистанциясы созылғанда қалыптасады. 
Даму кезеңі, бұл кəрілікпен байланысқан болашақты білдіреді, 
яғни кəріліктен белсенді түрде адамгершілік қарым-қатынас тен-
денциясы арқылы шығарады, ол құрмет пен таңдануға байла-
нысты. 
Бұл кезеңнің қызықтысы, кəрілік кезеңде оларда толық əрі 
аяқталған мінез-құлық позициясы жоқ. Геронтолог ғалымдар 
кəрілік – бұл біріншіден, биологиялық феномен, яғни бұл 
психологиялық өзгеріспен бірге жүреді деп санайды. Көптеген 
зерттеушілер оның барлық жоғалу жиынтығы – экономикалық-
əлеуметтік, индивидуалдық болады, яғни бұл даму кезеңіндегі 
автономия болуы мүмкін.
Кəрілік жастағы өзгеріс – биологиялық үдеріс, ол тікелей жас 
мөлшерімен байланысты болып келеді, ал егер əлеуметтік кезең 
болатын болса, адам зейнетке шығады, оның əлеуметтік стату-
сы өзгереді, жүріс-тұрысы өзгереді, соңында психологиялық


330
кезеңінде өзгеріске душар болады. Бұл кəріліктің механикалық 
өзіндік регуляциясын анықтауға негіз болады. Сондай-ақ 
кəрілердің проблемасы – биологиялық жүйенің функционалдық 
сəйкестігі, яғни өзіне лайықты психологиялық жəне өзін қоршаған 
əлеуметтік кеңістігіне бейімделуінсіз бұл орындалмайды. Қартаю 
– бұл жаңа əлеуметтік рөлге көшу, яғни жаңа жүйелік топпен 
өзіндік қарым-қатынас орнайды. Дəл қазіргі уақытта кəрілік 
кезеңіне ғылыми қызығушылық тууда, бұл кезең жайлы білім 
өмірде ешқандай күмəн туғызбайды. Геронтопсихология – бұл 
қазіргі даму психологиясының ең жас бөлімі. Қарттық кезеңнің 
проблемасына деген психологиядағы қызығушылықтың басты 
екі себебі бар. Біріншіден, қарттық кезең жаппай өшу үдерісі емес 
екендігін көп ғылымдар зерттеді. Б. Г. Ананьев геронтологтар 
қарттық кезеңде адам мүгедектік үдерісіне жақын болады, соны-
мен қоса өзге де үдерістер мен мүгедектік күшке қарсы факторлар 
жүзеге асады деген қорытындыға келді, дейді.
Геронтология ғылымы жаппай жəне бір мезгілдегі қартаюдың 
бұрынғы мазмұнын өзгертті, ұзақ өмір сүру проблемасына 
өте үлкен назар аударды. Қазіргі күнде геронтологтар қарттық 
кезеңдегі организмнің өзіндік бейнесін қайта құруын тексеруде, 
ерекше қабілет функцияларының жалпы орынға өтуін сақтайды. 
Витаукт (vita – өмір, aucfem – ұлғайту) организмнің өмірге 
деген қайраткерлігін тұрақтандырады, көптеген өзгерістерді 
қалпына келтіріп жəне олардың орнын толтырады, жаңа қабілет 
механизмдерін құрады. Оның екі себебі бар: біріншісі – даму 
психологиясының қарттық кезеңіне деген қызығушылық; екіншісі 
– қызығушылық пен геронтологиядағы қарттық кезеңді зерттеу 
мен интенсивті дамумен байланысты, əлеуметтік-экономикалық 
факторлар себепшісі болады.
Даму психологиясының 90%-ы балалар психология-
сын зерттеумен шұғылданады. Қарттық кезең бұл өте қиын 
проблемалардың түрі. Геронтология ғылымының дамуына үлес 
қосқан атақты ғалымдардың бірі И.В.Давыдов оның категори-
яларын көрсетті, қарттық кезеңіне жету ешқандай күнтізбеде 
көрсетілмегенін айтады. Сонымен қатар, Еуропа бюро аймағында 
БДСҰ (Бүкілəлемдік Денсаулық Сақтау Ұйымы) қарттық кезеңнің 
басталуы ерлерде 61 мен 74 жас, ал əйелдерде 55 – 74 жас аралығы 
деп көрсетеді.


331


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет