20. Эвтаназия дегеніміз не?
Жауабы: Дəрігердің үмітсіз ауру адамдардың өлімін жүзеге
асыру мақсатында орындалған əрекеті.
21. Қай жас шамасында орта жас дағдарысы орын алады?
Жауабы: Егде кезеңде.
22. Э.Эриксон бойынша жастық шақтағы ұқсастықтың
қай қыры жағымды деп есептеледі?
Жауабы: Интимділік жастық шақтағы ұқсастықтың жағымды
жағы болып саналады.
23. Геронтопсихология дегеніміз қандай бағыт?
Жауабы: Жас ерекшеік психологияның қарттықты, қартаю
кезеңін жəне адамның ұзақ өмір сүруін зерттейтін бөлімі
24. Акмеология қай кезеңді қамтиды?
Жауабы: Адамның барлық күш-қуаты жанданатын кезең.
383
4-ҚОСЫМША
Жас кезеңдеріне байланысты құрастырылған
жағдаяттарды шешу
1-жағдаят
1-сынып оқушысы К. кері жүретін бала. Оқу материалының
күрделілігімен мұғалім баланың үлгерімінің төмендігіне, мінез-
құлық ережесін бұзғанына реніш білдіре бастады. Ақырында К.
құрдастарымен қарым-қатынасында қиыншылық көріне бастады.
Мұндай жағдай немен байланысты болуы мүмкін?
2-жағдаят
Егер балада ата-анаға деген тəуелділік шамадан тыс болса,
оны шектеу керек. Осы мақсатпен ата-ана елемеушілік стратегия-
сын жиі қолданады. Қарапайым түрде баланың жиі жылағанына
назар аудармайды.
Ата-аналар ұстанатын елемеушілік стратегиясы неге əкеп
соғады?
3-жағдаят
Жуырда балалар бақшасының орта буын тобына бұрын
балабақшада болмаған 4 жастағы Санжар келді. Ол ойыншық ма-
шинасымен ойнап болып, оны бөлменің ортасына тастап кетті.
Мұндай жағдайда тəрбиеші не істеуі керек?
4-жағдаят
Мектеп жасына дейінгі балалардың ең сүйікті сабағы кезінде
өздерінің қалауы бойынша, саздан əртүрлі бейне жасау тапсы-
рылды. Бірақ тəрбиеші балалардың жас ерекшеліктерін жəне
4-тоқсан бағдарламасын ескеріп, жеміс-жидектерді, тағамдарды,
жануарды, ертегі кейіпкерлерін мүсіндеуді ұсынды.
5-жағдаят
Балаңыз 11 сынып оқушысы. Ол мамандық таңдауға қатысты
өз шешімін жасап қойған. «Болашақ дəрігермін» дейді. Ал Сіз
болсаңыз балаңыздың медицинаға еш қабілеті жоқ екендігін
нақты білесіз. Тəжірибелі үлкен, жанашыр адам ретінде Сіз
384
балаңызға қалай кеңес берер едіңіз? Оның өз бейімділігіне қарай
мамандық таңдауына қалай бағыттар едіңіз?
6-жағдаят
Кейбір ата-аналардың баласының əрбір істеген іс-əрекетіне
көңілі толмай: «сен істей алмайсың, қолыңнан келмейді», – деп
айтып жататынын байқаймыз. Ата-ананың балаға осылайша баға
беруі дұрыс па?
7-жағдаят
Балаңыз 16 жастағы жасөспірім. Ол қазір өтпелі кезеңді бастан
өткізуде. Жаздыгүні Сіз оған ұялы телефон жəне компьютер са-
тып алып бердіңіз. Енді ол оны айналшақтап, қолынан тастамай-
ды. Тамақтанса да, теледидар алдында да, тіпті сабаққа дайында-
лып отырған кезде де үнемі алаңдап отырады. Сіздің əрекетіңіз
қандай болар еді?
8-жағдаят
Сіздің университет қабырғасынан дос болып келе жатқан
құрбыңыз бар. Құрбы болуға тамаша-ақ, тек бала тəрбиесіне кел-
генде көп қателік жібереді. Баласымен сырласпақ түгіл, мүлдем
түсінісе алмайды. Тіпті, оны түсінуге тырыспайды да. Кез келген
қателігін бетіне басып, ашуға салады. Өтпелі кезеңді басынан
өткізіп жатқан оның баласы, күннен-күнге тұйықталып барады,
іштей агрессивті. Өз үй-ішінен қолдау көрмеген бала, шарасыздан
Сізге келіп көмек сұрайды. Сіз не істер едіңіз?
9-жағдаят
Сіздің 16 жасар қызыңыз жəне 2 жасар ұлыңыз бар. Қызыңыз
биыл 11 сыныпқа келді. Алдында ҰБТ күтіп тұр. Əдетте, үй ша-
руасын тыңдырып, баланы да бағатын үлкен балаңыздың күн
тəртібін енді Сіз қалай өзгертесіз? Балаңызға өз тарапыңыздан
қандай қолдау көрсетіп, оның алдында күтіп тұрған емтиханға
дайындалуына қалай жағдай жасайсыз?
10-жағдаят
Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?
385
11-жағдаят
Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге
келтіресіз?
12-жағдаят
Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр.
Балаңызға қандай кеңес айтасыз?
386
Достарыңызбен бөлісу: |