3. Өзіндік сананы зерттеу
«Тұлғалық дифференциал» (ТД) (В. М. Бехтерев атындағы
Ғылыми зерттеу институтында бейімделген). «Тұлғалық диффе-
ренциал» əдістемесі біздің мəдениетімізде қалыптастырылған
жеке тұлға құрылымы туралы түсінікті бейнелейді.
ТД 21 тұлғалық белгі сұрыпталған.
Сыналушыларға сұрыпталған тұлғалық белгілер бойын-
ша өз-өзін бағалау ұсынылады. Таңдалған белгілер көбінесе
семантикалық дифференциалдың үш классикалық факторы
полюстерін сипаттайды:
1. Бағалау
2. Күш
3. Белсенділік
Тұлғалық дифференциал көмегімен алынған деректер,
адамның өзі туралы субъективті эмоциялық-мəндік түсініктерді
көрсетеді.
Сұрақнаманың «Өзін-өзі бағалау» шкаласы.
Қорытындыларды талдау негізінде екі факторлар арқылы
интегралдық көрсетікіш есептеледі:
a – өзін-өзі қабылдау
b – өзін-өзі қабылдамау
100%
a
S
a b
Орташа арифметикалық жəне стандартты үйлеспеуді есептеу
негізінде өзін-өзі қабылдаудың жоғары, орташа, төменгі деңгейі
бөлінеді.
- СПА сұрақнамасының «Интегралдылық» шкаласы
Нəтижелерді түсіндіру интегралдық көрсеткіштер негізінде
жүзеге асырылады, ол үшін екі шкала бойынша деректер
қолданылады:
396
a – ішкі бақылау
b – сыртқы бақылау
100%
1.4
a
I
a
1) Орташа арифметикалық жəне стандартты үйлесімсіздікті
есептеу негізінде өзі-өзі қабылдаудың жоғары, орташа, төменгі
деңгейіне бөлінеді.
2) Жеке тұлғаның мотивациялық-қажеттіліктің құрамдас
бөлігін зерттеу үшін аяқталмаған сөйлемдер əдістемесі
қолданылды (ДЖ.Нюттен əдістемесі негізінде) [51].
Сыналушыларға келесі сөйлемдерді аяқтау ұсынылды:
1. Мен үміттенемін…
2. Болашақта менің өмірім …
3. Мен жас кезімде ұмтылған…
4. Өз өмірімді саралай отырып ... деп ойлаймын.
5. Өмірімдегі ең жақсы кезең…
6. Мен зейнеткерлікке шыққанымда…
7. Зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін менің өмірім…
8. Мен туысқандарымның…қалаймын
9. Егер…, мен қуанар едім
10. Қарттық – мен үшін…
11. Менің тілегім…
Бұл сөйлемдер сыналушылардың болашаққа, өткенге,
зейнеткерлік демалысқа шыққанына, қарттыққа, туыстарына де-
ген қатынастары жүйесінің қандай да бір дəрежесін сиптатайтын
топтарға бөлінуі мүмкін.
Сөйлемдердің əр тобы үшін, осы қатынастар жүйесін
анықтайтын сипаттамалар қарастырылады:
- жағымды
- кері
- бейтарап
397
Достарыңызбен бөлісу: |