Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-сызба. Дəстүрлі шарттандыру теориясы



Pdf көрінісі
бет16/154
Дата30.11.2022
өлшемі7,97 Mb.
#53646
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   154
Байланысты:
Даму психологиясы (Бапаева М.К.) (z-lib.org) 2

4-сызба. Дəстүрлі шарттандыру теориясы
шартты стимул
шартсыз стимул
шартсыз реакция
сызбасы кейін 


38
5-сызба. Шартты рефлекстерді қалыптастыру үдерісі
шартты стимул
шартты реакция
сызбасына өңделеді. Мінез-құлықты қалыптастыру үдерісі шарт-
ты рефлекстердің қалыптастыру үдерісіне ұласады (5-сызба). 
Б. Скиннердің оперантты үйрену теориясы индивидттің мінез-
құлық репертуарындағы реакцияны тез арада бекіту арқылы жаңа 
мінез-құлықты қалыптастыруға болады деп болжайды. Оның сыз-
басы (6-сызба): 
6-сызба. Оперантты үйрену теориясы
ǵȎǶǮǰ
-áçǴȄá
ǯǩßȄǵǭȄ
ǪǮdzȎǻǼ
dzéȁǮDzǻǼ
(áǩDzǻǩǴǩǼ)
ǵȎǶǮǰ
-áçǴȄá
Оперантты үйретудің дəстүрлі үйретуден ерекшелігі қалаулы 
бейімді мінез-құлықты бекіту мақсатында жүйелі қадағалануында. 
Оперантты үйрету теориясы көптеген тəжірибелік еңбектердің, 
атап айтқанда бағдарламалап оқыту жəне мінез-құлық 
терапиясының бағдарламаларының құрастырылуына ықпал етті. 
Мінез-құлықты түрлендіру мақсатында терапияда жетондар əдісі 
кеңінен қолданылады. Ол бағдарлама түрмелерде, дəрігерлік ме-
кемелерде, мектептерде, балалар бақшасында, яғни мүшелері 
толыққанды жүйелі қадағаланатын мекемелерде қолданылады. 
А. Бандураның əлеуметтік үйрету теориясы жануарлар мен 
адамдарды үйретудегі ерекшеліктерге нұсқайды. Адамның 
үйренуі əлеуметтік еліктеу механизмі бойынша жүзеге асыры-
лады. Егер жануарларда мінез-құлықтың жаңа түрі байқау мен 
қателесу жолымен қалыптасатын болса, адамда – мінез-құлықтың 
əлеуметтік моделін қайталау арқылы жасалады. Адам өзгелердің 
мінез-құлқын бақылау арқылы, олардың қателерінен сабақ ала-
ды. Бандура ол тұрғыны балалардың агрессивтілігінің мысалы 


39
арқылы дəлелдеді. АҚШ-та зорлық пен агрессияға толы фильмдер 
көрсетіле бастағанда, ондай өнімнің балаларға ықпалымен байла-
нысты қоғамның мазасыздығын тудырды. Балалардың екі тобына 
басты кейіпкері агрессивтілік танытатын фильмдер көрсетіледі. 
Бір топ – соңында агрессор жазаланатынын, екінші топ – агрес-
сор жеңіп шығатын фильмдерді көреді. Көрсетілімнің алдында 
балалар ойынының ерекшеліктерін, атап айтқанда агрессияның 
көрініс беру деңгейін тіркейді. Фильмнен кейін ойын бөлмесіндегі 
балалардың мінез-құлқын бақылауға алады. Агрессордың жеңіп 
шығатынын көрген балалар ойыншықтарға қатысты агрессивті 
мінез-құлық танытса, керісінше агрессиялық мінез-құлықтың 
жазаланатынын көрген балалар агрессия көрсеткен жоқ.
А. Бандураның зерттеулері жаңа мінез-құлыққа үйрену үшін 
əлеуметтік модельдің рөлін айқын көрсетті. Ғалым жаңа мінез-
құлыққа үйренудің төмендегідей кезеңдерін көрсетті: мінез-құлқы 
моделінің көрсетілуі, егжей-тегжейлі түсіндіру; баланың модельді 
қайталауы, жаңғыртуы; кері байланыс пен бекітудің дұрыстығын 
бағалау; жаттығулар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет