Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Семинар жəне практикалық сабақтардың жоспары



Pdf көрінісі
бет18/154
Дата30.11.2022
өлшемі7,97 Mb.
#53646
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   154
Байланысты:
Даму психологиясы (Бапаева М.К.) (z-lib.org) 2

Семинар жəне практикалық сабақтардың жоспары
1. Баланың онтогенезде психологиялық дамуының теориялық 
тұрғыдағы екі негізгі белгісіне салыстырмалы талдау.
2. Нативизм мен эмпиризм теорияларының өзара айырма-
шылығын анықтау, мысалдар келтіру.
3. Онтогенез бен социогенездің ұқсастықтар мен айырма-
шылықтарына түсінік беру.
4. Жетілу теориясының мəні.
5. Даму ұғымы туралы теорияларды слайд түрінде көрсету.


42
Студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) 
тақырыптары
1. Психикалық дамудың факторлары.
2. Мақал-мəтелдер – халық психологиясының айнасы (18 
-қосымша).
3. Л. С. Выготскийдің бала дамуын 2 деңгейге бөлуі:
а) «Дамудың өзекті деңгейі»; ə) «Жақын даму аймағы».
Реферат тақырыптары
1. Ортаның бала психикасының дамуына ықпалы. Макроорта 
мен микроорта жəне олардың психикалық ахуалы.
2. Макроорта: əлеуметтік, экономикалық, экологиялық, 
мəдени.
3. Микроорта: отбасы, балабақша мектеп жəне т.б.


43
ІІІ. БАЛАНЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ 
ТЕОРИЯЛАР
3.1. Зигмунд Фрейдтің баланың психикалық дамуы жайлы 
тұжырымдамасы
Жоспары: 
1. Психикалық дамудың қозғаушы күштері
а) Сексуалды мақсаттар мен сексуалды нысандардың да-
муы
ə) Тұлға құрылымының дамуы
б) Қорғаныс механизмдерінің дамуы
2. Психикалық жыныстық даму кезеңдері
1. Психикалық дамудың қозғаушы күштері
З. Фрейдтің тұжырымдамасы – екі факторлы теория бо-
лып табылады. Тұқымқуалаушылық пен орта факторларының 
арақатынастарының 
ерекшелігі – олардың 
адамдағы 
табиғилықтың ығыстырылуында жəне тұқымқуалаушылықтың 
ортамен жаншуымен анықталатын антагонизмі. Адамға 
табиғатынан шекті нұсқасында тұтастылықты құрайтын жəне 
өзара байланысқан əуестіктердің екі түрі тəн. Біріншісі – бұл 
З. Фрейдтің анықтауынша өмірге құмарлық ретінде анықталатын, 
жыныстық əуестік – эрос. Эрос Танатосқа немесе өлімге 
құштарлыққа қарама-қайшы. Эрос тек жыныстық құмарлықпен 
шектелмейді, сонымен бірге өмірге құштарлықты, адамның өзін-
өзі сақтаумен байланыс-ты əуестіктерін де қамтиды. Жыныстық 
əуестік – үйлесімдікке, бірлікке, тұтастылыққа құштарлық 
ретінде түсіндіріледі. Дəл сол мағынасында ол Танатосқа қайшы. 
Жыныстық əуестік либидо қуатына ие. Либидо адамзаттың 
жетістіктерін анықтайтын жəне оның дамуының негізін құрайтын 
адам белсенділігінің қуатын құрайды. Танатос өлімге құштарлық 
ретінде тепе-теңдікке қатысты жалпы бетбұрысты анықтайды: 
адам ғайыптан келіп ғайыпқа кетуі тиіс. Өлімге құштарлық – бұл 
өмірлік циклдің аяқталғандығының көрінісі. Өлімге құштарлық 


44
аутоагрессияда – адамның өз-өзіне бағытталған жойқын күш; 
сыртқа бағытталған агрессия түрінде екі формада көрініс береді. 
Сыртқы агрессия екінші реттегі қуат болып табылады, өйткені 
қоғам адамның жыныстық əуестіктерін қанағаттандыру жəне өзін-
өзі жою жолында, оның табиғи əуестіктеріне кедергі келтіреді. 
Мемлекет, құқық, мораль репрессивті, қорғаушы қызметтерді 
атқарады. Бұл мағынада əлеуметтік орта адамдағы табиғи 
тұқымқуалаушылықты тұншықтырады, оған қайшы келіп, қарсы 
əрекет етеді.
З. Фрейд тұлғаның онтогенезде дамуының жыныстық 
мақсаттары объектілерінің дамуы; тұлға құрылымының дамуы; 
қорғаныс механизмдерінің дамуы сияқты тұлға дамуының негізгі 
үш жолын атап көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет