Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Тұлға дамуының кезеңдерге жіктелуі



Pdf көрінісі
бет30/154
Дата30.11.2022
өлшемі7,97 Mb.
#53646
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   154
Байланысты:
Даму психологиясы (Бапаева М.К.) (z-lib.org) 2

2. Тұлға дамуының кезеңдерге жіктелуі
Э. Эриксон адамның туғаннан дүниеден өткенге дейінгі 
өмірлік циклін қамтитын сегіз жас шамасын көрсетеді (7-кесте).
Нəрестелік, оральды-сенсорлы кезең (туғаннан – 1 жас ша-
масы) тұлға дамуының басты кезеңі болып табылады. Психоа-
нализде баланың дүниеге келуі жарақат ретінде қарастырылады; 
бала қауқарсыз болғандықтан, анасы ерекше қамқор орта-
ны қалыптастырады. «Құдайға теңеуші» рəсім бала мен ана 
қатынастарының тұрақтылығын өзара жақындастықты болжай-
ды. Тану ұқсастырудың ерте түрін білдіреді. 
Жағымды ұстанымды қалыптастыратын мейірімге, əлемнің 
əділеттілігіне жəне тұрақтылығына деген сенім баланың фру-
страцияны кешіруіне жəне болашақтағы дамуына даярлықты 
қамтамасыз етеді. 
Ерте балалық шақ, бұлшық ет – анальды кезең (1-3 жас ша-
масы) автономия, ұят жəне күдіктің арасында таңдау жасауға 
байланысты əлеуметтік-психологиялық дағдарыспен сипаттала-
ды. Бала əрекеттерінің дамуы, оның бұлшық ет жүйесін меңгеруі 
жəне оны реттеуі, тілінің шығуы тəуелсіздіктің дамуына жəне 
«Мен өзім» бағдарын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Баланың 
анасынан алшақтауы жəне оның тəуелсіздікке құлшынысы па-
расатты рəсімде жүзеге асады. Отбасылық тəрбиенің баланың 
тəуелсіздігін қабылдаушы, қолдаушы немесе тыйым салушы 
түріне қарай дағдарыстың шешілуіне ықпал етеді. Бала өзін-
өзі қадағалау сезімін жоғалтқанда немесе қадағалауға қабілетті 
болмағанда, ұят пайда болады. 


71
7-
ке
сте
Тұлға
 дамуының
 к
езеңдерг
е 
жіктелуі
 (
Э
. Эрик
сон
 б
ойынша
)

К
езеңдер
Псих
ологиялық
-
əле
уметтік
дағдарыс
Мəнді
қа
тынас
-
тар
дың
радиусы
Тұлғаның
жағымды
жаңа
лықт
ары
Тұлғаның
жағымсыз
жаңа
лықт
ары
Рəсімделуі
1
Нəре
стелік
(ора
льды
-
сенсор
лы

ке
зең
0 – 1 
жас
шам
асы
Əлемг
е 
база
лық
с
ену

енб
еу
Анасы
Үміт
– 
əлемнің
сенімділігіне
сенім
Ке
ту
, қарым
-
қа
тынаст
ан

іс
-əрек
еттен

əлемді
т
ану
дан
бас
т
арту
Құдайға
теңе
уші
2
Ер
те
ба
ла
лық
шақ
(
бұлшық
ет
-
ана
льды

1 – 3 
жас
шам
асы
Ав
тоно
мия
– 
ұят
жəне
күдік
Ат
а-
ана
-
лары
Ерік
– 
м
ақс
атқа
же
ту
де
күдік
тер
мен
қиын
шылықт
ар
ды
ж
еңу
қабілеті
Бейм
аза
лық
Парас
атты
(
заң
жəне
тəр
тіп
)
3
Ойнайтын
жас
(
ло
ко
м
ото
рл
ы
-
генит
альды

3 – 6 
жас
шам
асы
Баст
ам
ашылдық

күнə
Отбасы
Мақс
аттылық
кеше
уілде
у
Драм
алық


72
4
М
ек
тептегі
ке
зең
(
ла
тентті

6 – 12 
жас
шам
асы
Еңб
екқор
лық
– 
то
лымсыз
дық
Көршілер

мек
теп
Білік
тілік

іск
ер
лік
Инер
ттілік
Ре
сми
(
те
хно
ло
-
гиялық
)
5
Ж
асөспірімдік
ке
зең
(пу
бер
тантты
ке
зең
) 12 – 19 
жас
шам
асы
Эг
о-
ұқс
астық
– 
ұқс
астықтың
ал
м
ас
уы
Құр
дас
-
тарының
тобы
Ада
лдық
Ж
оққа
шығар
у
Идео
логиялық
6
Ж
астық
шақ
(ба
лғындық


енит
альды

20 – 25 
жас
шам
асы
Интимділік

оқша
улану
До
ст
ары

ынтым
ақт
аст
ары
Мах
абба
т
Бірег
ейлік
Топт
асқан
7
Ере
сек
тік
кемелдену
26 – 
64 
жас
шам
асы
Өнімділік
– 
тоқыра
у
Еңб
ек
бөлісі
жəне
ор
тақ
үй
Қамқор
лық
Шеттет
у
Тəлімг
ер
лік

тəрбиеле
уші
8
Қар
ттық
Эг
о-
интеграция
– 
қажу
Адамза
т
Данагөйлік
Ж
ек
көр
у
Фило
софиялық


73
Баланың өз-өзіне деген сыйластығын жолғалтпастан өзін-өзі 
қадағалауы еркін еріктің туындауына ықпал етеді. Беймазалы 
қайталау, мөлшерден тыс ұялу, тəуелділік немесе ашық қарсыласу 
жəне қырсығу рəсімінде анықталады.
Мектепке дейінгі, локомоторлы-генитальды кезең (3-6 
жас шамасы) Эдип кешеніне байланысты қарастырылады. 
Эдип кешені, баланың ата-анасымен қатынасына байланы-
сты күйзелістері мен сезімдері əлеуметтік-психологиялық 
дағдарыстың бастауы болып табылады. Осы жас шамасындағы 
дағдарыстың мəні бастамашылдық пен кінə сезімдерінің 
арасындағы таңдауға байланысты. Ол дағдарысты шешу үшін 
қоғам драмалық рəсімді ұсынады. Негізінен бұл ойын түріндегі 
рөлдік драма – ересектердің өміріндегі қатынастарды ойнап көру, 
модельдеу мүмкіндігі. Ойында тыйымдар болмайды, барлығы 
қалаған адамды ойнай алады. Ойын немесе драмалық рəсім 
əлеуметтік тиымдардың бұзылуымен байланысты кінə сезімін 
күйзелуге қауіп төндірмей, еркін зерттеу жəне эксперимент-
теу мүмкіндіктерін береді. Ойын барысында бала сол рөлдерді 
меңгеріп, өзінің бастамашылдықпен мақсат қою қабілетін дамы-
тады. Бастамашылдыққа қатысты дағдарыс жағымды шешімін 
тапса, мақсаттылық, яғни мақсат қойып, оған қол жеткізуде ба-
рынша күш салу қабілеті қалыптасады. Кері жағдайда кешеуілдеу, 
яғни бастамашылдықтан бас тарту қасиеті қалыптасады. 
Мектептегі, латентті кезең (6-12 жас шамасы) мектепте 
оқудың басталуынан жыныстық жетілудің басталуына дейінгі 
аралықты қамтиды. Эдип кешені алдыңғы кезеңде өз шешімін 
тапқан. Латентті кезең жыныстық дамудың үзілуімен сипаттала-
ды. Сублимация үдерісі орын алады, яғни қуат көзі əлеуметтік 
қалаулы мақсаттарға көшіріледі. Қоғам балалық мəдениетті 
меңгеруге қатысты мақсаттарды қойып, технологиялық 
рəсімделуді ұсынады. Ресми технологиялық рəсім еңбекқорлық 
пен толымсыздық сезімінің арасында таңдау жасауға 
көмектесіп, біліктілікті қалыптастыру міндеттерін орындайды. 
Технологиялардың меңгерілуі пəндердің (тіл, жаратылыстану, ма-
тематика жəне т.с.с.); ынтымақтастық, қарым-қатынас жəне өзара 
əрекеттестік технологияларының меңгерілуін анықтайды. 
Бала адамдармен араласуға, ортақ мақсаттарға қол жеткізуде 
біріккен іс-əрекетті құруға үйренуі тиіс. Оның технологиялар-


74
ды меңгеруі жауапкершілікті сезінуіне ұласып, өзін-өзі шектеу, 
тіптен бағыну қажеттігін тудырады. Аталмыш жас шамасының 
басты жаңалығы – біліктілік (оқуда жəне еңбекте өзге адамдармен 
ынтымақтасу қабілетімен, іскерліктерімен жəне дағдыларымен 
анықталады) болып табылады. Баланың оқу қабілеті оның негізгі 
іскерлігі ретінде шартталады. Екі түрлі нұсқада көрініс беруі 
мүмкін инерттілік – біліктілікке қарама-қарсы қасиет болып табы-
лады. Инерттілік мінез-құлықтың екі түрлі нұсқасына ұласатын 
толымсыздық сезіміне байланысты. Біріншісі – толымсыздық 
сезімінен қуат алған бала барлық аумақтарда бірінші болғысы 
келетін жоғары бəсеке. Екіншісі – міндеттерден, қиял мен фанта-
зияда əрекет етуден, енжар бас тарту.
Жасөспірімдік, пубертантты кезең (12-19 жас шама-
сы) – ұқастықтың қалыптасуының сын кезеңі. Əлеуметтік-
психологиялық дағдарыстың мəні эго-ұқсастық пен ұқсастықтың 
алмасуының арасында таңдау жасауда анықталады. 
Дəл осы жас шамасында Меннің көптеген бейнелері
тұтастыққа бірігеді, Мен маңызды əлеуметтік ортамен мойында-
лады.
Ұқсастық дағдарысы неліктен дəл жасөспірімдік кезеңде 
орын алады? Біріншіден, қауырт соматикалық даму мен 
жыныстық жетілу жағдайына байланысты болады. Жасөспірім 
денесінің түбегейлі өзгерістерін сезіне бастайды, Мен бейнесінің 
жаңа үлгісін қалыптастыру міндеті пайда болады. Екіншіден, 
жасөспірім өзінің өмірлік таңдауын жасау қажеттігін сезіне бас-
тайды. Қоғам да өзі де: «Мен кіммін?», «Мен кім болам?», «Менің 
болашақ мамандығым қандай?» деген көптеген сұрақтарға жауап 
іздей бастайды. 
Осы жас шамасында қалыптасатын жағымды құрылым – 
сенімділік болса, деструктивті құрылым – ұқсастықтан бас тарту 
болып табылады. 
Жастық шақ (балғындық) генитальды (20-25 жас шама-
сы) – əлеуметтік психологиялық дағдарыс кезеңі. Дағдарыстың 
мəні интимділік пен оқшауланудың арасында таңдау жасауда 
анықталады. Эго-ұқсастықтың қалыптасуы Меннің даралығын, 
бірегейлігін, қайталанбастығын сезінуге ұласады. Нəтижесінде 
адамды оның өзін қоғамның қабылдау-қабылдамауына қатысты 
қорқыныш, үрей сезімдері билей бастайды. Дағдарыстың келесі 


75
себебі жыныстық əуестіктер қуатының артуына, жанына жақын 
адамды іздеу, тұрақты жыныстық қатынастарды орнату, отбасын 
құру қажеттілігінің туындауына байланысты.
Махаббат – жастық шақта қалыптасатын жағымды құрылым 
болса, адамның бірегейлігі деструктивті құрылым болып табыла-
ды. Бірегейліктің көрінісін біз өзімізге қатысы жоқ барлық дүниеге 
қатысты туындайтын өшпенділігімізден байқауға болады.
Орта ересектік кемелдену (26-64 жас шамасы) кезеңіндегі 
əлеуметтік-психологиялық дағдарыс тоқырау мен өнімділіктің 
арасында таңдау жасауға байланысты. Бұл кезеңде тұлға əлемде, 
еңбек ұжымында, отбасында орын алған барлық жағдайға 
жауапкершілікті сезінеді. 
Адам отбасын құрып, мамандық таңдап, өзінің жəне 
айналадағылардың əлеуметтік жайлылығы үшін жауапкершілікті 
мойнына алады. Дағдарыстың мəні сол жауапкершілікті 
қабылдауда немесе одан бас тартуда. Егер тұлға жауапкершілікті 
қабылдаса, ол өнімділіктің айғағы. Қомқорлық шеңберінің 
кеңеюі – болашақ дамудың кепілі болады. Өнімділікке қатысты 
қабілеттердің өз шекарасынан асуы дамудың белсенді, өнімді ба-
рысын сақтаудың жалғыз тəсілі болып табылады.
Егер қамқорлық пен жауапкершіліктен бас тартса, сүю жəне 
жақын қатынастарды орнату қабілеті қалыптаспаса, ол белсенді, 
өнімді іс-əрекетке енбеген болса, оған шеттетілу қаупі төнуі 
мүмкін. Шеттету адамның өзіне жəне сыртқы ортаға да бағытталуы 
мүмкін. Қоғамда адамның өз-өзіне қол жұмсауы, зорлық, агрес-
сия, қылмыстардың саны артуда. Сондықтан қоғам шеттету-
ге қарсы арнайы қорғаныс (мемлекет, құқық қорғау орындары, 
əрқилы əлеуметтік қызметтер) құрады. Өнімділігінен айырылған 
тұлға өзінің күш-қуатын жеке басының мұқтаждығына бағыттап, 
дағдарыс орын алып, оның өмірінің мəні жоғалады, шарасыздық 
сезімі туындайды. 
Кеш ересектік, қарттық (65 жастан – дүние салғанға 
дейін) кезең эго-интеграция мен қажудың арасында таңдау жа-
сау дағдарысы орын алатын уақыт. Қарттық кезеңінде белсенді, 
өнімді жəне əлеуметтік іс-əрекет тоқтатылады; дене қуаты 
мен мүмкіндіктері төмендейді, адам көптеген психологиялық 
мүмкіндіктерінен айырылады; ата-аналық қызметтерінің соңына 
жетеді. 


76
Тұлға дамуының өмірлік циклын Э. Эриксон əрбір кезеңі 
өзара байланысқан жəне өзара шартталған біртұтас жүйе ретінде 
қарастырады. 
Э. Эриксонның тұжырымдамасын бағалауда болашақта 
зерттеудің келешегін аша түсетін «қуатты» қырларын айта кеткен 
жөн:

тұлғаның дамуы адамның бүкіл онтогенезін қамтитын 
біртұтас өмірлік циклде қарастырылады;

даму дағдарыстарды жеңудің, туындаған қарама-
қайшылықтарды шешудің диалектикалық үдерісі;

даму көбінде тұлғаның белсенділігімен шартталған үдеріс 
ретінде түсіндіріледі. Даму түзу сызықты əрі бастапқы мезетінен 
бағдарламаланған үдеріс емес;

тұлға мен қоғамның қатынастары тұлғаның жағымды 
дамуы əлеуметтік қатынастардан тыс жүзеге асырылмайтын 
ынтымақтастық қатынастары ретінде анықталады;

жаңалықтардың деструктивті жəне жағымды деп бөлінуі 
тұлға дамуының ықтималды траекторияларының кеңістігін 
анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет