Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет75/154
Дата30.11.2022
өлшемі7,97 Mb.
#53646
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   154
Байланысты:
Даму психологиясы (Бапаева М.К.) (z-lib.org) 2

Екінші қиындық – бастауыш сынып оқушысының сыныптағы 
оқушылармен, ұстаздармен үйлесімді қарым-қатынасын орнату.
Бастауыш сынып оқушыларының тағы бір мəселесі – ол 
балалардың сыныптағы өзара қатынасы. Бұл жерде оқушылардың 


185
сыныптағы қарым-қатынасын үйлестіруші ретінде мұғалімнің 
рөлі ерекше. Бала барлық нəрсеге мұғалімнің көзімен қарайды. 
Балалар ұжымы кейде материалдық жағдайларына байланысты 
бөлінуі мүмкін, мұндай қайшылықтарды мұғалім оңтайлы шешуі 
тиіс. Ондай болмаған жағдайда жақсы ұжым құрып, дұрыс тəрбие 
беруде кемшіліктер жіберіп алу да мүмкін. Мəселен,

адами құндылықтың, адамгершіліктің не екенін 
педагогикалық тұрғыда түсіндіре алмау. Балада адамгершіліктің 
бастауы қалыптаспайды, оған жастайынан үйренбейді;

ақыл-ойдың педагогикалық тұрғыдан дұрыс дамымауы. 
Осыдан барып оқуға деген жалқаулылық, оқығысы, үйренгісі, 
білгісі келмеу туады;

адами əсемдік, сұлулық дегенді білмей, түсінбей өсуі.

баланың 
денсаулығының, 
ақыл-ойының 
кемістігі, 
патологиялық кемшіліктер. Ондай бала тазалық, тəртіп дегенді 
түсінбейді;

баланың еңбекке деген адами құлшынысының жоқ бо-
луы. Жасынан еңбектенбеген адамнан ешқандай жақсы азамат 
шықпайды. 
Үшінші қиындық балалардың отбасымен қарым-қатынасы. 
Мектепке барғаннан кейін бала бұрынғы еркеліктен айыры-
лып, жауапты адамдар қатарына қосылады. Мұндайда ол түрлі 
жағдайларға ұшырауы мүмкін: біріншіден, балаға мектепке 
керекті құрал-жабдықтар алу керек, ол ойыншық алудан күрделі. 
Оның үстіне балаға бақылау күшейеді. Себебі, сабаққа мұқият 
дайындалу керек. Осының барлығы балаға ұнамамауы мүмкін, ол 
тəртіп сақтаудан қашады, тапсырманы дер кезінде орындамайды. 
Осындай жайттардан бала мен ата-ана арасында кикілжің пайда 
болады. Екіншіден, керісінше, балаға жаңа рөл беріліп, сабаққа 
жауапкершілікпен қарайды, көп нəрсені өзі тындырады. Бірақ 
бұған ата-ана дұрыс мəн бермейді де, ол əрекетті баланың ойыны 
ретінде қарайды. Осыны сезінген баланың біртіндеп сабаққа де-
ген ынта-ықыласы төмендей береді. Үшіншіден, бала ата-ананың 
өзінің оқуға деген ықыласына көп көңіл бөлгенін біліп, үстіне 
төніп тұрғанын сезіп, ол да өз шартын алға тартады. Кей жағдайда 
əрбір алған жақсы бағасы үшін ақша талап етуі мүмкін. Төртінші 
қиындық бастауыш сынып оқушыларының үй жұмысын, үйге 
берілген тапсырмаларын орындауда қиналуы.


186
Зерттеуші ғалым педагогтар бастауыш мектеп оқушыларын 
үй жұмысын орындауына байланысты бірнеше топқа, кезеңдерге 
бөліп қарастырады: бірінші топ оқушылары үй тапсырмасын 
көтеріңкі көңілмен, қиналмай орындайды. Мұндай оқушылар то-
бын романтиктер деп атайды, олардың оқуға деген қызығушылығы 
бар. Өздерін ересектер санатына ұстайды. Бірақ уақыт өткен са-
йын, сол балалардың кейбіреуі оқудан жалығып, қызығушылығы 
басылады, үлгерімі төмендей береді. Бірақ сабақты орындау 
міндет екенін біліп, үй жұмысын орындау тек дағдыға айналады.
Екінші топ оқуды, үй жұмысын орындауды салт деп біледі. 
Осылайша балалардың сабаққа деген ынтасына қарай оларды 
үш топқа бөлуге болады: бірінші – ынтамен оқитындар; екінші 
– жалпы үрдіспен оқу керек, ата-ананы, мұғалімді ренжітпейін де-
ген оймен оқу, яғни өзі үшін емес, біреу үшін оқитындар; сабаққа 
үлгере алмай, артта қалып қойғандар тобы.
Осы үш топтың əрқайсысымен өзіндік жұмыс жүргізу – бас-
тауыш сынып ұстаздары мен ата-аналарының міндеті. Бірінші 
топтағы оқушыларды қолдап отырса, екінші топтағыларды 
көтермелеп, ал үшінші топтағыларды бірде міндеттеп, бірде 
мақтап, барлық жағдайда қолдау көрсетіп, көмектесіп оқыту ке-
рек.
Бастауыш сыныптың өзінде балаға ұнайтын, ұнамайтын 
пəндері бар. Қандай бір үздік оқушы болса да, оның өте жақсы 
көретін пəні немесе пəндері болады. Соны əрі қарай дамытқан 
жөн. Оқуда зорлық болмауы керек. Оқуда қажеттілік, білім алуға 
міндеттілік болу керек. 
Бастауыш мектеп жасындағы баланың əлеуметтік мəртебесі 
өзгеріп, ол өзінің іс-əрекетін психологиялық тұрғыдан қайта 
құрады. Осы орайда ол көптеген қиындықтарға тап болады. 
Сол қиындықтарды шешуге мұғалім, ата-ана болып бірлесіп 
еңбектеніп, балаға көмектескен абзал.
Іс-əрекет теориясы (Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, 
А.Н.Леонтьев) бойынша психиканың онтогенезде дамуы заттық 
іс-əрекеттің белгілі бір түрлерінің ұйымдасуымен байланысты 
келеді. Сонымен қатар, А.Н.Леонтьев атап өткендей «іс-əрекеттің 
заты екі түрлі: біріншісі – өзінің дербес тіршілігінде субъектінің 
іс-əрекетін өзіне бағындырушы жəне қайтақұрушы, екіншісі – 
заттың бейнесі, субъектінің іс-əрекетінің нəтижесінде жүзеге аса-
тын қасиеттерінің психикалық бейнесінің өнімі ретінде жүреді».


187
Теориялық сананың негізі аймағында (Д. Б. Эльконин, В. В. Да-
выдов) əрекеттердің жалпыланған тəсілдерін меңгеруіне қатысты 
оқу іс-əрекеті оқушылардың іс-əрекеттің затын бағдарлау мен 
оны қайта жасау тəрізді өзін-өзі бағалаудың негіздерін қарқынды 
игертетін оңтайлы мүмкіндіктерді қамтиды. 
Оқушыларды өз білімдерін дербес тұрғыда жетілдіруге да-
йындау мектептің негізгі мəселелерінің бірі болып келетіндіктен 
оқушылардың оқу үдерісінде белсенді бағытын қалыптастыруды 
ерекше мəні бар мəселеге айналдырады.
Өзін-өзі бағалаудың қалыптасуын анықтауға көмектесетін 
екі фактор бар, олар: баланың айналасындағы адамдармен 
өзара əрекеті жəне баланың өзінің іс-əрекеті. Баланың өзін-өзі 
бағалауының қалыптасуынан орын алатын əлеуметтік қарым-
қатынастар рөлі барынша зерттелген тақырып боп саналады. 
Бастауыш сынып кезеңінде өзін-өзі бағалаудың қалыптасуына 
оқушының оқу үдерісіндегі əлеуметтік-тұлғалық бағытының 
ерекшеліктері, сыртқы бағалардың жағымсыз əсерін жою, оқушы 
мен оқытушы арасында құрылатын қарым-қатынастар жүйесінің 
өзгеруі, оқушыларды үрдістің бағалау іс-əрекеті мен өзінің іс-
əрекетінің нəтижесіне тарту ерекше əсер етеді.
Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауы көп 
жағдайда оқытушының бағасына тəуелді келетінін, объективті 
еместігін, асыра бағалау бетбұрысының байқалатынын, нақты, 
жағдайлы, іс-əрекет нəтижесін көбіне өзінің мазмұнына алаты-
нын көрсетті. Адам өзінің ерекшеліктерін белгілі бір іс-əрекетке 
қатысты бағалайды. 
Бастауыш сынып оқушысының бойында өзін өзі бағалаудың 
қалыптасуына маңызды боп келетін кезеңдер: 
– Оқушының өзін өзгертуге бағытталуына орай, оның 
қалыптасу үдерісінде баланың алдында меңгеру затында өзінің 
алға жылжу шараларын анықтау міндеті туындайды, яғни өзін-өзі 
қоғамдық-тарихи тəжірибені меңгеру субъектісі ретінде тану;
– Оқу іс-əрекетінің құрылымы бір жағынан, меңгеру затына 
бағытталған – оқу міндеттері мен оқу əрекетін, екінші жағынан 
– бақылау мен бағалау іс-əрекет-əрекетінің субъектісі ретінде 
оқушының өзіне бағытталған екі құрамдас бөлікті қамтыған. Бұл 
əрекеттерді де меңгеру бастауыш сынып оқушысының өзінің іс-
əрекеттерін жəне оның бағасын талдау міндетін қояды. 
Д. Б. Эльконин жəне В. В. Давыдов оқу іс-əрекетін оқу 


188
міндеттері, оқу əрекеттері, өзіндік бақылау жəне өзіндік бағалау 
сияқты бірнеше компоненттердің бірлігі ретінде қарастырады.
Өзіндік бақылау – бұл оқу əрекеттерінің сырттан ұсынылған 
үлгімен салыстырылуы. Мектеп тəжірибесінде бақылауға үйрену 
мұғалімге еліктеу арқылы жүреді. Ал бақылау стихиялы түрде сан-
сыз қателесу мен байқау арқылы қалыптасады. Бақылау ақырғы 
нəтиженің негізінде жүзеге асады. 
Өзіндік бағалау – баланың іс-əрекетін жүзеге асырудың əртүрлі 
сатыларында оны бағалауы. Өзіндік бағалаудың екі түрі болады:
1) ретроспективті – іс-əрекеттің жүзеге асқан нəтижелерін 
бағалау (жақсы не жаман істедім бе?);
2) прогностикалық – адамның дербес мүмкіндіктерін бағалауы 
(мен бұл тапсырманы орындай аламын ба?).
Оқу іс-əрекеті мен бала өмірінің басқа қырларына бəсекелі 
қатынастары бар екенін ұмытпаған жөн. Оқу іс-əрекеті автоматты 
түрде жетекшіленбейді. Баланың оқуға қызығушылығы бірнеше 
себептерден жоғалуы мүмкін:
1) оқушының ұстанымы қалыптаспағандықтан, оны сақтап 
қалу үшін ешқандай əрекеттің қажеті болмайды;
2) оқушының ұстанымы оқыту үдерісінің мазмұнымен 
байланыспайтындықтан, нəтижесінде балалардың көпшілігі үшін 
немен айналысқандары емес, жағдайлардың маңызы жоғары бо-
лады;
3) оқу мотивациясының төмендеуі;
Оқу іс-əрекетінің белгілі бір құрылымы бар. Д. Б. Эльконин 
бойынша оқу іс-əрекетінің компоненттері:
Бірінші компонент – мотивация. Оқу іс-əрекеті мотивтелген, 
ол алға жетелейді жəне түрлі оқу мотивімен бағытталады. 
Екінші компонент – оқу тапсырмасы, яғни бала орындау ба-
рысында əрекеттің жалпы тəсілдерін меңгеретін тапсырмалар 
жүйесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет