Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет71/154
Дата30.11.2022
өлшемі7,97 Mb.
#53646
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   154
Байланысты:
Даму психологиясы (Бапаева М.К.) (z-lib.org) 2

Жас ерекшелікті жіктеуде қарым-қатынас дербес іс-əрекет
ретінде анықталады: балалық шақтағы объекті бойынша Б – Е 
(бала-ересек) жеткіншек кезеңінде құрдастарымен Б –Б (бала-
бала).
Адам əлеуметтің ажырамас бөлігі болып табылатындықтан,
оның өмірін жəне дамуын адамдармен қарым-қатынасынсыз елес-
тету мүмкін емес. 
Бастауыш мектеп кезеңі баланың мектеп табалдырығын атта-
уымен байланысты. Бұл кезеңнің шегі алты-жетіден тоғыз-он жас. 
Физиологтардың мəліметтері бойынша 7 жас шамасында бала 
миының үлкен жарты шарларының қабығы біршама жетіледі. Бас-
тауыш мектеп оқушысы əртүрлі денелік ерекшеліктері болады. 
Сүйек жүйесінің қатаю кезеңі аяқталады. Сондықтан мұғалім оны 
ескеру қажет. Олардың психикасы жақсы жетілмегендіктен балаға 
көп жазу жаздырып шаршатпау керек. Жүйке жүйесінің жүйесі 
əлі дамып жетілмеген, 7 жастағы баланың миының салмағы 1250 
грамм. Бұл жастағы баланың танымдық үдерістері тұрақсыз бо-
лып келеді. Оларда ырықсыз зейін басым келеді. Олар өте қозғыш
алаңдағыш болады. Бірақ тəжірбиелі мұғалім жұмысты қызықты 


178
жүргізе білсе, онда бала сабаққа көңіл қоя бастайды, олардың 
жүрек жүйесі толық жетілмегендіктен, сергіту сəттерін өткізу ке-
рек. Бұл жастағы балалар əлі де ойынға қызығып тұратындықтан
сабақты ойын түрінде өткізген дұрыс.
Мектептегі оқу бала дамуындағы əлеуметтік жағдайдың 
өзгеруіне əкеледі. Ол «қоғамдық» субъектіге айналады. Баста-
уыш мектеп кезеңі білімдерді сіңіру, жинақтау кезеңі. Бұл жас-
та балалардың сана-сезімі дамиды: нақты жағдайға байланысты 
бағалау жалпылай бағалауға алмасады, баланың өз-өзіне деген 
сыншылдығы ұлғаяды. Оқу үдерісінде баланың сезімдері өзгереді.
Ойын 
іс-əрекетіне 
деген 
қажеттілік 
сақталғанымен, 
ойындардың мазмұны өзгереді. Бастауыш мектеп жасындағы ба-
лалар ережелері бар, спорттық ойындарға, жарысу элементтері 
бар ойындарға қызығушылық білдіре бастайды. 
Балалардың танымдық іс-əрекеті ырықты сипатқа ие болғаны 
танымның шеңберін кеңейтудің үлкен мүмкіндіктерін аша-
ды. Мəселен, ес ырықтығының көрсеткіші ретінде есте сақтау 
тəсілдері қолданылады. 
Бастауыш мектеп жасындағы баланың ақыл-ой мүмкіндіктері 
жайлы мəселе əр кезеңде əрқилы шешілді. Қазіргі заманғы 
зерттеулердің нəтижесінде баланың ақыл-ой мүмкіндіктерінің 
кеңейгені анықталды. Қолайлы жағдайда балалар абстрактілі 
теориялық материалды меңгеруге едəуір қабілеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет