266
мен таныс болдық. Ол факторларға: ата-ананың іс-əрекеті (жанұя
тəрбие стилі), басқалардың рөлінің маңызы, өзін-өзі бағалаудың
əлеуметтік-психологиялық статусы мен өзара байланысы, өз-
өзіне баға беру мен педагогикалық бағалаудың байланысы жата-
ды. Жоғарыда айтылғанды қорыта келе, біз жасөспірімнің «Мен
– тұжырымдамасына» тəн болатын кейбір ерекшеліктерді бөліп
қарастырамыз.
Жан-жақты араласудың өзін бағалауға қосатын ықпалы зор
болмақ. Жасөспірімнің өзін бағалауында 4 түрлі ықпал болады,
олар: 1) ата-ананың ықпалы; 2) оқытушының ықпалы; 3) сы-
ныптастарының ықпалы; 4) жақын достарының ықпалы;
Жасөспірімнің өзін-өзі бағалауда оқытушылардың ықпалы
орасан зор. Б. Г. Ананьев осының екі жағын ұсынып отыр: бол-
жамалы жəне қайталамалы. Болжамалы түрі жеткіншектің
келешегін болжау оған дұрыс бағдар беру. Жасөспірімдердің
өзін-өзі бағалауына сыныптасы мен қарым-қатынасы жəне
тəрбиешілердің тəрбиесі ықпал етеді. Қайталамалы басқалардың
істеген істеріне еліктеушілік туғызу, сөйтіп бұрынғыны қайталау.
Э. Л. Носенконың зерттеуі жастардың оқу үлгеріммен
өзін-өзі бағалай білуіне арналған. Зерттеулерге қарағанда
жасөспірімдердің
өзін-өзі
бағалауы
мінез-құлықтың
қалыптасуына, оқу үлгеріміне, болашақта істейтін істеріне үлкен
үлес қосады. Өзін-өзі бағалайтын жасөспірім жан-жақты ой-өрісі
жақсы дамыған, жақсы болып өседі. Ал өзін-өзі бағаламайтын
балалардың ой-өрісі таяздау, оқу үлгерімі нашар, ынжық болып
өседі. Олар өздерін өзгеден əлсізбіз деп ойлағандықтан, тəуекелге
тез бара бермейді. Сондықтан мінез-құлқы тұрақсыз болады.
Жасөспірімдердің өзін-өзі бағалаудың 1-стадиясы 10-11 жаста
өзіне тəн, яғни өзіне-өзі қарым-қатынасы. 2-стадиясы 12-13 жас-
та, ең алдымен құрбыларының, қоршаған ортаның бағалауына
тəуелді. 3-стадия 14-15 жаста, «оперативті өзін-өзі бағалауы» пай-
да болады. Нақ осы уақытта жасөспірім өзіне қарым-қатынасы
анықталады. Бұл өзіндік бағалау жасөспірімнің өзінің тұлғалық
ерекшелігін, анықталған нормалармен мінез-құлықтың формала-
рына негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: