Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет100/154
Дата30.11.2022
өлшемі7,97 Mb.
#53646
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   154
Байланысты:
Даму психологиясы (Бапаева М.К.) (z-lib.org) 2

Жасөспірім кезеңіндегі өзін-өзі бағалаудың дамуы. Балалық 
шақ кезеңінде өзін-өзі бағалауын анықтайтын көптеген зерттеу-


272
лерге қарамастан кейбір зерттеушілер мұны жасөспірім кезеңнің 
жаңалығы деп санайды. Өзін-өзі бағалау жүйесі кеш пайда болған 
жəне оның нақ іске асырылуы жасөспірім кезеңінде белгіленіп 
отыр дейді зерттеушілер. Жас бала мен жасөспірімнің өзін-өзі 
бағалау ерекшеліктерін суреттеу кезінде зерттеушілер бірауыздан 
келісімге келді. Бала кезінде оларға тұрақсыздық жағдайға мо-
йынсұнуы тəн. Жасөспірім кезеңіне лайық тұрақтылық, жан-
жақтылық.
Жасөспірімнің ақыл-есінің даму үдерін суреттеген С. Л. Рубин-
штейн, бірнеше кезеңнен өткізіп отырды – аңғырт түсінбеушіліктен
анық жəне өзін-өзі бағалауға қабілетті болғанға дейін.
Ақыл-санасының даму үдерісінде жасөспірімнің бар назары 
тұлғаның сыртқы бейнесінен ішкі жан-дүниесіне аударылады. 
Жеке қасиеттерден – мінездің тұтастығына өзінің өзгешелігімен 
жəне бағалаудың рухани, идеологиялық масштабтарына ауысу-
мен ақыл-сананың байланысы бар. Осының нəтижесінде адам 
өзін-өзі жоғары деңгейдегі тұлғамын деп таниды.
Өзін-өзі бағалау – тұлғаның негізгі жасалымы. Ол тұлғаның 
əлеуметтік үйрену деңгейін анықтап отырады, тұлғаның іс-
əрекетін бағыттаушы құрал. Өзін-өзі бағалау о бастан пайда 
болған нəрсе емес екенін естен шығармауымыз керек. Өзін-өзі 
бағалау іс-əрекет жасау үдерісінде жəне өзара қарым-қатынас 
жасау арқылы қалыптасады. Тұлғаның өзін-өзі бағалауының 
дамуына қоғамның да əсері зор. Адам өз-өзіне деген көзқарасы 
кеш пайда болады. Бірақ, осыған қарамастан, тұлғаның өзін-өзі 
бағалауының орны бөлек. 
Өзін-өзі бағалаудың барабарлығы. Жасөспірім кезеңінде өзін-
өзі бағалаудың барабарлығы бірте-бірте жоғарылайды дейді көп 
зерттеушілер. Р. Бернс оны былай түсіндіреді: маңыздылығы бар 
көрсеткіштер бойынша жасөспірімдер өздерін төмен бағалайды, 
өйткені ол шындыққа жанасады. Ал кішкентай балалар керісінше, 
өздерін жоғары бағалайды.
В. Кваде, В. П. Трусов жасөспірімдердің бағалауының қажет 
индикаторлардың неше түрлі типтерінің мəлімдемесін береді. 
Жасөспірім келешекте таңдайтын мамандығын анық біліп, 
мұғалім тарапынан тəртібі, іс-əрекеті жоғары бағаланып отырса, 
олар барабарлық бағалауының болжамы болмақ. Жасөспірімнің 
қылығына, іс-əрекетіне құрдастары төмен баға берсе, онда оның


273
өзін-өзі бағалауы жоғарылайды. Ал өзін-өзі төмен бағаласа, онда 
ол психологиялық тұрақтылығының төменділігінің белгісі.
Өзін-өзі бағалаудың динамикасы. Жасөспірімнің өзін-өзі 
бағалаудың мазмұндығы өзгерістердің болатыны анық. Дəл осы 
кезеңде анық, толық емес бейнеден бірден өзі туралы толық 
түсінетін «Мен тұжырымдамасына» ауысуы орын алады. Бала 
кезінде өзінің бойынан көп қасиет көре алмаса, жасөспірім
жасында өзі танып білген қасиеттері екі есе көбейеді. Жоғарғы
(үлкен) сынып оқушылары өздеріне баға беру кезінде жан-
жақты тұлғалық қасиеттерін қамтуға тырысады, сонда олардың 
өзіне-өзі баға беруі толық болады. Өздерінің кемшіліктерін де 
талдап үйренеді. Жасөспірімдер өздері жайлы айта отырып
көңіл-күйлерін, өмір сүру, қуаныш сезімін білдіріп отырады. 
Жасөспірімдердің қасиеттерін оқу ісінде, басқа да сүйікті істерін 
атқару кезінде ашып білуге болады. Олар өз-өздеріне идеал-
ды баға беруге тырысады. Бірақ идеалды бағалау мен шынайы 
бағалаудың айырмасы үлкен. Көптеген жасөспірімдерге бұл 
көрсеткіш өте ауыр тиеді.
Неше түрлі зерттеулердің нəтижесінде мынаны байқауға бо-
лады: жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау мазмұнында мынадай 
маңызды моральдық қасиеттердің орны ерекше болып тұр, ол – 
мейірімділік, адалдық, əділеттік. Өздерін жоғары деңгейлі сыннан 
өткізу арқылы жасөспірімдер өз бойындағы көптеген жағымсыз 
қасиеттерді таба біледі жəне солардан арылу керек екендігін
сезінеді. Сонымен, жоғарғы сынып оқушысының «Мен» 
бейнесін суреттеуде қарым-қатынас, жергілікті интеллектуалдық 
қасиеттері маңызды болып табылады. Жасөспірімнің өзіне деген 
көзқарасының негізі болып келетін осы қасиеттердің маңызы зор.
Өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, өз-өзін құрметтеуінің іске асуы 
жасөспірімге айналасындағы адамдардың əсер етуіне байланыс-
ты. Жасөспірім үшін айналасындағы адамдардың бойындағы 
қасиеттердің барлығы үлгі тұтарлықтай.
Қыз балалардың өзін-өзі бағалаудың мазмұны көп жағдайда 
олардың басқалармен өзара қарым-қатынасының бағалауына бай-
ланысты.
Жасөспірімдер өздерін сыннан өткізе отырып, басқалардың 
ортасында ол қандай, өзгелермен қаншалықты ұқсас дегендей 
сұрақтарға жауап табуға тырысады. Бозбалалар жеке идеалына 


274
сүйене отырып, мынадай сұрақтарға жауап іздейді: өзгелердің 
алдында мен қандаймын, менің олардан қандай айырмашылығым 
бар жəне қаншалықты ол өз идеалына жақын. Кейін өз-
өзіне баға беру толғанысы өзгелердің неше түрлі баға беруі, іс-
əрекеттерінің нəтижесімен анықталады. Бозбала өзі үшін жəне 
өзгелер үшін мəнділігін, маңыздылығын табуға бағытталған ой-
толғаныс болмақ.
Физикалық бейне жəне өзін-өзі бағалау. Осы кезеңде 
басқа бір адам жасөспірімнің өмірінде ерекше орын алады. 
Бұл жасөспірімдердің басқа адамның сыртқы кейпін бақылау 
ерекшелігіне байланысты. Басқаларды қабылдау, түсіне білу 
арқылы ол өзін-өзі түсінуге үйренеді. Бұл жерде де реттілік 
сақталады: біріншіден, тек сыртқы, физикалық мінездемелері 
қабылданады, содан кейін барып тұлғалық қасиеттер, жан-дүниені 
суреттейтін қасиеттері жасөспірім бойында қалыптасады . 
Жасөспірімнің өзгенің физикалық кейпін қабылдауы өзін-
өзі қабылдауына əсер етеді. Дəл осы жас кезеңінде адамның 
ағзасында неше түрлі өзгерістер болып жатады. Жасөспірімнің сырт 
бейнесі, физикалық кейпі оны қатты толғандырады. Достарының, 
құрдастарының ортасында белгіленген бір стандартқа сай 
болуға тырысады, өйткені ол жасөспірімнің топтағы мəртебесін, 
қоғамдағы рөлін анықтайтын маңызды фактор болып табыла-
ды. Сырт кейпінің ерекшелігін сезінген жасөспірімнің бойында 
тұлға үшін маңызды көптеген қасиеттер дами бастайды. (мыса-
лы: өз-өзіне деген сенім, тұйықтық, даралық, шаттық).
Өзін-өзі бағалау күші жəне тұлғаның қасиеттері. Жасөспірім 
өзін-өзі бағалауға тұлғаның белгілі бір қасиеттерінің дамуын 
көздейді. Мысалы: оның барабарлық деңгейі жасөспірімде өз-
өзіне деген сенімді күшейтеді, өз-өзіне сын айту, табандылық не-
месе өзіне сын айтпау қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. 
Бағалау күшінің оқу мен қоғамдық белсенділікпен байланысы 
бар.
Өз-өздерін бар жағынан жоғары бағалайтын
жасөспірімдердің оқу үлгерім деңгейі де жоғары, олардың 
қоғамдық жəне жеке мəртебесі жоғары деңгейден көрінеді. 
Мұндай жасөспірімдердің қызығушылық өрісі кең болады, 
олардың белсенділігі неше түрлі қызмет атқаруға бағытталған, 
сондай-ақ, тұлғалық қарым-қатынастарды өзін де, өзгені де бар 


275
жағынан тануға, танытуға бағыттайды. Өз-өздеріне жоғары баға 
беретін жасөспірімдердің қызмет түрлері шектеулі жəне үрейлікке 
де өзін бағыттайды, бірақ мəнсіз, бос, бекер үрейлік болып табы-
лады.
Агрессивті жасөспірімдер өз-өзіне соңғы баға беруімен 
суреттеледі (не жоғарғы оң баға, не жоғарғы кері баға). Үлкен 
əлеуметтік қарым-қатынастан үрейленуі, қиын жағдайдан шыға 
алмай қалатындығынан қорқуы, осының барлығы агрессивті 
жасөспірімнің ерекше үрейлілігін суреттейді. Өздеріне төмен 
баға беретін жасөспірімдер көбінесе күйзелістік тенденцияларға 
ұшырасып жатады дейді, көптеген зерттеу қорытындылары. 
Кейбір зерттеулер бойынша өзін-өзі төмен бағалауы күйзелістік 
реакцияға əкеліп соғады немесе оның себебі болып табыла-
ды. Кейбір зерттеулерге көз жүгіртсек, олардың қорытындысы
мынадай: бірінші күйзелістік аффект пайда болады, содан соң 
ол өзін-өзі төмен бағалауға ұласып кетеді. Біз білетіндей сегіз
жастан бастап балалар əртүрлі саладағы жетістіктеріне баға беру 
қабілетін танытып жатады. Солардың ішінде ең маңызды бес 
өлшем, олар: мектептегі сабақ үлгерімі, сырт көрінісі, физикалық 
қабілетті, тəртібі жəне əлеуметтік қабылдануы болып табылады. 
Бірақ жасөспірім кезеңінде оқу үлгерімі жəне тəртібі тек ата-ана 
үшін бағалауға қажет болып қалатын өлшем. Ал қалған үш өлшем 
– достары үшін.
Психология мəселелерімен айналысып жүрген психолог-
тардың бірі Н. Ф. Добрынин былай деп жазады: адамның жас 
ерекшеліктері тек дене мүшелерінің өсіп-дамуымен ғана беріледі 
деп есептеуге болады. Сонымен қатар адам өскен са-йын оның
білімге, өз-өзіне, айналасындағы тіршілікке деген көзқарасы 
өзгеріп, солардың құндылығы да өзгере түседі. Неге құндылығы, 
маңыздылығы өзгереді дейміз, өйткені адам есейген сайын оның 
сұранысы, көзқарасы, қызығушылығы, пікірі өзгеріп отырады. Бұл 
құндылықтың өзгеруі – адамның оны қоршаған қоғамдық орта-
мен қарым-қатынасына байланысты болып келеді. Ол сол қоғамда 
өмір сүреді, тіршілік етеді, білім алады. Осы қоғамдық қарым-
қатынастарға еніп қана қоймай, адам сол қарым-қатынастардың 
бір бөлігі болып табылады.
Дəл осы жаста жасөспірімге, бозбалаға тəн нəрсе болатын, 
ол өз-өзіне деген көзқарастың өзгеруі. Бозбала кезеңін зерттеу 
кезінде қозғаушы, себеп болған осы ұғым. Осы кезеңде жастардың 


276
бойына анатомиялық-физиологиялық өзгерістердің болуымен
қатар, өз-өзіне деген көзқарасында да өзгерістер болып жатады. 
Бозбала кезіне тəн ерекше бір белгілер бар. Бұл кезеңде ерекше 
физикалық дамуының жəне өсуінің болып жататынын айтып кет-
кен жөн.
Жасөспірім кезеңінің соңына қарай адам бойының өсуі, 
салмақ қосуынан жоғарылай түсуі азаяды. Жақсы дамып жатқан 
жігіттің дене мүшелерінің бөлшектерінде ешқандай сəйкессіздік 
байқалмайды, жасөспірімнің қимылына тəн икемсіздік пен 
сəйкессіздік байқалмайды. Бұлшық еттері де өседі, оларды 
шынықтырып, ширатып алса, қара күшке салатын жұмыстарды 
атқаруға болады. Жыныстық жетілуінің алғашқы кезеңінде бо-
латын қиыншылықтар мен үрейлілік сезімі бірте-бірте жойы-
ла бастайды. Жыныстық жетілуде жігіттер үшін бұрынғыдай 
қорқынышты нəрсе болмайды. Жасөспірім үшін жаңа əсер, 
сезім, үрей, түсініксіз де əрі күтпеген жағдай болушы еді. Ал 
жігіт оларға үйренген, бұрынғыдай қатты мазаланбайды, өйткені 
олардың мəнділігі төмендеп барады. Жасөспірім кезеңінде 
осының барлығын түсінемін деп жұмсаған күш-қуаты азаяды да, 
ішкі күштері көбейе түседі.
Жоғары айтылғандарды жинақтап, мен мынадай қорытын-
дыға келдім: жасөспірім кезеңінде адам бойының, салмағының 
өсуі бірінші кезекті маңыздылық болып жатса, жігіттік кезеңде 
бұл аса маңызды емес болып есептелінеді. Олар өз маңыздылығын 
жоғалтпайды, жай ғана екінші орынға түсіп қалады. Бұл туралы 
И. С. Конда жазған болатын, бірінші орынға ақыл-ес қабілеті, 
білімі, іскерлігі, дағдылығы қойылады, – дейді ол. Сыртқы
пішінін əрлеу, шаш үлгісін жасау, спортпен шұғылдану арқылы 
жақсартады, кемістіктер білінбей кетеді. Сыртқы пішін адамның 
ішкі жан дүниесімен үйлесім тапқанда, яғни тəн сұлулығы мен жан 
сұлулығы үндесіп келсе ғана маңызды. Жігіт тек сыртқы көріністі 
бағалаумен шектелмейді, ол адамның жан дүниесіне де көңіл бөле 
бастайды. Оның құрдастары да сыртқы көрінісінен гөрі, адамның 
жеке қасиеттеріне көңіл аудара бас-\тайды. Осы жас кезеңде адам 
басқаларды мына мақаладағыдай бағалайды: «Киіміне қарап 
қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады». Адамның киімі, 
түрі ешнəрсе айтпайды. Адамның адамдық қасиеттерін оның 
жан дүниесінен танисың.
И. С. Конға қайта оралсақ, жігіттің «Мен» бейнесінің жəне 


277
ақыл-санасының дамып жетілуін түсінікті əрі дұрыс сипат-
тап берді. «Жігіттің ақыл-санасының өсіп-дамуы» жəне өзінің 
«Мен» дегеніне қызығушылығы тек қана жыныстық жетілумен
байланысты емес дейді психологиядағы биогенетикалық ұғым. 
Өтпелі кезеңге дейін бала өсті, өзгеріп тұрды, күш жинады, 
бірақ интроспекцияға деген ұмтылыс болмайтын, сол жағдай 
енді болып тұрса – бұл заңды, өйткені ер жету, жан-жақты жетілу 
ол үлкейгендіктің, ержеткендіктің белгісі болып табылады, 
мұны барлығы назарда ұстап, бақылап отырады. Жасөспірімнің 
жағдайына қайшы келетін, оның қоғамдық рөлінің ауысуы жəне 
талаптану деңгейінің өзгеруі – ең бірінші кезекте «Мен кіммін?»
деген сұрақтың өзекті мəселері. 
Осы кезеңде сыртқы басқарудан өзін-өзі басқару жүйесіне
ауысу əрекеті орын алады. Кез келген басқармада өзінің нысана-
сы (объектісі) туралы мəліметі болу керек. Өзін-өзі басқару кезінде 
де субъектінің өзі туралы мəліметтері болуы тиіс, яғни өз-өзін та-
нуы. Ерте жігіттіктің құнды бір жетістігі – өзінің ішкі əлемін (жан 
дүниесін) ашуы, өзінің жан дүниесін ашу, білу – өте маңызды 
да, қуанышты да, толғандыратын жағдай, бірақ ол үрейлілік, 
драмалық сезім тудырмайды. Өзінің басқаға ұқсамайтындығын, 
жеке-дара екендігін, қайталанбайтындығын сезінген жігітке 
жалғыздық сезімі қосыла келеді. Жігіттік «Мен» əлі анық емес, 
белгісіз, пішінсіз болып келеді, бұл жай мазасыздық немесе ішкі 
дүниенің бостығы деп ұғылады. Міне, осы бостықтың орнын 
бір нəрсемен толтыру керек. Ал, ол үшін қарым-қатынас жасау 
қажеттілігі жоғарылай түседі жəне байланыстың сайланушылығы, 
жалғыз қалу қажеттілігі пайда болады. «Қызық бір сезім мені ма-
залайды» – деп сегізінші сынып оқушысы өз күнделігінде жазған.
«Мен жалғыздықты сезінемін, бұрында мен қоғамның назарын-
да, алдында едім, ал қазір олай емес. Бірақ таңғалдыратыны мені
ешкім ренжітпейді, өкпелетпейді жəне де бұл жағдай мені аса ма-
заламайды. Мен жалғыздықты ұнататын болдым. Басқалардың
менің өміріме араласуын қаламаймын, басқаларға деген орын 
жоқ: мен не үшін өмір сүремін? – деп ойламайтынмын. Ал қазір
менің өмір сүргім келеді». Бұл қыздың мектептегі, үйіндегі 
жағдайы жақсы, қоғамда белсенді. Оның жалғыздық сезімі ту-


278
ралы жазып отырғаны – əдеттегі құбылыс, ішкі өмірдің бар
екендігін растайды. Кейде осындай уайым, толғаныс ауыр
тиеді.
Тұлғаның қалыптасуына өз-өзі туралы толық суреттеуіне
енгізіледі. «Мен» бейнесі (кейде оны «Мен» түсінігі неме-
се «Мен тұжырымдамасы» деп атайды) – дегеніміз күрделі
психологиялық құбылыс, ол тек өзіндегі қасиеттерді сезіну
жəне өз-өзіне баға берумен шектелмейді. «Мен кіммін?» деген 
сұраққа жауап беруде тек өз-өзіңді бейнелеп, суреттеп беру емес 
екендігін білу керек, бұл сұрақтың жауабы өз-өзіңді анықтауы 
болмақ. «Мен кім бола аламын жəне кім болуым керек, менің 
мүмкіндіктерім жəне перспективам қандай, мен не істедім жəне 
бұл өмірде неге қол жеткізе аламын?» – осы сұрақтардың жа-
уабы «Мен кіммін?» деген ұғымды аша түседі. Ары қарай өз 
ойымы Н. В. Добрыниннің сөздерімен жалғастырмақпын, өмірге 
араласу тек қоғамның қатысуымен болатынын жігіт жақсы 
түсінеді, ұжымдық қызмет ету жағдайында болады, оның қарым-
қатынасты қажет ететіндігі ұжымның өмірімен байланысты бола-
ды. Атап айтқанда, ұжым оған өз қабілетін көрсетуге мүмкіндік 
береді. Ауызбірлігі бар, тату ұжым жігіт үшін үлкен бір күш 
сияқты. Сол күштің арқасында ол барлық нəрсеге қол жеткізкізуге 
тырысады. Бір жағынан, ұжым жігітке тіреу болып, қолдау 
көрсетеді. Ал сонымен қатар, ұжымның жігітке қоятын талабы 
аз емес. Ол үнемі өз-өзінің танымдылығын кеңейтіп, қабілетін, 
мүмкіндіктерін арттыру мақсатында үнемі еңбектенуі қажет. 
Өзін-өзі меңгеруі, жігерін меңгеру, сезім мен мақсатын менгере 
білуі – бұл да жігіттің өз алдына қойған мақсаты. Өзін-өзі таны-
мы, өзін-өзі бақылау мүмкіндіктерімен байланысты. Жігіт өзінің 
қайратын, күш-жігерінің дамуына көп көңіл (мəн) бөле бастайды. 
Адамның мінезін көрсететін неше түрлі мүмкіндіктер бар. Жігіт 
те өз мінезінің ерекшелігін ой елегіне салып, талдау жасайды. 
Өз мінезін қалай қалыптастыру керек екенін, өз қабілетін қалай 
дамыту керек екендігін енді түсіне бастайды. Сонымен бірге, 
ол өзгелердің келешектері мен жетістіктерін ажырата бастай-
ды, əсіресе өзінің жолдастарының жақсы, жағымсыз жақтарын
байқап жүреді. Жолдастарымен пікір алысып, ой-тілегімен
бөлісіп, неше түрлі тақырыпта айтысып, шындық іздейді. Міне, 
жолдастарының ортасында жүріп, ойнап, уақыт өткізуде. Үрейлік 
тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді. Осы кезеңге сын мен өзара 


279
сын лайық болып табылады. Олар қажетті жаққа бағытталуы
керек жəне ұсақ ұрыс-керіс ренішке айналып кетпеуі керек.
И. С. Конның жəне Н. В. Добрыниннің сөздерінен жігіт 
тұлғасының психологиялық жағдайы туралы қорытынды жасауға
болады. Мінез ерекшеліктері анықталып, тұрақталған, қабілеті,
темпераменті бір қалыпқа келген. Физиологиялық өзгерістерден
«бір құнды жетістік пайда болуы, ол өзінің ішкі əлемінің ашы-
луы» байқалады. Сыртқы басқарудан өзара басқаруға өтуі. Өзара
басқаруды жүргізу үшін оған мəлімет қажет, сол мəліметті жігіт 
өзінің ішкі əлемінен (жан дүниесінен) іздей бастайды. Ой-
толғаныс арқылы өмірде əр адамның өз арман-мақсаты болаты-
нын түсіне бастайды. Сол мақсат-мұратына жету, өзін жақсарту
үшін адам өзін жақсартуы керек, бойына тек жақсы қасиеттерді 
жинауы, дамытуы керек. Жоғарғы сынып оқушыларында тек қана 
жеткілікті білім қоры бар деп айту дұрыс емес. Олар сол білімін 
жүйелеуге, реттеуге ұмтылыс жасайды. Осы кезеңде теориялық 
білімге деген қызығушылығы арта түседі, факторды қорытуға 
тырысады, жалпы принциппен заңдылықты орнатқысы келеді. 
Жоғарғы сынып оқушысының өзара ақыл-санасының даму 
деңгейі жоғары болғандықтан, оны өзара тəрбиелейді.
Түрлі зерттеу нəтижесінде мына жағдайды аңғаруға болады: 
төменгі сынып оқушылары өздерінің іс-əрекеттеріне баға бере
алады, бірақ өзінің тұлға ерекшеліктерімен іс-əрекеті арасында
байланыс орната алмайды. Өздерінің іс-əрекетін, тəртібін сыртқы
жағдайлармен байланыстырып түсіндіреді. «Сен неге үнемі
сабақ үстінде тəртіп бұзасың?» деген сұраққа олар былай жа-
уап береді: «Жандос маған қарап көзі-басын тыржитты, мен соған
қарап күліп жібердім, содан соң қалай орманға барғанымызды 
əңгімеледім». Бұл жағынан жасөспірімнің жағдайы өзгеше, ол
іс-əрекет пен тұлғалық ерекшелік арасында байланыс орната
алады. Оларға келесі түрдегі себептер тəн: «Мен қараңғылықтан 
қорқамын, «аттан» секіруге тырысамын, өйткені менің ерік-
жігерім əлсіз». Бірақ жасөспірімнің өзі туралы толық, жинақы, 
тұрақты пікірі жоқ. Өз мінез-қылығындағы мəнді, мəнсізді 
толық ажырата білмейді, жасөспірімнің өзара тəрбиеленуінде 
өзіндік мінез қалыптаспайды, ол əртүрлі жағдайға байланысты 
қалыптасады. Өзін-өзі анықтап білу қажеттілігі, жоғарғы сынып 
оқушысын өзі туралы білімін жүйелеп, қорытуға итермелейді.
Жігіттер мен бойжеткендер өз мінездерін, сезімдерін, іс-


280
əрекетін, қылықтарын толық ашып, анықтап алуға тырысады. 
Өздерінің қасиеттерін дұрыс бағалауға тырысып жатады. Олар 
мұғалімнен: «Өз мінезімізге дұрыс баға беру үшін мінезімізді 
қалай білеміз?», «Денсаулығы нашар адамның мінезі қайратты 
болуы мүмкін бе?», «Көптеген дарынды, талантты, ақылды 
адамдардың мінезсіз, əлсіз болуын қалай түсіндіруге болады?», 
«Жаман əдеттерден қалай арылуға болады?» сияқты сұрақтарын 
түсіндіріп беруін сұрайды.
Жоғарғы сынып оқушыларының өзара тəрбиелеуінде
қиындықтар кездесіп жатады, өйткені осы жасқа тəн қарама-
қайшылық болып тұрады, солардың ішінде жиі болып тұратыны:
1. Өзара тəрбиелеуде артық күш-жігер салуға ұмтылады, бір 
жағынан ата-аналары ұсынған өзара тəрбиелеудің тəсілдерін 
қолдамайтындығы;
2. Ұжымның тарапынан берілген бағаны түсініктілікпен 
қабылдайды да, сол бағаны ескермегенін көрсеткісі келіп, өзінің
ойындағысын істейді («ақыл-кеңес беріп жатады, маған оның 
керегі жоқ, қалай өмір сүру керек екенін өзім де білемін» деген-
дей);
3. Идеал болуға ұмтылысы жəне үлкен жауапты істе принцип 
ұстап, ал шағын істе принципсіздікті ұстанады;
4. Өзінің бойында төзімділік, сабырлылық, өзара игеру 
қасиеттерін қалыптастыруға тілек білдіру, ал сонымен қатар 
балалық төзімділігінен, тəртіптік ырықсыздығынан, сөйлеу 
ырықсыздығынан кішкентай ренішті асырып көрсетуі
байқалады; 
Өзара тəрбиелеуге жоғары сынып оқушылары аса 
жауапкершілікпен қарап, олар да үлкендер тарапынан көмек 
болғанын қажет етеді. Бірінші кезекте олар мұғалімдер
мен сынып жетекшілерінен көмек, ақыл-кеңес сұрайды. Өзара 
тəрбиелеуде не нəрсеге назар аударып, көңіл бөлу керек екенін 
айтып, үлкендер əрбір тəрбиеленушілеріне ақыл беріп жатады. 
Өзара тəрбиелеу тек жеке-дара, өтуі шарт емес. Жоғары сынып 
оқушысы достарымен бірігіп, ұйымдасып, ортақ жоспар құрып, 
бірін-бірі бақылауға ала отырып, өзара тəрбиелеу мақсатына 
жетуге жақындай түседі. Өзара тəрбиелеу, өзара бағалаудың 
нəтижесінде жігіт өзінің бойында дамытып, тəрбиелегісі келетін 
қасиеттерді ғана таңдайды. Жігіт өзін жан-жақты бағалау бары-
сында бағаны жоғарылатып немесе төмендетуге бармайды.


281
Өзін əділ бағалауға тырысады. Өзіне барабар баға бере отырып, 
жоғары сынып оқушысы өзіне ұнайтын қызықты мамандықты 
таңдай алады, оған əр пəннің бағалары аса маңызды емес, жоғары 
сынып оқушысы өзін-өзі төмен бағаласа, оның да бір тигізер пай-
дасы бар. Ол өзінің кемшіліктерін біліп, өз-өзіне қаталдықпен 
қарап, сол кемістіктердің болмауы үшін іс-əрекет жасап, өз-
өзін тəрбиелейді. Бойына тек жақсы қасиеттерді сіңіріп, өмірде 
тек өз орнын іздейді. Ал өзін-өзі жоғары бағалаған жағдайда, 
оның нəтижесі мүлдем кері болмақ. Ақыл-сана қабілеттілігі 
ғана жоғары бағаланып отырмайды. Жоғары сынып оқушысы 
кез келген ақылмен істейтін жұмыста ең алдында «Мен» бо-
ламын дегеніне сенгісі келеді. Ол спорттағы жетістіктерімен, 
айналасындағылардың ол туралы пікірімен де солай болады деп 
ойлайды, бірақ ол тек бір рет болатын жағдай. Өзін-өзі дұрыс 
қабылдамауға əкеліп соғады. Жігіт өзінің бойынан мін таппайды, 
менде бəрі жақсы, ал кемістіктерім болып жатса, жетістіктеріме 
қарағанда түк емес деп ойлайды. 
Бұл өзара бағалаудың қалыптасуының бір жағы ғана, екіншісі 
– ол жігіттің айналасындағы жолдастары, олардың осы кезеңдегі 
рөлі тым ерекше. 15-17 жастағылардың өмірде маңызды 
құндықтылықтарының тізімінде ең бірінші болып тұратыны – 
нағыз сенімді де адал достың болғанын қалайтындығы, «махаб-
бат» деген сезімнің өзі артқы тізімде қалды. Жігіттің «достыққа» 
ұмтылуы негізінде мына іс-əрекеттер жатыр, басқаны түсіне
білу қажеттілігі, өзінің сырын білдіруі жəне өзін-өзі аша білуі. 
Өскен сайын, ес жиған сайын жасөспірімнің өзімен сыр бөлісетін 
адам тауып алғысы келеді.
Ерте жігіттік кезге дос пен достық идеалы тəн болып келеді. 
Сараптама мəліметтеріне сүйенсек, бұл жастағы адамдар дос 
бейнесін өзінің идеалды «Мен» бейнесіне ұқсастырып елестетеді, 
ал досы мен өз идеалы арасы жақын болады да, өз идеалы мен 
өзінің «Мен» бейнесінің арасы алыстай түседі.
Сыналып отырған адам достарына, туыстарына, сынып 
жетекшісіне, сүйікті мұғаліміне қаншалықты жақын екенін білу 
үшін үш жеке көрсеткіш қолданылады: «түсіністік» (сұрағы: 
Осы аталған адамдар қаншалықты сізді түсіне біледі?), 
«сенімділік» (сауал: Осы адамдармен өз ойыңызбен, пікіріңізбен, 
уайымыңызбен бөлісесіз бе?) жəне «қарым-қатынастың 
оңайлығы» (сауал: Осы адамдармен араласа отырып, өзіңізді 


282
қаншалықты жеңіл сезінесіз?). Жігіттер мен бойжеткендердің 
бағалары жоғары болып түсті, өзгелермен түсіністіктері мол. 
Тоғызыншы сынып оқушылары қаншалықты өзгелерге жақын 
екенін анықтау үшін өзін-өзі бағалау əдісін пайдаландық, он алты 
қасиеті бойынша өзін бағалады да жəне өзгелері маған қандай 
баға берер екен деп болжам бағалау жасады. Өзгелері оны жақын 
түсіне білсе, онда өз бағасы мен өзгелердің бағасы жақындай 
түседі. Тоғызыншы сынып оқушысы өз-өзіне берген бағадан гөрі 
досының берген бағасы жоғары болатын шығар деп күтеді. Бұл да
жігіттік достықтың бір өзекті функциясы шығар. Тұлғаның өз-өзін
құрметтеуіне досының қолдау көрсетуі – бұл достықтың белгісі. 
Ересектер достығы мен жігіттік достықтың психологиялық
айырмашылығын анықтайтын үш маңызды жағдай бар: өзін-
өзі танымдылығының қалыптасуының шартты түрде аяқталуы; 
қызмет пен қарым-қатынас өрісін кеңейту жəне саралап жіктеу; 
сырласу қатынасқа бейімделу.
Жігітте «Мен» бейнесі жаңадан қалыптасып жатады, ал ере-
сек адамда ол белгілі бір тұрақталған құрылым болып қаланып 
қойған. Ересектерге өзін-өзі шынайы бағалауға, жетістіктерімен 
мүмкіндіктерін бағалауға өмірлік тəжірибесі мүмкіндік береді. 
Ересек адам талаптанушылығы мен сұраныс аралығын өлшеп 
жатпайды, оның санасы затталынған, əр нəрсені тура қабылдайды, 
сондықтан да, оның психологиялық, айнаға қарауының 
қажеттілігі жоқ. Жігіттік достықта маңызды болатыны өзін-өзі 
тану функциясы. Ересек адамдардың достығында бұл функция 
өз маңыздылығын жоғалтады, сөйтіп достық қарым-қатынаста 
бұрынғыдай ақыл айту, сырласу дегеніміз кеми түседі. Басқа 
түскен қиындықтарды, ауыр мəселелерді шешу үшін жігіт до-
сынан ақыл, көмек сұрайды. Ересектерді мазалайтын мəселелер 
ауыр, қиын, күрделі болып келеді, сондықтан оны тек əңгімемен 
шешу мүмкін емес. Сондықтан да оның достарымен қарым-
қатынасы заттылық сипаттаумен берілген.
Жас кезіндегі достықтың орны бөлек, өйткені ол кезде жігіттің 
басы бос, əлі отбасылы болмаған, мамандығы, сүйікті қызы да 
жоқ. Ең маңызды болып тұрған – достық. Жігіттік достықтың 
жалғыз «қарсыласы» – ата-анаға деген махаббаты, бұл сезімдер 
екі жазықта тұр. Жаңа «ересек» қызығушылықтар пайда бола 
бастағанда, достық өз орнын жоғалтады.
Сонымен, жеке қарым-қатынастар дамуында өзіндік бір 


283
заңдылықтар бар. Қатынастың бір түрі екіншісін дайындай бастай-
ды, ол күрделі болмақ, сол екіншісі біріншіге кедергі жасамақ бо-
лады. Мысалы, жасөспірімнің отбасындағы қарым-қатынастары 
өте жайлы, жақсы, бала өзін жақсы сезінеді, ал құрдастар қатарына 
қосылуы қиындықты тудырады, өйткені өз мəртебесі үшін күресе 
білу керек. Күшті жігіттік достық кейде дау-жанжал тудырады. 
Ол қалай болады? Мысалы, «топтағы, компанияда орын алуы 
мүмкін». Ол ертеден кешке дейін достарымен жүріп, бірігіп тірлік 
жасап, басқа нəрсемен айналысуды ойламай жүре береді. Оның 
бары да, нары да достық пен достары. Міне, достары үйленіп, 
шаңырақ көтеріп, əрқайсысы өз ісімен болып кетеді. Ал өзін 
жəне достықты біртұтас деп санайтын жігітіміз жалғыз қалды. Ол 
келесі кезеңге көшуден кеш қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет