«10- 12 » балл – «5» ( өте жақсы )
«7- 9» балл – «4» ( жақсы )
«6 - 1» балл – «3» ( қанағат )
14-сабақ.
Сабақтың тақырыбы : 11-ден 20-ға дейінгі сандарды құру, оқу, жазу
және салыстыру.
Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелік мәні: Топ мүшелері оқу материалын меңгеруге бір-біріне
көмектеседі.
Білімділік: Оқушылар ондық пен бірліктерді ажыратып, өрнек, мысал
құрастыруға жаттығады.
Дамытушылық: Мысал, тапсырмаларды орындау арқылы ауызша
есептеу қабілетінің дамуына жағдай жасалынады, қорытынды жасауға
дағдыланады.
Р/с Тапсырмалар
Бағалау критерийі
Балл Қорытынды
балл
1
Викториналық
сұрақтар
1.Нақты дәлелмен сөйлеу
2.Уақытты үнемдеу
2
Үш таңбалы
сандарды қосу мен
азайту
1.Нақты
тақырып
бойынша сөйлеу
2.Сауатты талдау
3
Жұлдызшаның
орнына амал
таңбаларын және
белгісіз санды қой:
1.Уақытқа талдау
2.Ой жылдамдығы
4
«Кім жылдам?»
Тапқырлық және
жылдамдық
5
Есеп
шығару,
сынау жұмысы
1.Шартты жаза білу
2.Сұрағын анықтау
3. Сауатты есеп шығару
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.
Оқыту формалары: Жеке, топтық, жұптық.
Көрнекілігі: Аялдамалар.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер.
Сабақтың кезеңдері:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
Бір, екі, үш,
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Оқушыларды топтарға бөлу (өрнек,теңдік,теңсіздік).
ІІ. Ой қозғау.
«Өрнек» тобына:
Жасырын санды тап:
2+*=9 *-5=3
Екі құлағы бар,
Он екі аяқты.
"Теңсіздік "тобына:
*+30=100 8+*=10
Туысқан бес кісі,
Бірінен бірі кіші.
Бәрінің аты бір,
Ең кішісі шеткісі.
"Теңдік "тобына:
100-*=10 90-*=20
Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да.
Ұзындығы жазулы,
Тұр бойында.
ІІІ. Өткен материалды бекіту:
– Олай болса,біз бүгін сабағымызда "Математика "еліне саяхат
жасаймыз,білімімізді ортаға салайық.
Бәріміз бірге ұранымызды айтайық.
Біз ақылды баламыз,
Жауабын тез табамыз.
Туын ұстап білімнің,
Саяхатқа шығамыз.
1-саяхат "Математикалық оқулық"аялдамасы.
Оқулықпен жұмыс. № 1 Сандарды алдымен өсу, содан кейін кему ретімен
ата (жеке).
2-саяхат "Математикалық турнир"аялдамасы.
2-тапсырманы орындау. Сандарды ата (жұппен).
3-саяхат"Бос орындарды толтыр"аялдамасы:
І топ ІІ топ ІІІ топ
15 = 1онд.5 бірл. 14= 1онд.4бірл. 13=1онд.3бірл.
18 = 12= 16=
11= 17= 19 =
4-саяхат "Математикалық эстафета"аялдамасы:
ІҮ. Сергіту аялдамасы.
«Қара жорға» әуенімен жаттығу қимылдарын жасау.
Ү. Қорытынды.
19 санын сатылай кешенді талдау.
Анықтама. І топ
Жазылуы. ІІ топ
Оқылуы. ІІІ топ
Мағынасы. І топ
Қасиеті. ІІ топ
Сандық сәуледе кескінделуі. ІІІ топ
Салыстыру. І, ІІ, ІІІ
ҮІ. Бағалау:
– Бүгінгі сабақта нені үйрендіңіздер?
– Қандай тапсырманы тез шығардыңыздар? Тез шығарғандарыңызға
қуандыңыздар ма?
ҮІІ. Үй тапсырмасы.
15-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Көбейту және бөлуді пысықтау
Сабақ мақсаты:
Тәрбиелік: Ұлттық ойындары арқылы балаларды ұйымшылдыққа,
жылдамдыққа, тапқырлыққа, қазақтың салт-дәстүрлерін құрметтеуге
бағыттау.
Білімділік: Көбейту және бөлудің кестелік жағдайы туралы білімдерін
есептерді шығаруда қолдана білуге машықтандыру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, танымдық қабілеттерін
арттыру арқылы шығармашылықпен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.
Оқыту формалары: Топтық жұмыс.
Көрнекілігі: Ұлттық ойындар, дидактикалық үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер.
Сабақ типі: Бекіту сабағы.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
– Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше болмақ. Сабағымызға
қонақтар келіп отыр. Қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басты иіп бәріміз.
б) Психологиялық дайындық:
Математика керек әр күнге,
Математика қажет өмірде.
Математиканы оқимыз,
Миымызға тоқимыз.
– Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін!
II. Тірек білімдерін белсендіру:
1. Кез келген санды бірге көбейткенде, қандай сан шығады?
2. Санды сол санның өзіне бөлсе, неше шығады?
3. Нөлді санға бөлгенде, неше шығады?
4. Санды нөлге бөлуге бола ма?
5. 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады?
6. 2-ге қалдықсыз бөлінбейтін сандар қалай аталады?
7. Егер есепте қосу мен көбейту амалы келсе, алдымен қандай амалды
орындаймыз?
Достарыңызбен бөлісу: |