Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының


Жаңа тақырыпты меңгерулеріне жағдай жасау



Pdf көрінісі
бет77/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Жаңа тақырыпты меңгерулеріне жағдай жасау. 
Сұрақ-жауап әдісі: «Серпілген сауал» ойыны арқылы сұрақтарға 
жауап алу. 
- Ыбырай Алтынсарин туралы қандай мәлімет білесіздер? 
- Неліктен Ыбырай Алтынсаринды тұңғыш ағартушы дейді? 
- Ақынның еңбектерінің тәрбиелік мәні қандай? 
Экраннан Ыбырай Алтынсарин туралы қосымша мәлімет беріледі. 
Өлеңді түсініп, тиісті дауыс ырғағымен оқыңыздар. 
 
Ананың сүюі 
Кім сендерді, балалар, сүйетұғын, 
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын? 
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай, 
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын. 
Кім сендерді, балалар, тербететін, 
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін, 
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң, 
Қамқор анаң көз жасын көлдететін. 
Кім сендерді сағынар шетке кетсең, 
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең, 
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын 
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін. 


Кім сағынар сендерді келгеніңше, 
Құлындарын көзімен көргенінше, 
Сендер қайтып келгенде адам болып, 
Еш арманы болмас ед өле-өлгенше. 
Ыбырай Алтынсарин 
Тапсырмалар: 
1.Өлеңді іштен жеке-жеке оқиды. 
2.Кезектесіп дауыстап оқиды. 
3.Түсінгендерін топта талқылайды. 
Сұрақтар: 
1.Ақын өлеңді қандай сезіммен жазған? 
2.Ана махаббатын неге теңер едіңіз? 
3.Анаңызға қандай тілек тілер едіңіз?Жүрегіңіздің түбіндегі ең 
жақсы тілегіңізді дәптеріңізге жазыңыз. 
Топтық 
тапсырма: 
 
Өлеңді 
поэзиялық 
талдау 
жасау.(Жазылым, айтылым, тыңдалым іс-әрекеттері жүзеге 
асырылады). 
Экранда үлгі тірек сызба тұрады.
IV. Дәптермен жұмыс. 
1-топ 1,2,3-сатыларын талдап жазады. 
2-топ 4,5,6,7,8- сатыларын талдап жазады. 
3-топ 9,10,11,12-сатыларын талдап жазады.
Талдап жазып болған соң, экраннан талдау үлгісін көрсету. Топ мүшелері 
жұмыстарын тексеріп, салыстырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет