Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет79/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

10.Әдеби-теориялық ұғымдар: 
Метонимия – Құлындарын көзімен көргенінше
11.Түсіндірме сөздік: кірпік қақпай-ұйықтамай, төбесі көкке
жетсін-қуансын. 
12.Тәрбиелік мәні – бұл өлең арқылы ақын ананың қадіріне
жетуге, бағалауға тәрбиелейді
.
V. Жаңа материал бойынша алған білімдерін, түсінгендерін зерделеу. 
Экраннан «Қарттар үйі» тақырыбындағы бейнекөрсетілім көрсетіледі. 
(2мин) 
Сұрақтар: 
1. Бейнекөрсетілімнен не түсіндіңіздер? 
2. Бұрынғы кезде не себепті қарттар үйі болмаған?
3. Қазіргі таңда не себепті қарттарды қарттар үйіне алып барады? Оған 
себеп
не деп ойлайсыздар? 
4. Бейнекөрсетілімдегі баланың іс-әрекетіне қандай баға бересіздер? 
5. Қандай әсер алдыңыздар? 
Топтарға тапсырма: 
1-топ берілген кестені толтырады.
Бейнекөрсетілімдегі оқиғаның қатты әсер еткен 
тұстары 
Әсер еткен үзінділер 
жайлы пікір 
2-топ берілген кестені толтырады. 
Кейіпкерге сұрақ 
Берер кеңесіңіз 
3-топ «Ата-ананың қадірін, балалы болғанда білерсің» тақырыбына өз 
ойларын жазады. 


VI. Сергіту сәті. 
Мынау - менің жүрегім, 
Бәрі осыдан басталған. 
Мынау - басым ақылды
Бәрін осы басқарған. 
Мынау - менің оң қолым, 
Мынау - менің сол қолым
Барлық істі атқарған. 
Жұптық жұмыс. «Мейірімді ана» тақырыбына өлең құрап жазыңыздар. 
Өлеңді поэзиялық талдаңыздар.(Жазылым, айтылым, тыңдалым әрекеттері 
жүзеге асырылады. Жұптар диалог құру арқылы талдап береді. Бірін-бірі 
бағалайды). 
Мысалы: 
Мейірімді ана, 
Жүрегің кең, дархан дала. 
......................................... 
Жеке жұмыс. Шығармашылық тапсырма. (Дарынды және талантты 
балалар). 
Тапсырма. Сіз алыста анаңыздан жырақ жерде жүрсіз. Сөзсіз анаңызды 
сағынасыз. Сол сәтте сағынышыңызды хат арқылы анаңызға қалай 
жеткізесіз? Жазылмаған ақ параққа «Анама хат» тақырыбында хат 
жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет