ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
243
артық ақша жұмсайтын болды. Тұтыну дүмпуі шикізаттың, оның ішінде
мұнай мен азық-түлік бағасының үздіксіз өсуімен қатар жүрді, мұның
өзі инфляция процесіне қысымды күшейтті.
Халықаралық сауда мен капиталдың үйлесімсіздігі, доллар монополия-
сы, әлемдік қаржы жүйесінің тиімсіздігі және тағы басқа елеулі факторлар
да ықпал етпей қалған жоқ. Соның салдарынан Еуропаның талай мемле-
кетінің экономикасы әлсіреді, бұл әсіресе Грекия, Португалия және Испа-
нияға қатты әсер етті. Бұл елдер Еуроодақтың қуаттылығына қарамастан,
тіпті қаржы турбуленттілігі басталғаннан төрт-бес жыл өткенге дейін, дағда-
рыс құбылыстарынан, жұмыссыздықтың жоғары деңгейінен арыла алмады.
Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның қайнар көзі елдің ішінде емес, олар
әлемдік экономиканың үйлесімсіздігінде жасырынып жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: