НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Дағдарыстың Қазақстан экономикасына әсері



Pdf көрінісі
бет132/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Дағдарыстың Қазақстан экономикасына әсері
Әлемдік дағдарыс Қазақстан экономикасы мен қаржы жүйесінің берік-
тігіне, мемлекет пен бүкіл халыққа үлкен сын болды.
Дағдарыстың алғашқы толқыны және несиелеудің сыртқы көздерінің 
жабылуы Қазақстан экономикасы өсімінің қарқынын бәсеңдетіп тастады. 
2007 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ өсімі 8,9 процентке төмендеді.
Бейберекет күйге түскен жылжымайтын мүлік нарығы күрт төмен құлди-
лады: 2008 жылы тұрғын үй бағасы екі есеге арзандады. Көптеген құрылыс 
компаниялары өз қызметін ықшамдауға мәжбүр болды. Үлескерлер, әсіре-
се өз тұрғын үйін қарыз қаражатының есебінен қаржыландырғандар өте 
қиын жағдайға тап болды. Үлескерлер құрылысына қатысқан ондаған мың 
қазақстандық тұрғын үйге ие болу үмітінен айырылды. Шамадан тыс несие-
леніп кеткен Қазақстан банктері сыртқы нарықтан алған ақшаларын қалай 
қайтарарын білмей, талайының басына дефолт қаупі төнді.
2008 жылдың екінші жартысында ахуал ушыға түсті. Дағдарыстың кезек-
ті, анағұрлым күшті толқыны Қазақстанның экспорттық өнімдеріне әлемдік 
бағаның күрт төмендеуіне әкеліп соқты. 2008 жылы мұнай бағасы төрт есе 
дерлік арзандады, металл құны екі есе түсті. Бұл экономикамыздың өсу 
қарқынын әрі қарай бәсеңдетіп кетті: ІЖӨ өсімі 3,3 процент қана болды.
2009 жылы Қазақстан экономикасы жалғасып жатқан, өндірістің әрі қарай 
да құлдырауына әсер еткен жаһандық дағдарыс жағдайында дамыды. Соның 
салдарынан, Қазақстанның сыртқы сауда айналымы үштен біріне азайды. 
Алты жүзден астам кәсіпорын жұмысын тоқтатты. 2008–2009 жылдары мұнай-
газ кешенінен басқа барлық салаларда өндірістің бәсеңдеуі байқалды.


244
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2008 жыл бойына көптеген мемлекеттердің ұлттық валютасы құнсыз-
данды, бұл Қазақстан тауарларының бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне 
әсер етті.
Әлемдік дағдарыс мен бұрын да қайта-қайта ескерткен мәселені – ұлт-
тық экономиканы тез арада әртараптандыру қажет екенін айқындады.
Ауырлығы мен жаһандық экономикаға салдары жөнінен 2007–2009 
жылдардағы жалпыға ортақ дағдарыс 1997–1999 жылдардағы Азия дағда-
рысынан да, бұрынғы басқа дағдарыстардан да асып түсті. Қазақстан 
«нөлінші» жылдары әлемдік экономикаға мейлінше кірігіп үлгерген бола-
тын, сондықтан да жаһандық процестерге көбірек тәуелді еді. Сонымен 
қатар, мемлекеттің халық алдындағы едәуір өсе түскен әлеуметтік міндет-
темелері де болды.
Алайда түпкілікті айырмашылық та бар еді – 1990-шы жылдардың 
соңындағы қаржы дағдарысының әсер-ықпалымен аяғынан енді тік тұра 
бастаған жас мемлекет күрессе, бұл жолы экономикалық бұлшық еті білеу-
ленген Қазақстан оқиғаның осылай өрбуіне дайын отырған еді.
2009 жылдың наурыз айындағы Жолдауымда мен Ұлттық қорды құру 
арқылы қажетті беріктік қорын қамдап үлгергенімізді атап көрсеткен бо-
латынмын. Бұған қоса, біз әртараптандыруды бастап кеттік. Сондықтан да 
дағдарысқа қарсы тиімді саясат жүргізу біздің қолымыздан келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет