ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
245
мемлекеттер аз емес, бірақ бәрі бірдей жинақтаған қаражатын ел игілігі
үшін біз сияқты тиімді пайдалана алған жоқ.
2008 жылдың 25 қарашасында Үкіметтің Экономика мен қаржыны
тұрақтандыру бойынша 2009–2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары
бекітілді.
2008 жылдың қазан айында мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қо-
рын құру туралы шешім қабылдадым. Бірлескен қордың құрылуы әлемдік
дағдарыс жағдайында ресурстарды шоғырландырып, оларды нақты эко-
номикаға жеткізу қажеттілігінен туындаған еді.
Жаңадан құрылған холдинг Үкіметпен бірлесе отырып, қысқа мерзім
ішінде, әр күрделі нысан үшін несие сызбасын жасау арқылы, «дағдарысқа
қарсы» қаражатты игеру бағдарламасын жасап шықты. Ел экономикасына
тез арада 2 триллион 700 миллиард теңге келіп түсті.
Елдің 2009–2011 жылдарға арналған бюджеті әлемдік нарықтағы
жағдайдың нашарлап кетуі мүмкін екенін ескере отырып түзілді. Со-
нымен бірге, әлеуметтік шығындар қысқартылған жоқ, олар бұрынғы
көлемінде толығымен сақталды. Оның үстіне, біраз қаражат коммунал-
дық желілерді және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңартуға, жол жөн-
деуге бағытталды.
Үкімет мейлінше осал секторларды – қаржы саласын, агроөнеркәсіптік
кешенді, шағын және орта бизнесті, жылжымайтын мүлік нарығын, әлеу-
меттік саланы қолдау шараларын дер кезінде қолға алды.
2008 жылдың қарашасында шикізаттық емес сектордың жүктемесін
азайтып, шикізатты секторға салық салуды арттыруды көздейтін Салық ко-
дексі қабылданды. Яғни мемлекет дағдарыстан кейінгі кезеңде экономика-
ны әртараптандыру үшін жағдай жасады.
Дағдарысқа қарсы бағдарлама төтенше ахуалда Қазақстанның мұнай
бағасының түбегейлі төмендеуіне, қаржы коллапсына және құрылым-
дық қайта құруға дайын болғанын дәлелдеді. Қолға алынған шаралардың
нәтижесінде елдің экономикалық іргесі мығым бола түсті. Сол себепті де,
әлемнің беделді сарапшылары Қазақстанның дағдарысқа қарсы бағдарла-
масын жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасындағы ең жүйелі және барынша
жедел бағдарлама деп атады.
Достарыңызбен бөлісу: