НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Дүниежүзі қазақтарының құрылтайлары



Pdf көрінісі
бет158/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Дүниежүзі қазақтарының құрылтайлары 
Дүниежүзі қазақтарының құрылтайлары маңызды қоғамдық және мә-
дени оқиғаға айналды.
2002 жылдың қазанында Түркістанда Дүниежүзі қазақтарының ІІ құрыл-
тайы өтті. Қатысушылар алдында сөз алып, мен қазақ тілі мен қазақ мә-
дениетін жаңғырту ісінде жеткен елеулі жетістіктеріміз туралы әңгімеледім. 
Делегаттарға отандастарды қолдау бағдарламасы жалғаса беретінін жет-
кіздім.
Дүниежүзі қазақтарының ІІІ құрылтайы 2005 жылдың қыркүйек айын-
да Қазақстанның елордасы – Астана қаласында өтті. Бұл шараға әлемнің 
32 елінен қазақ диаспораларының өкілдері келіп қатысты. Құрылтай күн-
дерінде көші-қонның, мәдени дамудың, білім алудың, қызметке орналасу-
дың келелі мәселелері талқыланды. 
Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайы 2011 жылдың мамыр айында 
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтті. Оған әлемнің 35 елінен келген 700-
ден астам өкіл қатысты. Құрылтай делегаттарының тең жартысы жастар 
болғаны да ерекше атап өтуге тұрарлық. Германиядан, Ұлыбританиядан, 
Ресейден, Швециядан, Австриядан, Голландиядан, Норвегиядан, Моңғо-
лиядан, Түркиядан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан жастар және студенттер 
ұйымдарының серкелері шақырылды. 
Құрылтай жұмысын аша отырып, мен Тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдық 
мерейтойы отандастарымыздың атамекенге қоныс аударған ұлы көшінің 
20 жылдығымен де сәйкес келіп отырғанын және осы уақыт аралығында 
елімізге миллионнан астам қазақтың көшіп келгенін ерекше мақтанышпен 
айттым. 
Қазақстан Германия мен Израильдің қатарында осындай ауқымды 
бағдарламаны жүзеге асырған әлемдегі үш елдің біріне айналды. Дүние-
жүзі қазақтарының құрылтайы қазақ халқының жаппай бірігуіндегі маңыз-
ды белес бола алды.


286
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Құрылтайға қатысушылардың елімізге бақыт пен өркендеу тілейтініне 
сенімім зор болды. Ал оның маңызды шарты халықтың бірлігі мен келісімі 
екені сөзсіз. Осындай келісім – Қазақстанның шынайы сипаты. Республи-
каның өмірдің барлық саласындағы жетістігі – осының дәлелі. Бірлік пен 
келісім болмаса, біз күні кеше ғана «қырындай құлаған» өндіріс алыпта-
рын қайта өркендете алмас едік. Бірлік пен келісімсіз қазір нақты сипат 
алған экономикалық жетістіктерімізге қол жеткізбеген болар едік. Бірлік 
пен келісімсіз сырттан инвестиция тарту да мүмкін болмас еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет