358
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Сайлау қорытындысы бойынша депутаттық мандаттар былайша бөлін-
ді: «Нұр Отан» – 84, «Ақ жол» және ҚКХП – 7 орыннан; тағы 9 депутат Пар-
ламентке Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланды. Мәжіліс спикері бо-
лып Б. Ізмұхамбетов сайланды.
2016 жылғы Парламент сайлауы – демократиялық құндылықтарды құр-
меттейтін Қазақстан халқы қаншалықты біртұтас екенін дәлелдеді. Мұны
мәжіліс сайлаулары үшін рекордтық көрсеткіш болған сайлаушылардың
қатысуы да көрсетті (77 процент). Бұл сайлаулар – реформаторлық бағытқа
қолдау көрсетудің іс жүзіндегі бүкілхалықтық қолдауы еді. Тәуелсіздіктің 25
жылдығымен орайласа келген сайлау көктемгі жаңару мерекесі – Наурыз
мейрамы қарсаңында өтуі де ерекше көңіл күй сыйлағаны анық.
Достарыңызбен бөлісу: