352
ТӘУЕЛСІЗДІК
ДӘУІРІ
«Болашағы біртұтас ұлт» деп аталатын төртінші реформаның мәнін бы-
лайша түсіндірдім. Біз тұрақтылық пен келісімнің өзіндік моделін дамытуда
айтарлықтай табыстарға жеттік. Сонымен бірге,
қазақстандық біртектілік-
ті одан әрі нығайтуымыз қажет. Ол азаматтық қағидатына негізделуі тиіс.
Тұрақты және табысты мемлекеттің сенімді іргетасы бола алатын, халықты
топтастыратын негізгі құндылықтар қатарына теңдік, еңбексүйгіштік және
білімділік жатады деп жарияладым. Мектептердің міндеті – білім беру ғана
емес, жас қазақстандықтарды жоғары азаматтық рухта тәрбиелеу екенін де
баса айттым.
Бесінші реформа мемлекет құру мәселесін шешеді,
ашықтық және
қоғамға есеп беруге міндеттілік секілді күшті мемлекетке керек «шекте-
гіштерді» көздейді.
Саяси тұрақтылық – тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының басты жетістік-
терінің бірі. Мемлекеттік билікті жаңғырту, керісінше, жүзеге асуы тиіс праг-
матикалық міндеттер мен іс-әрекеттің жиынтығынан көрінді: мемлекет-
тік ұйымдардың есеп беру тәртібін өзгерту, сот шешімдеріне шағымдану
тетігін нығайту, жаңа бюджет саясатының қағидаттарын бекіту, азаматтық
қоғамның өзін өзі реттеп отыруын қамтамасыз ету және тағы басқа мәсе-
лелер тұрды.
Бес институционалдық реформаның әрқайсысы – елді орасан зор жұ-
мысқа жұмылдырды, ал олар бәрін қоса алғанда, Қазақстан мемлекеттілігін
нығайту мен әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену үшін жағдайлар жа-
сады.
2010-шы жылдардың ортасында ауқымды реформалардың табысы-
на тек қана жігерлі саяси ерік-күші ғана кепіл бола алатын еді.
Әлемдік
тәжірибе көрсеткендей, мықты мемлекет пен либералды қоғамның қалып-
тасуы үшін елде 40–50 жыл бойы тұрақты даму болуы тиіс, ал Қазақстан
тап осындай жолмен жүріп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: