НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет190/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

3. КӨЗ АЛДЫМЫЗДАҒЫ 
ҰЛЫ ӨЗГЕРІСТЕР 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
Саясат, экономика және сана үштағаны
Ә
лемдік үдерістердің динамикасы ХХІ ғасырдың екінші онжылдығында 
айтарлықтай күшейді. Халықаралық экономикада бұрынғыдан табиға-
ты мүлде басқа жүйелік өзгерістер енгізіле бастады. Бұл жерде әңгіме – тек 
қана әлемдік дағдарыс туралы емес, жаңа ахуалдың қалыптасқаны жөнін-
де. Жаһандық технологиялық трансформация адамзаттың бүкіл өмір сал-
тын, әлемдік тәртіп негіздерін және қалыптасқан халықаралық қатынастар 
жүйесін өзгеріске ұшыратты. 
Осының бәрі – әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына ену үшін Қа-
зақстанға белгісіз болашақтың тұманын және үнемі пайда болатын то-
сын қатерлер мен проблемалардың дүлей толқындарын көктей өту керек 
екенін білдіреді. Олар – жаһандық климаттың өзгеруі, терроризм, экстре-
мизм, аласапыран көші-қон, мультимәдени ілгерілеулер, әлемдік экономи-
каның тұрақсыздығы, жаһандық теңсіздік, әлеуметтік және заттық антаго-
низмдер, еңбек өнімділігінің төмендеуі, ұлтшылдық пен ксенофобияның 
өсуі, геосаяси дағдарыс және сонымен байланысты сауда соғыстары, саяси 
популизм. Осыған орай, әлемдегі бұрынғы ара салмағын жоғалтқан өзекті 
проблемалар үнемі құбылып отырады. Мұндай тұрақсыздық қауіпті және 
жаңа жаһандық ахуалға бейімделуге мүмкіндік беретін жаңғырудың жаңа 
толқынын талап етеді.
2017 жылдың басынан бастап біздің мемлекетіміз бен қоғамды жаңарту-
дың үш бағытын іске қостым. Бұл – конституциялық – және кеңірек алғанда 
– саяси реформа; экономиканы жаңғырту; қоғамдық сананы жаңарту. Түп 
мәнінде, бұл қатар жүретін бұл үш үдеріс Қазақстанда үшінші жаңғырудың 
басталғанын білдіреді.
Осы кітаптың алдыңғы тарауларынан байқағандарыңыздай, тәуел-
сіздіктің бар болғаны екі онжылдығында Қазақстан екі ауқымды жаңғыру-
дан өтті. 1990-шы жылдары жүргізілген біріншісі жаңғыру әкімшіл-әміршіл 
экономикадан либерал нарықтық экономикаға өтуге байланысты болды. 
Екінші жаңғыру барысында бар болғаны 15 жылда біз кедей елдердің қата-


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
361
рынан ұмтылып шығып, орташа дамыған елдердің тобына қосылдық және 
әлемдегі ең бәсекеге қабілетті елу мемлекеттің ішіне ендік. 
Үшінші жаңғыру еліміздің алдына тағы бір үлкен мақсат қояды – Қа-
зақстанның жаңа жаһандық ахуалда бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз 
ететін, XXI ғасырдың ортасында әлемдегі ең дамыған отыз мемлекеттің 
қатарына қосылуға жағдай туғызатын экономикалық өсудің жаңа моделін 
құру. 
Белгіленген саяси реформаның мақсаты – мемлекеттік басқарудың 
тиімділігін арттыру және мемлекеттің халық алдында есеп беруін қамта-
масыз ету, Президент пен биліктің заң шығарушы тармағының арасында 
өкілеттіктерді қайта бөлу, мемлекеттік шешімдерді дайындау мен қабыл-
дау үдерісіндегі азаматтық қоғамның рөлін күшейту. Қабылданған қажетті 
заңдар мен заңнамалық өзгертулер қоғамды одан әрі демократияланды-
руға қызмет етеді. 
Мен ұсынған экономикалық қайта өзгертулер – өнеркәсіптің базалық 
салаларын технологиялық қайта жабдықтауды жеделдетуге, еңбек өнімділі-
гін арттыруға, бизнес шығындарын азайтуға және батыл, қайта реттеуге, 
экономиканың жаңа секторларын құруға бағытталған. Жаппай кәсіпкерлік-
ті кеңінен дамыту, соның ішінде әлеуметтік салада, тиімді жұмыспен қамту-
ды қамтамасыз ету жоспарлануда.
Осыншама кең көлемді міндеттерді шешу үшін, ең алдымен, өз са-
наңды өзгерту керек – тап осы себепті мен саяси және экономикалық 
реформалардың өзегі ретінде қоғамдық сананың жаңғыруына басымдық 
бердім. Жаһандық сын-қатерлер жағдайында өз мәдениетіңнің берік ір-
гетасына сүйене отырып, жаңа құндылықтарды қабылдау үшін қоғамдық 
сананың ашықтығы қажет. Ең үздік дәстүрлерімізді нарықтық қағидат-
тармен, алдыңғы қатарлы технологиялармен біріктіру – міне, Қазақстан 
халқы үшін ХХІ ғасырдағы ең басты міндет осы. 
Осылайша, Қазақстанның үшінші жаңғыруы аясындағы реформалар 
саяси институттарды әрі қарай дамытуға, Қазақстанның мемлекеттігін 
нығайтуға, оның мығымдығын арттыруға, ұзақ мерзімді перспективада 
әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге қабілетті эконо-
микадағы құрылымдық реформаларға бағытталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет