38
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Депутаттар кеңесінің шектен шыққан өкілеттіліктері келмеске кеткен
кеңестік дәуірдің кінәраты болатын. Олар қоғам мүддесімен сәйкеспейтін
және іске кедергі келтіретін бос пікірталастардың бітіспес қарсыласы – мені
мүлде қанағаттандырмайтын. Мемлекеттік құрылыстың іргетасы қаланып
жатқан сол кезде оларға бола уақыт шығындауға да болмайтын.
Осындай жағдайда менің бар жауапкершілікті өз мойныма алып, іске
кірісуіме тура келді. Мемлекетті басқару ауқымы қайта ұйымдастырылды.
Көнерген мемлекеттік органдар таратылып,
орнына жаңалары құрыл-
ды. Мемлекеттік құрылымдардың өкілеттіктері мен функциялары қайта
қаралды. Шешуші кадрлық өзгерістер жасалды. Уақыт талабына сәйкес
Мемлекеттік мүлік және Монополияға қарсы комитеттер, сондай-ақ бұған
дейін мүлде болмаған сыртқы экономикалық байланыстар, мұнай және газ
өнеркәсібі, ғылым мен жаңа технологиялар, экология және биоресурстар
министрліктері құрылды. 1991 жылдың соңында менің шешіміммен барлық
министрліктер ортақ коллегиялық орган – Министрлер кабинетіне бірік-
тірілді, оның басшылығын Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Премьер-Ми-
нистрі – тәжірибелі шаруашылық ұйымдастырушысы Сергей Терещенкоға
сеніп тапсырдым.
Ол кезде кадр тапшылығы қатты байқалатын.
Жоспарлы экономика
мен кеңестік идеология жағдайында жұмыс істеуге үйренген бұрынғы
функционерлер жаңа жағдайда ескі тәсілмен ойлайтын және мүлдем
тиімсіз жұмыс істейтін. Нарық логикасы мен өздерінің алдына қойылған
міндеттерді түсінбейтін олар қажетті реформаларды жүзеге асыруға қа-
білетсіз болатын. Өзім жаңадан құрылған мемлекет үшін өте пайдалы
деп есептейтін шетелдік кеңесшілер мен консультанттар олармен тіл та-
быса алмайтын. Кеңестік кезеңнің аппаратшылары лауазымды қызмет-
терге жас мамандардың тағайындалуына қарсы болды. Біздің көптеген
бұрынғы кадрларымыз болып жатқан өзгерістерді түсінбеді.
Өз басым
үйренуден ешқашан қорыққан емеспін және қарамағымдағылардан да
соны талап ететінмін.
Тәжірибелі саясаткер Ли Куан Ю Қазақстанның жарқын болашағы-
на сенімін білдірді. Сол кезде көптеген адамдардың оның біздің елімізге
қатысты айтылған сөзін шығыс мейманының дипломатиялық мадағы деп
есептегеніне қарамастан, уақыт оның шынайылығын дәлелдеп берді.
Ол кезде Қазақстанның ашық әлемде «тіршілік ету тәжірибесі» болған
жоқ. Сондықтан Сингапур премьер-министрінің әңгімелері мен дәрістері
бастапқы кезде ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегиялар жасауда бізге
бағдар көрсетті.
39
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
Екеуара қызметтік әңгімеміз бес-алты сағатқа
созылатын және маған
Сингапур саясаты патриархынан дарыған тәжірибенің біздің мемлекеттік
құрылысымызға үлкен пайдасы тиді.
Бұл орайда өз досым және кеңесшім, америкалық профессор және
бизнесмен, келесі бір «экономикалық керемет» – оңтүстіккореялық өрлеу-
дің авторы Чан Янг Бэнгтің қосқан үлесі де зор.
Менің кадрлық саясатым шу дегеннен-ақ қатал әрі жалғасты бол-
ды. Ол жауапты қызметтерді, қажетті білім мен машығы болуымен қоса,
бірінші кезекте мемлекет пен халықтың мүддесінен туындайтын реформа
жұмыстарына бүкіл күш-жігерін сарқа жұмсауға дайын мінсіз профессио-
налдар атқаруы тиіс деген сенімге негізделді.
1992 жылдың ақпанында Президентке бағынышты жергілікті әкімшілік
басшыларының және Халық депутаттары кеңестерінің бақылауындағы об-
лыстық әкімшілік басшыларының қызметін бір ізге түсіру принципі бекітілді.
Жергілікті әкімшіліктер мен бұрынғы депутат кеңестері бір-бірімен бәсе-
кеге түсіп, бір-бірінің қызметін қайталап жататын. 1993 жылдың 10 желтоқ-
санында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы жергілікті атқарушы
және өкілетті органдар туралы» заң оған соңғы нүкте қойды. Ол жергілікті
атқарушы билік органдарының құрылымы мен өкілеттігіне түбегейлі өз-
герістер енгізді. Бұрынғы атқару комитеттері әкімдер басқаратын жергілікті
атқарушы билік органы – әкімдіктерге айналдырылды.
Реформа процесін жеделдету және біздің елімізді үдемелі даму траек-
ториясына шығару үшін, сондай-ақ мемлекеттік билікті біріктіру мақсатын-
да мен іс жүзінде президенттің аймақтар мен жер-жердегі өкілетті өкіл-
деріне айналған республикалық маңыздағы қалалар мен облыс әкімдерін
өзім тағайын дауға шешім қабылдадым. Лауазымы
төмен әкімдерді одан
жоғары тұрған әкім тағайындайтын болды. Осылайша жергілікті атқарушы
құрылымдарды өкілетті биліктің органдары сайлайтын тәжірибе келмеске кетті.
Бұрынғы жүйе сарқыншақтарынан түбегейлі азат болу үшін аймақтық
деңгейде жаңа жергілікті өкілетті органдар – мәслихаттар құрылды. Оның
депутаттары мемлекет мүддесін ескере отырып, қандай да бір әкімшілік-ай-
мақтық бірліктегі тұрғындардың қалауын білдіретін болды. Әкімшіліктер
мен мәслихаттардың жергілікті басқарудың бірыңғай жүйесіндегі өзара қа-
рым-қатынасының негізіне
функциялар мен өкілеттіктерді бөлісу принципі
алынды.
Осылайша тәуелсіздіктің алғашқы үш жылында халыққа қысым жаса-
майтын, керісінше елге және реформаларға қызмет ететін атқарушы-өкімдік
биліктің түбегейлі жаңа жүйесі құрылды.