Конституциялық құрылыстың басталуы.
Кеңес жүйесіндегі дағдарыс және
реформаларға қарсылық
Енгізілген өзгертулер мен түзетулерге қарамастан, 1990 жылдардың ба-
сындағы Қазақ КСР-інің Конституциясы қалай болғанда да ұдайы өзгеріп
тұратын уақыт талабына жауап бере алмайтын. Тәуелсіз Қазақстанға, оның
заманауи өркениетті мемлекет ретінде одан әрі дамуы үшін, құқықтық ір-
гетас іспетті жаңа Конституция қажет болатын.
Менің тапсырмаммен Негізгі заңды дайындау үшін жұмыс тобы құрылып,
оған Қазақстанның белгілі заңгерлері, құқық саласының танымал маманда-
ры тартылды.
Жұмыс қарбалас болатын. Жоғарғы Кеңесте бірнеше мәрте сөз сөйлеп,
қатысушылардың бәріне біз жасап жатқан Конституцияның адамдарды
бөлмей, керісінше біріктіруге тиісті екенін айттым. Қатерлі ауытқуларға жол
бермес үшін кейде бізге Конституция жобасының әр бабын қорғауға тура
келді. Кейде «бүкіл жұмыс күнім Жоғарғы Кеңесте өтеді, шұғыл түрде шешу-
ді талап ететін мемлекеттің маңызды күнделікті жұмыстарымен айналысу
үшін өз жұмысыма тек түнде ғана келемін» деп қалжыңдайтынмын.
1992 жылы Конституция жобасы негізінен бұрынғы саяси жүйені
жақтаушы Жоғарғы Кеңес депутаттарынан тұратын Конституциялық ко-
миссияға жіберілді.
42
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Олардың аса маңызды қос палаталы Парламент қалыптастыру прин-
ципіне, оны тарату механизміне, Президент импичментіне қатысты ұсы-
ныстарды жоққа шығаруына таң қалуға да болмайтын. Дәл сол кезде
депутаттар Жоғарғы Кеңестің бүкіл Қазақстан халқының атынан сөйлеу
құқығын бекітіп, сол арқылы мемлекеттік билікті бөлісу принципін жоққа
шығарды. Іс жүзіндегі қос билік пен комиссия мақұлдаған Конституция
жобасының көзге ұрып тұрған қайшылықтары биліктің екі тармағы ара-
сындағы дауға негіз болды. Сондықтан Қазақстанның бірнеше қоғамдық
қозғалыстары мен саяси партиялары жобаға түбегейлі қарсы болды және
оны қайта қарауға жіберуге шақырды. Оның үстіне олар депутаттарының
үштен бірі сол кезде жұмысын тоқтатып үлгерген, қоғамдық ұйымдардан
сайланған кеңестік дәуірден келе жатқан Жоғарғы Кеңестің жаңа тәуелсіз
мемлекеттің Конституциясын қабылдауға байланысты моральдық құқығы-
на қарсылық білдірді.
Дей тұрғанмен, 1993 жылдың 28 қаңтарында Жоғарғы Кеңес Қазақстан
Республикасының Конституциясын мақұлдап дауыс берді. Қоғамның
әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жүргізуге қарсы тобы
мен Қазақ КСР-ін демократиялық өркениетті мемлекетке трансформация-
лау қажеттігін түсінген тобы арасындағы мәміленің нәтижесі іспетті Консти-
туцияның олқылықтарын мен жақсы түсінетінмін.
Конституция күшіне енісімен, оның ақиқаттан алшақтығы және мемле-
кеттік құрылыстың құқықтық негізі бола алмайтыны бірден байқалды. Осы
Конституцияны қолдап дауыс берген Жоғарғы Кеңес өзінің жаңа дәуірге
үйлеспейтінін тағы да бір көрсетті. Ел үшін өтпелі болған сол кезеңде ол
қайта құруларға көмектеспек түгілі, оны тежеді. Заң шығару жұмыстарында
жалақыны көтеру туралы популистік шешімдерге басымдық беріп, нақты
қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген жауапсыз әлеуметтік бағдарла-
малар қабылдады. Мұндай жағдайда бар кінә өткір бюджет тапшылығы
жағдайында жұмыс істейтін атқарушы билікке артылатын.
Билік тармақтары арасындағы келіспеушілік ең соңында бітіспес дауға
ұласты. Жоғарғы Кеңестің кеңестік «бөлгіш» саясаты сол кездегі нарықтық
қайта құрулар мен саяси жүйенің демократиялануына сәйкеспейтін.
Мәселенің байыбына барғаннан кейін депутаттардың бәрі бірдей пар-
ламенттегі көпшіліктің деструктивті әрекеттерін мақұлдаған жоқ. 1993 жыл-
дың қазан айындағы Ресей Федерациясы Жоғарғы Кеңесінің ғимаратын
танктен атқылап, адамдар қаза болған, Президент пен Парламент ара-
сындағы текетірес көптеген адамдардың есін жиғызды. Бұл кезде бұрынғы
жағдайды сақтап қалуға да мүмкіндік жоқ болатын. Президент пен үкіметке
43
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
реформа жүргізуге кедергі келтіретін Кеңестердің құзыреттілігі мәселесін
уақыт созбай шешу керек еді. Мен аталмыш мәселені референдумға шыға-
руға дайын болатынмын. Алайда оқиға басқаша өрбіді.
1993 жылдың қарашасында Қазақстанда Кеңестер өз бетімен тарай
бастады. Маңызды саяси процесс төменнен басталған. 16 қараша күні
Кеңестердің нақты өмірден алшақтығын және олардың құзыреттілігінің
қазіргі ағымдағы талаптарға сәйкеспейтінін мәлімдеген Алматы қаласының
Алатау аудандық халық депутаттары кеңесі бірінші болып өзін-өзі тарату
туралы шешім қабылдады. Бұл шешім елде үлкен резонанс тудырды және
барлық жерде бірдей қолдау тапты. Халық одан ішкі саяси дағдарыс тан
шығудың нақты жолын көрді.
Алматылықтардың үлгісін басқа да жергілікті кеңестер қайталады.
Кеңестердің өзін-өзі тарату процесі бүкіл ел бойынша етек алды. 1993
жылдың 9 желтоқсанында Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасы халық
депутаттары жергілікті Кеңестерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату
туралы» заңды, ал келесі күні «Қазақстан Республикасы Президенті мен
жергілікті әкімшілік басшыларына қосымша өкілеттіктерді уақытша беру
туралы» заңды қабылдады. Сол күні 360 депутаттың 200-і өз өкілетті-
гін мерзімінен бұрын тоқтатты да, Кеңестер таратылды. Сонымен, елде
КСРО-дан мұраға қалған Жоғарғы Кеңестің қызметі аяқталды.
Осылайша қосарланған билік дағдарысына нүкте қойылды. Президент
Конституция мен саяси жүйенің тұрақсыздығы жағдайындағы мемлекет
тәуелсіздігінің бірден-бір кепіліне айналды. Әрі ол 1993 жылдың 9 желтоқ-
санындағы Сайлау туралы кодекстен де көрініс тапты, соған сәйкес жаңа
Жоғарғы Кеңестің 177 депутатының 42-сі Президент тізімі бойынша сай-
ланды.
Сайлау 1994 жылдың 7 наурызында өтті. Біздің еліміз үшін ол тұрақты
негізде жұмыс істейтін Парламент құрудың тырнақалды әрекеті болды. Де-
генмен соңынан белгілі болғандай, жаңару дегеніміз – формальды сипатта
ғана болып шықты және Жоғарғы Кеңестің саяси сипаты да өзгерген жоқ.
Депутаттар бұрынғыша популизм мен бітпейтін даурықпа пікірталастарды
қайта қыздырды. Бұл, әсіресе, Парламент қабылдаған 1994 жылдың мемле-
кеттік бюджетін талқылауда айқын көрінді. Үкімет ұсынған жобаны талқылау
бақандай үш айға созылды. Тек қана Кабинеттің отставкаға кету қаупінен
соң ғана бітпейтін пікірталастар тоқтатылып, бюджет әзер бекітілді.
Заң шығарушы биліктің осындай әлеуметтік-экономикалық дағдары-
сы жағдайында екпінді нарықтық трансформацияларды жүзеге асырудың
мүлдем мүмкін еместігі көзге ұрып тұрды.
44
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Көп ұзамай «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» кодекс
пен Конституция тұжырымдаған сайлаулар жүргізудің ережелері арасын-
дағы сәйкессіздіктен туындаған саяси дағдарыс басталды. Оны Консти-
туциялық сот өзінің 1994 жылғы 6 наурыздағы қаулысы арқылы көрсетті.
11 наурыз күні мен Мемлекет басшысы ретінде осы бір өмірлік мәні үлкен
мәселенің құқықтық сипатын түсіндіріп беру үшін Конституциялық сотқа
жүгіндім. Алынған жауапқа қарағанда, сол кездегі сайлау ережелері Кон-
ституцияға сәйкеспейтін, демек Жоғарғы Кеңес заңсыз және «Қазақстан
Республикасы Президенті мен жергілікті әкімшілік басшыларына қосымша
өкілеттіктерді уақытша беру туралы» заң күшінде қалуы тиіс болатын.
Осы заңның ережелерін басшылыққа алған мен 1995 жылдың 6 нау-
рызында «Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының қаулысынан
туындаған шаралар туралы» Жарлыққа қол қойып, соған сәйкес Жоғарғы
Кеңес сайланғаннан бір жылдан кейін өз қызметін тоқтатты.
Тәуелсіз байқаушылар мен сарапшылар Жоғарғы Кеңестің Конститу-
циялық сот қаулысы негізінде таратылуын толығымен заңды деп көрсетті.
Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Кортни «Конституциялық сот сайлаулар-
дың заңсыз болмауы үшін қорытынды жасау мақсатында жеткілікті дәре-
жеде сақтықпен және саламаттылықпен жұмыс істегенін айтты. «Бүкіл әлем
сіздердің елдеріңізде демократияның айтарлықтай нығайғанын түсінеді.
Қазіргі Қазақстан әліппеден әлі аспаған мектеп оқушысы емес, ол демо-
кратия дәрістерін әлемнің өзіне үйрете алады», деді.
Біз жағдайдың ушығуына жол бермедік және дағдарыстан шығудың
бейбіт те заңды жолын тауып, бұл жолы да Қазақстан Тәуелсіздігінің басты
тірегі мемлекет екенін көрсеттік.
Достарыңызбен бөлісу: |