НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Тәуелсіздікті жариялау. Әлем назары Қазақстанда



Pdf көрінісі
бет19/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Тәуелсіздікті жариялау. Әлем назары Қазақстанда 
1991 жылғы сайлаудан кейінгі бірінші жұмыс аптасында, өзім 1991 жыл-
дың 16 желтоқсанында қол қойған «Қазақстан Республикасының Мемлекет-
тік Тәуелсіздігі туралы» заңның мәтінімен жұмыс істедім. Құқықтық тұрғыда 
әлемнің саяси картасында дәл осы күні жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан 
Республикасы пайда болды.
Осылайша, тарихи әділеттік орнап, бабаларымыздың ұлы арманы 
орындалды. Бұған дейін декларация түрінде ғана болған мемлекеттік тәу-
елсіздік енді конституциялық негізге ие болды. Заңдағы 18 баптың біріншісі
біздің елімізді ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілейтін және жүргі-
зетін тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет деп жариялады.
Осы жерде аздап шегініс жасамақпын. Меніңше, Тәуелсіздік күні тек 
ресми бекітілген мерекелік дата ғана болуға тиісті емес. Бұл күннің одан 
анағұрлым маңызы үлкен мазмұны бар. Ол тәуелсіздік жолындағы күрестің
нүктесін қоюмен бірге, оның басталған күні де болды. Бүгін әр қазақстан-
дық оны өзінің жеке тәуелсіздігі мен табысты күні есебінде мерекелей 
алады.
Республиканың барлық халқы үшін маңызды, біздің әрқайсымызға 
Қазақстанның азаматы болу құқығын сыйлаған «Қазақстан Республикасы-
ның азаматтығы туралы» заңға арада бірнеше күн өткен соң – 20 желтоқ-
санда қол қойдым.


34
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Енді ел азаматтарын сыртқы қатерден қорғауды өз әскері қамтамасыз 
етеді. Менің 1992 жылдың 7 мамырындағы Жарлығыма сәйкес, Қазақстан 
аймағында дислокацияланған ТМД Қарулы күштерінің әскери бөлімдері 
республиканың жаңадан құрылған Қарулы күштерінің құрамына енгізілді. 
Алғашқы Қорғаныс министрі болып даңқты армия генералы Сағадат Нұр-
мағамбетов тағайындалды. Соның алдында, қаңтар айында, біз ішкі және 
шекара әскерлерін құруды бастаған едік.
Рәміздер – мемлекеттіліктің атрибутикасы. Жас республикаға өзінің 
ерекшелігін айшықты да қысқа, түсінікті бейнеде ұқтыратын символдар 
қажет болатын. Осынау жауапты міндеттің шешімі көп күш қуат талап 
етті. Ұзаққа созылған жұмыс менің белсенді қатысуыммен, 1992 жыл-
дың жазында аяқталды.
Сол жылдық 4 маусымында тәуелсіз Қазақстанның рәміздері бекітіл-
ді. Көк байрақта самғаған қыраны бар, күннің нұры мен шаңырақ, қанат-
ты тұлпар кейпіндегі елтаңба бүкіл әлемге танылды. Қазақстанның және 
бұрынғы одақтас республикалардың ұзақ уақыт аңсаған тәуелсіздікті алу 
қуанышы біздің халықтарымыздың маңдайына жазған тарих дүбірінің күр-
делілігін ұғынуға жалғасты.
Әлем жаңа мемлекеттердің қалыптасуына мұқият зер салды. Қазақстан-
ның тәуелсіздігін алғашқы болып Түрік Республикасы мойындады. Оқиға 
Тәуелсіздік туралы Заңға қол қойылғаннан кейін бірнеше сағат өткенде 
жүзеге асты және қазақстандықтар түркі ынтымағының мұндай көрінісін 
жоғары бағалады. Келесі 11 желтоқсан күні Қазақстанды Ресей Федерация-
сы, 25 желтоқсанда Америка Құрама Штаттары мойындады. 1992 жылдың 3 
қаңтарында бұл ұлы державаларға – Қытай, ал жылдың соңына дейін тағы 
102 мемлекет қосылды.
1993 жылдың 2 наурызында БҰҰ Бас Ассамблеясының пленарлық 
мәжілісінде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданып, әлемдік 
қоғамдастықтың толыққанды мүшесіне айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет