ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
421
2010-шы жылдардың ортасына қарай елде кеңес беру, ақылдасу ұй-
ымдары, сараптамалық және жұмыс топтары сияқты түрлі пікір алмасу –
диалог алаңдары аз болмады. Алайда бұл құрылымдар толық көлемде
институционалды сипатта болмады, мәселен, Мәжілістегі заңнамаларға
сараптама жүргізетін қоғамдық палата дәрежесіне жете алмады.
Азаматтық қоғам үнін жеткізуші ретіндегі қоғамдық кеңес беру орган-
дарының рөлін арттыру мақсатында 2015 жылдың қараша айында мен
«Қоғамдық кеңестер туралы» заңға қол қойдым. Енді автономды және дер-
бес қоғамдық кеңестер республикалық (министрліктер, орталық басқару
органдары) деңгейде ғана емес, жергілікті, өңірлік деңгейде де құрыла
алатын болды. Кеңестер коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен,
ғылыми ортадан, ҚХА-дан, БАҚ-тан, бизнес ассоциациялардан, беделді
сарапшылардан және қарапайым азаматтардан құрылады. Заңға сәйкес
қоғамдық кеңес мүшелерінің үштен екісі жұртшылықтың өкілдерінен, ал
үштен бірі Үкіметтің құрамына кірмейтін атқарушы биліктің қызметкерлері-
нен құралуы тиіс. Қоғамдық кеңестің ұсыныстарын міндетті түрде мемле-
кеттік органдар қарайды.
2016 жылы елде екі жүзден астам қоғамдық кеңестер пайда болды. Үкімет
олардың өкілеттілік шеңберін айқындады: қоғамдық кеңестер әкімдердің
есеп берулерін тыңдайтын болады, өңірлік басымдықтарды анықтайды,
қандай да бір мәселелер бойынша тыңдаулар өткізеді, олардың пікірлері
өңірдің, яки белгілі бір саланың бюджетін қалыптастыру кезінде ескерілетін
болады. Қоғамдық кеңестерге мол мүмкіндіктер берілген – олар азаматтар
мен биліктің арасын байланыстырушы мемлекеттік құрылымдарға азамат-
тық бастамаларды жеткізуші коммуникативтік арнаға айналады. Осылай-
ша, «Қоғамдық кеңестер туралы» заң азаматтық қоғамды нығайтудың Ұлт
жоспарын орындаудағы маңызды қадамы болды.
Достарыңызбен бөлісу: