НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет235/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Мемлекеттік тілдің дамуы
Тіл саясаты, бұрынғыдай, 2010-шы жылдары да мемлекеттік тілді да-
мытуға және қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын байытуға 
бағытталды. «Қазақстан-2050» стратегиясында мен қазақ халқына, біздің 
тіліміз бен мәдениетімізге қатысты тарихи әділеттіліктің қалпына келтіріл-
генін атап айттым.


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
435
2011 жылғы қаңтар айындағы Жолдауымда қазақстандықтардың
мемлекеттік тілді ықыласпен үйреніп жатқандарын атап өттім. Мемле-
кеттік тілді білетін тұрғындардың саны алғашқы онжылдықтың басында 
67 процентке дейін жетсе, ал 2016 жылы 80 проценттен асты. Мемле-
кеттік қазақ тілі жыл өткен сайын қазақстандықтардың басым бөлігінің 
туған тіліне айналып келеді.
2014 жылы Тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының екінші 
кезеңі басталды. Қазақ тілі орталықтары жүйесін ұлғайту бойынша жұ-
мыстар жалғасын тауып жатты. Мемлекеттік тілді оқып-үйренудің жаңа 
технологиясы және бағалау стандарттары (ҚАЗТЕСТ) енгізілді. Әртүрлі 
теледидарлық тілдік бағдарламалар жасалды. «Қазақстан Республика-
сының Мемлекеттік тілі» порталы белсенді жұмыс істей бастады, мұнда 
ондаған пайдалы сервистер орналастырылған. Отыз томнан тұратын 
«Қазақша-орысша салалық сөздіктің» жаңа басылымы әзірленді. 
Мектептерде мемлекеттік тілде білім беру ісін дамыту жолға қойылды. 
2017 жылы елімізде қазақ тілінде оқытатын мектептердің саны 3,8 мыңға 
жетті. 
2010-шы жылдары мемлекеттік тілді дамытуға байланысты үлкен мін-
деттер алға қойылды. Қазақстандықтарды, алдыңғы орында жастарды, 
тіл әлеуетін үнемі арттырып, байытып отыруға бағыт берілді. 2011 жылғы 
қаңтар айындағы Жолдауда 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгерген 
қазақстандықтардың үлесін 95 процентке жеткізу, ағылшын тілін білетін-
дердің санын 20 процентке дейін апару көзделді. Мен әрдайым қазақстан-
дықтар үшін үш тілді меңгеру – міндетті шарт екенін айтып жүрмін.
Үш тілді оқып-үйренуге байланысты жұмыста, сөз жоқ, мемлекеттік 
тіл бірінші орында болып келді және алдағы уақытта да солай болады. 
2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында нақты 
атап айтқанымдай, кез келген ұлт-мемлекет – бұл бәрінен де бұрын 
бірегей мемлекеттік тіл. 
2015 жылы үш тілде білім берудің 2020 жылға дейінгі «Жол картасы» жа-
салды, оны орта және жоғары мектептерде бірте-бірте енгізудің кезеңдері 
белгіленді. 
Дәл бұрынғыдай этностық тілдерге де қолдау көрсетілді. 2010-шы жыл-
дары этномәдени орталықтардың өз үні болып табылатын алпыс газеті 
және сайттары он бес тілде жарық көрді. Неміс, корей, украин, ұйғыр, 
әзербайжан, татар, түрік тілдеріндегі республикалық газеттер мемлекеттің 
қолдауымен шығып жатты. «Мәдениет және білім» телеарнасының эфирін-
де хабарлар ұйғыр, корей, неміс тілдерінде таратылып жатты. Екі жүзге жуық 
діни және ұлттық мектептерде отыздан астам этностардың тілдері оқытылды. 


436
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2010-шы жылдары ағылшын тілін оқып-үйренуге деген қазақстан-
дықтардың, әсіресе жастардың құлшынысы белгіленген межеден асып 
түсіп жатты. Онжылдықтың орта тұсында әрбір бесінші қазақстандық ағыл-
шын тілінде сөйлей бастады (1990-шы жылдардың басында бұл көрсеткіш 
2 процент қана болған). 
Үш тілді қатар меңгерген қазақстандықтардың саны да өсе түсті, еліміз-
де олардың саны 16 процентті құрады. Біздің елдің азаматтары үш тілді 
білу – бұл жаһандану дәуіріне берілген жолдама екендігін, бұл адамның 
өмірде зор табыстарға жетуіне жол ашатынын түсіне бастады. 
Бірнеше тілді білу үлгісін мен өзім көрсеттім. 2016 жылы ақпанда көпте-
ген ел президенттерінің бір ғана тілде сөйлейтініне назар аудардым. Алай-
да мен үнемі барлық қазақстандықтардың мені түсінуі үшін үнемі екі тілде 
сөйлеймін. 
2016 жылы 1 наурызда, Алғыс айту күнінде, тағы да қайталай: «Біз 
үштілділікке бағыт алдық және бұл – уақыттың таңдауы. Мемлекеттік тілді, 
ұлт құраушы этностың тілін білуге біз міндеттіміз. Сондықтан да балала-
рымызға қазақ тілін мектеп партасына отырғаннан бастап оқытамыз. Біз 
сонымен қатар, ағылшын тілін де білуіміз керек, өйткені бұл – инновация 
мен технологияның тілі. Орыс тілін ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде 
білудің маңызы зор», – деп айтқан едім.
Осылайша, Қазақстанның тәжірибесі көрсеткендей: қалыптасқан мем-
лекет – бұл орныққан, таразыланған тіл саясаты деген сөз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет