426
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
қыркүйек айында БҰҰ төрінде сөйлеген сөзімде бұл форумдарды Біріккен
Ұлттар Ұйымының аясында өткізуді ұсындым. Мен біздің заманымыздың
көрнекті рухани қайраткерлерімен әлденеше рет сөйлестім. Олар бір
ауыздан: «Қазақстан – әлемдегі мұсылмандар, христиандар, католиктер,
протестанттар, буддалықтар, иудалықтар тату-тәтті
тұратын бірден-бір
ел. Бұл – олардың бірге бас қосып, өз мәселелерін талқылайтын жалғыз
орын», – дейді.
Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының IV съезі 2012 жылы 30–
31 мамырда Астана қаласында өтті. Съезге әлемнің 40 елінен 85 делегация
қатысты. Форумның басты тақырыбы – «Бейбітшілік пен келісім – адамзат-
тың таңдауы». Съезд жүріп жатқан кезде өзге де гуманитарлық форумдар
мен ынтымақтастыққа бағытталған Дін
көшбасшыларының кеңесі жұмы-
сын бастады. IV съездің қорытындысы бойынша жарияланған Үндеуде дін
көшбасшылары бүкіл адамзатты болашақ өмір үшін өзара бірлікке, татулық
пен бейбітшілікті сақтауға, әділдік пен жасампаздыққа шақырды.
Съезге қатысушылардың бірі – Израильдің Бас Сефард Раввині Шломо
Қазақстанның конфессияаралық татулық пен толеранттылықты қамтамасыз
етудегі күш-жігеріне жоғары баға берді. Оның сөзінше, бұл – бүкіл адамзат
үшін жарқын үлгі. «Қазақстан Президенті, – деді Шломо Амар, – жаңа БҰҰ-
ны құрды, ол тек халықтарды ғана біріктіріп қоймай, діндер мен мәдениет-
терді де тоғыстырды».
2015 жылғы 10–11 маусымда өткен Әлемдік және дәстүрлі дін көшбас-
шыларының V съезі бұрын-соңды болмаған құрамда болды. Астанада
БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун, Иордания королі Абдалла II, Финлян-
дия
президенті Саули Нийнисте, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Ламберто Заньер,
ИЫҰ Бас хатшысы Ияд бен Амин Мадани және өзге де саясаткерлер,
дін және қоғам қайраткерлері жиналды. Съезде барлығы 42 елден 80-ге
жуық делегация келді.
2010-шы жылдардың ортасына қарай күшейе түскен жаһандық шие-
леніс пен әлемнің түрлі ошақтарында өршіген этностық және діни негіздегі
жанжалдар жағдайында осы Форумның өткізілуі ерекше мәнге ие болды.
«Бейбітшілік және даму жолындағы діни және саяси қайраткерлердің диа-
логы» съездің негізгі тақырыбына айналды.
Менің ойымша, дін көшбасшыларының ұсыныстары діни сенім тұрғы-
сында адасып жүрген жандарға көмегін тигізуі мүмкін. Дінге шын беріл-
гендерге
жеккөрушілік, сабырсыздық, қаталдық пен жақындарына деген
әділетсіз қарым-қатынастың жат екендігі туралы ұжымдық ортақ ойлар –
бүгінгі таңда кез келген дау-жанжал мен күш қолдануды тежеудің шешуші
факторы болып табылады.
ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ
ЖАҢҒЫРУЫ
427
Съезд декларациясы әскери қақтығыстарды тоқтату, саяси қайшылықтар-
ды күшпен шешуден бас тарту, державалар арасындағы сенімсіздікті жою,
конфессияаралық алауыздық отын тұтатуға бұқаралық ақпарат құралдарын
пайдалануға жол бермеу мәселелерінде, сол сияқты аштық, жұқпалы індет,
жұмыссыздықпен күресте діни және саяси қайраткерлерді күш біріктіруге
шақырды.
Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съездері діни тұлғалар
мен саясаткерлердің өзара диалогы форматында өтіп жатыр. Біз, осылай-
ша, рухани күш-жігер таныту арқылы әділетті үстем етуге ұмтыламыз.