Жоғары жетістіктер спорты: тәуелсіздік жеңістері
Бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортының оңтайлы теңгерімі
Қазақстан спортының позитивті ерекшелігіне айналды. Жоғары жетістіктер
спортының бәсекеге қабілеттілігі, әлемдік аренадағы табыстар – бұқаралық
спорт үшін таптырмас өнеге.
Қазақстандықтар үшін қашанда Олимпиялық ойындардың маңызы аса
зор. 2012 жылдың шілде-тамыз айларында Лондонда XXX Жазғы Олим-
442
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
пиада өтті. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есеп бойынша 205
елдің арасында 12-ші жоғары орыннан көрінді.
Қазақстандық спортшылар 13 медаль иеленді. «Алтын» медальды жеңіп
алған Серік Сәпиев техникасы жоғары боксшы ретінде Баркер кубогына ие
болды.
2014 жылы Ресейдің Сочи қаласында өткен Қысқы Олимпиада ойында-
рында мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен қола жүлдегер атанды.
Рио-де-Жанейрода өткен 2016 жылғы Олимпиада Қазақстан үшін
аса табысты өтті. 17 алтын, күміс, қола медальдар Қазақстанға коман-
далық есеп бойынша 22-орынға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Олим-
пиада «алтынына» ие болған спортшыларымыз: суға жүзуден – Дми-
трий Баландин, ауыр атлетикадан – Нижат Рахимов, бокстан – Данияр
Елеусінов. Күміс жүлделерді Жазира Жаппарқұл (ауыр атлетика), Елдос
Сметов (дзюдо), Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов (бокс) пен Гүзел
Манюрова (әйелдер күресі) иеленді. Фархад Харки, Александр Зайчи-
ков, Карина Горичева (ауыр атлетика), Галбадрах Отгонцэцэг (дзюдо),
Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Эльмира Сыздықова, Екатерина Ла-
рионова (әйелдер күресі), Иван Дычко, Дариға Шәкімова (бокс) қола
жүлдегер атанды.
2014 жылғы XVII Жазғы Азия ойындарында (Инчхон қаласы, Корея) Қа-
зақстан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, биік табыстарға қол жеткізді.
Құрлықтық сайыстарда командалық есеп бойынша төртінші орынды ие-
леніп, 84 медальды жеңіп алды. Суға жүзуден Дмитрий Баландин үш ал-
тын медальға қол жеткізді. Боксшыларымыз да тамаша өнер көрсетіп, он
алты медальдың алтауын жеңіп алды. Тағы бір жарқын спорт мерекесі –
VIII Қысқы Азия ойындары 2017 жылдың ақпан айында Жапониядағы Сап-
поро қаласында өтті. Бұл жолы Қазақстан 9 алтын, 11 күміс, 12 қола жүлдеге
ие болып, төртінші орыннан көрінді.
Алматы қаласында 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығын-
да өткен Қысқы Универсиада спорт әлеміндегі айтулы оқиғалардың бірі
болды. Универсиадаға 57 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысты. Жа-
рыс спорттың 12 түрі бойынша өтті, 85 медаль жиынтығы жүлдеге тігілді.
Қазақстанның жас спортшылары туған елдің төрінде тамаша өнер көр-
сетіп, командалық есеп бойынша екінші жүлделі орыннан көрінді, 11 алтын,
8 күміс, 17 қола медальға ие болды.
2014 жылы қараша айында Алматыда ауыр атлетикадан әлем чемпио-
наты өтті. Қазақстан құрамасы үшінші орын алды. 2014 жылы мамыр айын-
да Астана мен Қарағандыда велосипед спортынан Азия чемпионаты өтіп,
Қазақстан құрама командасы екінші орынды иеленді.
ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
443
Халықаралық аренадағы қазақстандық спорттың мәртебесі біртіндеп
өсе бастады: тек 2015 жылдың өзінде ғана жалпы алғанда жеті жүздей ме-
даль жеңіп алынды. Қазақстандық спорттың табыстары спортшылардың
ынтымағын, ерік күштерін паш етті, патриоттық рухты аспандатты.
Қазақстандықтар кәсіби спортта да жарқын жетістіктерге жетті. А. Ви-
нокуров, А. Луценко, Ф. Ару, В. Нибали өнер көрсеткен «Astana Pro Team»
әлемдегі ең табысты велокомандасы атанды. Веложарысқа қатысушы ко-
мандалар жеке сында да, «Тур де Франс», «Вуэльта», «Джиро д`Италия»,
«Париж-Ницца» командалық жарысында да бақ сынасты.
2013-2015 және 2017 жылдары «Astana Аrlans» кәсіби спорт клубы
«Дүниежүзілік бокс сериясы» (WSB) жобасы бойынша чемпион атанды.
2010 жылы кәсіпқой бокстан (WBA) әлем чемпионы құрметті атағын қа-
зақстандық Бейбіт Шүменов жеңіп алды, бұл титулды ол 2014 жылға дей-
ін ұстап тұрды. Қазақстандық орта салмақтағы кәсіби боксшы, 2010 жыл-
дан бастап бірнеше нұсқа бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин
бүкіл әлемнің миллиондаған жанкүйерінің батырына айналды. 2013 және
2017 жылдар аралығында Г. Головкинді «Ring» арнайы басылымы «Жыл
боксшысы» деп жариялады.
Футбол жанкүйерлері үшін аса маңызды оқиға болды: алғаш рет отан-
дық футбол тарихында – 2013 жылы Еуропа клубтық турнирінің топтық
кезеңіне – Еуропа Лигасына қарағандылық «Шахтер» футбол командасы
енді. 2015 жылы елордалық «Астана» футбол клубы ең беделді халықара-
лық клуб турнирінің – Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне енді.
Қазақстандық спортшылардың жетістіктері елдің толымды табыста-
рымен астасып жатты. Олар өздерінің жарқын жеңістерімен Отанымызды
даңққа бөледі, Қазақстан Республикасының халықаралық беделін көтеруге
лайықты үлес қосты.
Біздің спортшыларымыздың жеңісі – Қазақстан халықтарының мерейі.
Қазақстан спорт саласы бойынша көптеген этнос өкілдерін әлемге таныт-
ты. Олимпиялық құрама команда халықтың нағыз спорттық Ассамблеясы-
на айналды. Спорттағы жетістіктер, бұқаралық жарыстар елді жақындасты-
ра түседі, бірлік пен өзара түсіністікке қызмет етеді.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасы әлемдік спортта
лайықты орын алды. Егер әрбір қазақстандық біздің олимпиадашылар
тәрізді тек алға ұмтылса, онда Қазақстан сөзсіз алдыңғы қатарлы елге
айналады.
444
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Достарыңызбен бөлісу: |