НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Дене шынықтыру мен бұқаралық спорт –



Pdf көрінісі
бет238/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Дене шынықтыру мен бұқаралық спорт – 
ұлт денсаулығының негізі
Спорт саласындағы басым саясат – бұқаралық спорттың дамуына 
жағдай жасау. 2010 жылы Қазақстанда жиырмадан астам ұлттық спорт 
түрлері жанданып, бұған екі жүз елу мыңдай адам қатысты. 2011 жылы 
«Ел қай раты» республикалық, ауылдық дене шынықтыру-спорт қоғамы 
құрылды.
2011 жылдан бастау алып, жыл сайын өткізілетін «Қазақстан Барысы» 
ұлттық қазақ күресінің республикалық турниріне қазақстандықтар ерекше 
құрметпен қарады. Турнирде балуандар Қазақстан Республикасы Прези-
дентінің жүлдесі үшін бақ сынасады. Көркем безендірілген алаңдағы алып 
балуандар айқасы бірден көрермендердің қатты қызығушылығын тудырды. 
Қазақ күресі еларалық аренаға шығып, «Еуразия Барысы» және «Әлем Ба-
рысы» халықаралық турнирлері өткізілді. Бұл спорт түріне – қазақ күресінің 
жарысына отыз елдің балуандары қатысты. 
Ұлттық спорт түрлерінен, Жазғы және Қысқы ауыл ойындарынан, Халық 
спорты ойындарынан Қазақстан чемпионаттары ұдайы өткізіліп тұрады. 
Ұлттық спорт түрлерінің өкілдері 2014 жылы Қырғызстанда өткен Көшпен-
ділердің бүкіләлемдік ойындарына қатысты. 
2010-шы жылдардың ортасына қарай елде 35 мыңнан астам спорттық 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
441
нысан, 400 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, мектеп-интернатта-
ры, сондай-ақ 700 балалар мен жасөспірімдер клубы жұмыс істеп тұрды. 
Оқушылардың 40 процентке жуығы спорттық секцияларға қатысты. Бокс, 
футбол, күрес, дзюдо, ауыр және жеңіл атлетика, шаңғы сияқты спорт түр-
лері кеңінен таралды. 2014 жылы өңірлерде 18 дене шынықтыру және са-
уықтыру кешенінің құрылысы басталды. Астана қаласында велостанса са-
лудың жобасы қолға алынды. 
Ірі халықаралық жарыстар мен ұлттық чемпионаттар өткізу үшін, сон-
дай-ақ спортпен шұғылданғысы келген барша халыққа арнап «Астана Аре-
на» футбол стадионы, конькимен жүгіру стадионы, велотрек, «Қазақстан» 
спорт сарайы, трамплиндер кешені, шаңғы және биатлон стадионы, «Шым-
бұлақ» тау базасы, «Медеу» мұз айдыны сияқты бірегей нысандар салын-
ды және қайта жөндеуден өтті. 
21 олимпиялық даярлық және олимпиада ізбасарлары орталықтары жұ-
мыс істеп, онда Қазақстанның құрама командалары шеберліктерін шыңда-
ды. 2014 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында AIBA Бүкіләлемдік 
бокс академиясы ашылды. Бұл – әлемдегі осындай тұңғыш оқу-спорт кешені.
2016 жылы сәуір айында 2025 жылдарға арналған жаңа Дене шынықты-
ру және спорт тұжырымдамасы бекітілді. Бұл тұжырымдамаға сәйкес, ай-
мақтық спортты қолдауға көп көңіл бөлінді. Егер 2010 жылдың бас кезінде 
ұдайы дене шынықтырумен және спортпен қазақстандықтардың 20 про-
центі шұғылданса, 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 30 процентке дейін 
өседі. Жоғары оқу орындары мен мектептерде спорт секцияларының жұ-
мысы қарқынды түрде жүргізіліп келеді. 
Елде саламатты ұлт, аурудың алдын алу және жағымсыз әлеуметтік құ-
былыстардың негізі – бұқаралық спорттың дамуына барлық жағдай жа-
салған. Қазақстан жастарының денсаулығы мықты, табысты әрі спортпен 
шұғылданатын жандарға еліктеуі маңызды әрі қуантарлық жағдай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет