НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Қазақстан – халықаралық деңгейдегі теңдессіз арағайын



Pdf көрінісі
бет255/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Қазақстан – халықаралық деңгейдегі теңдессіз арағайын 
Жаңа жаһандық ахуалда Қазақстан өзін маманданған халықаралық 
деңгейдегі дара бітімгер ретінде танытты. Бір атап айтарлығы – бұлай бо-
луының себебі: ең алдымен біздің еліміздің күрделі жаһандық және өңір-
лік проблемаларды реттеуге байланысты ұжымдық қызметке тікелей және 
позитивті түрде қатысып отыруы дер едік. 2010-шы жылдардың оқиғалары 
Қазақстанның аралық миссиясының дербес және тиімді болғанын дәлел-
дейді.
Қазақстан дипломатиясына диалог философиясы, ымыраға келу және 
өзара тиімді әріптестік тән. Қазақстанда жүзден аса этнос тату-тәтті өмір 


474
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
сүріп жатса, дәл осының өзі – шынайы бейбітшілік қорғаушысы ретіндегі 
біздің елімізге деген сенімді ұлғайтады. Қазіргі Қазақстан – бұл халықара-
лық диалог алаңы. Бәлкім, осының өзі Қазақстанға бүйрек бұрғызып, өзара 
дау-шарға ұшыраған тараптар кездесуді, диалогты біздің аумақта жүргізуге 
сұраныс білдіретін болар. 
2012–2013 жылдары Иранның ядролық бағдарламасы айналасында 
жаһандағы жағдай күрделі сипат алды. Тұйықтан шығар жол табу үшін, 
менің ұсынысыммен, 2013 жылы ақпан және сәуір айларында біздің тіке-
лей ықпалымызбен Алматыда Иранның және «алтылық тобының» (Ресей, 
АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия) келіссөздерінің алғашқы 
екі раунды өткізілді. Қазақстан ұйымдастырушы және дара бітімгер ретінде, 
қатысушылар атап көрсеткендей, дұрыс нәтижеге қол жеткізу үшін өзінің 
елеулі үлесін қосты. Алматы келіссөздерінің қорытындылары ирандық 
ядролық бағдарлама аясындағы жағдайларды реттеу бойынша Бірлескен 
жалпы іс-әрекет жоспарының (2015) негізіне алынды.
Оған қоса, 2015 жылдың желтоқсан айында Еуроодақ тек қана Қа-
зақстанға БЖІЖ-нің имплементациясына ықпал жасау жөніндегі ұсыныспен 
шықты. Онда бүкіл әлем Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіс-
сөздерге көз тігіп отырған болатын. Қазақстан – өзінің бейбітшілікті қол-
даушы ұстанымына адал ел ретінде көмек қолын созып, ұсынысты қол-
дауға шешім қабылдады. 2015 жылы 27 желтоқсанда «алтылық тобының», 
Иран мен МАГАТЭ-нің үйлестірілуімен, «Қазатомпром» ұлттық компания-
сы Иранға бұл елден байытылған уранды алып кету үшін өтемақы ретінде 
коммерциялық жағдайда табиғи, байытылмаған уранның партиясын жет-
кізіп берді. Соның нәтижесінде 2016 жылдың 16 қаңтарында имплемента-
цияға қол жеткізілді және көптеген санкциялар Ираннан алынып тасталды. 
Әрине Қазақстанның батыл араағайындығы болмаса, Бірлескен іс-әрекет 
жоспарының қатысушылары («алтылық тобы» және Иран) оны орындауға 
кірісе алмаған болар еді. 
Қазақстан кезекті рет ядролық қаруды таратпау жолындағы өзінің көш-
басшылық және күрделі халықаралық проблеманы шешу жолындағы өзінің 
конструктивтік рөлін көрсетті. 
Жеке өз басым әрдайым Иран басшылығын ядролық қарудан бас тар-
туға шақырдым және Қазақстанды үлгі ретінде мысалға келтірдім. Менің 
дәлелдеріме олар құлақ асты. Бұл – Иранның ядролық бағдарламасы ай-
наласындағы жағдайды реттеу үшін маңызды алғышарт болғаны анық. 
2014–2015 жылдары Қазақстан өткір украиналық дағдарыстың дұрыс 
шешім табуына қатысты. Менің жастық шағымда металлург мамандығын 
алу үшін оқыған қаламда қантөгіс басталған кезде, мен ондағы өтіп жатқан 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
475
оқиғаларға бейжай қарай алмадым. Алдын ала қолға алынған шаралар-
дың арқасында, 2014 жылы тамызда Минскіде жоғары деңгейдегі кездесу 
өткізілді (Кеден одағы – Украина – ЕО) және алғашқы Минск келісіміне қол 
қойылды.
Көптеген мемлекет басшылары менімен Украинадағы жағдайға бай-
ланысты ой-пікір бөлісті. 2014 жылы желтоқсан айында біздің арамызда 
болған әңгімеден кейін Франция президенті Ф.Олланд Парижге қайтар жо-
лында Мәукеуде конструктивті аялдама жасады.
2014 жылы 19 желтоқсанда маған Петр Порошенко телефон қоңырауын 
шалып, Украинаға келіп қайтуға шақырды. Сапар 22 желтоқсанда жүзеге 
асты, ал соның алдында, 21 желтоқсанда Донбасстағы әскери іс-қимыл-
дарды тоқтатуға арналған Киев пен Донецк келіссөзі тағы да үзіліп қалған 
болатын. Сонда мен өз ішімнен украиналық дағдарысты тезірек шешу-
дің маңыздылығы туралы және украиналық-ресейлік қарым-қатынасты 
қалыпқа келтіру жөнінде жұртшылыққа Жолдау жасаймын деп шештім. 
Өзімнің Жолдауымда: «Екі жақ үшін де ең өзекті мәселе – соғысты тоқта-
тып, келіссөз үстеліне отыру», – дедім.
Порошенкомен жабық келіссөзден кейін мен Киевтен қайтар жолда 
Мәскеуге ұшып келдім. Ұшақта келе жатып мен Франсуа Олланд пен Петр 
Порошенконың пікір-көзқарастары бойынша өз қолымнан компромисстік 
ұсыныстарды қағазға түсірдім. Мәскеуге келген соң оны Владимир Путинге 
ұсындым.
Қазақстанның араағайындығымен келіссөздер 2015 жылы қаңтар ай-
ында Астанада өткізілмекші еді, алайда бұған Украинаның оңтүстік-шығы-
сындағы кезекті шиеленістер кедергі жасады. Дегенмен де біздің тамырды 
дұрыс басуымыз – өз нәтижесін берді. 2015 жылы 11 ақпанда кешкісін Бе-
ларусь астанасында ресми Киев, Мәскеу, Париж және Берлин алғаш рет 
дөңгелек үстел басында қақтығыстарды реттеудің жолдарын талқылауға 
отырды. «Норманд төрттігі» Минск келіссөзінде бәтуаға келді, сол келісім 
бүгінгі күнге дейін Украинаның оңтүстік-шығысындағы кикілжіңді реттеуде 
базалық құжат болып табылады. 
Біз одан кейінгі уақытта да украиналық дағдарысты шешу үшін барлық 
мүмкіндіктерімізді жұмсадық, бейбіт диалогты ұйымдастыруға өзіміздің 
әрқашан да дайын екендігімізді білдіріп отырдық. 
Әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы біздің 
еліміздің айрықша үлесі деп, сөз жоқ, 2015 жылғы қарашада атып түсіріл-
ген ресейлік әскери ұшаққа байланысты кенет ушыққан түркиялық-ресей-
лік қарым-қатынасты қалпына келтіру жолында жүргізген белсенді жұмы-
старымызды атауға болады. Шындығында да, сол жылдың соңына қарай 


476
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
жетекші екі еуразиялық державалар – Ресей мен Түркия арасындағы қа-
рым-қатынас «құрдымға құлай» бастады, ал мұны бүкіл қазақстандықтар 
жүректері ауыра қабылдады. Мұндай қиын жағдайда сырт қалып, Қа-
зақстанның стратегиялық әріптесі мен одақтасы бір-бірімен достастықтан 
кетіп бара жатса, бұған қол қусырып қарап отыруға менің дәтім шыдамады. 
Оқиға орын алған алғашқы күннен бастап-ақ мен қалай болғанда тәжіке-
лескен тараптарды дағдарыстан алып шығуға болады деп көп ойландым, 
жағдайды ақыл таразысына салдым, Кремльмен де, дәл солай Ақсараймен 
де тығыз байланыс ұстадым. 
2016 жылдың алғашқы жартысында мен Түркия президентімен де, Ре-
сей президентімен де жиі байланысқа шығып, белсенді түрде оларды та-
туласуға шақырдым. Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты қа-
лыпқа келтіру үшін алғашқы шешуші қадамдар менің тікелей қатысуыммен 
16 маусымда Санкт-Петербургте, ал одан кейін 24 маусымда Ташкентте 
ШЫҰ-ның саммиті өткен кезден басталды. Осыған қатысты маңызды мис-
сияны менің тапсырмаммен Түркиядағы Қазақстанның елшілігі атқарды. 
2016 жылы 27 маусымда президент Р. Эрдоғанның жолдауын ресми түрде 
президент В.В. Путин қабылдады. Владимир Путин хатты өзінің көмекшісінің 
қолынан алды және құжатты мұқият оқыды. Ашығын айтқанда, ресейлік көш-
басшының алғашқы көңіл-райы көп үміт күттіретіндей болған жоқ. Ол маған 
бұл қадамды құптамайтынын түсіндіре бастады. Сонда мен оған былай дедім: 
«Владимир Владимирович, Эрдоған Сізге қолын ұсынды, оны құп алыңыз». 
Біздің қалыптан тыс, ерекше күш жұмсауымыздың арқасында Түркия 
мен Ресей президенттерінің арасында тікелей байланысты қалыпқа келтіру 
мүмкін болды. Мұның бір дәлелі – менің Р. Эрдоғанға 2016 жылы 30 мау-
сымда телефон шалуым, әңгіме кезінде түрік көшбасшысы Түркия мен Ре-
сей арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіруге қосқан үлесім үшін 
алғыс білдірді. 
2015-2017 жылдары әлемдік саясаттың күйіп тұрған тақырыбы – аза-
маттық соғыс жүріп жатқан Сириядағы жағдай болғаны анық. 2016 жылы 
Сирияның үкіметтік күштері Ресейдің әскери-ғарыштық күштерінің көме-
гімен жағдайды өзгертуге мүмкіндік алды. Сирия қақтығысына белсенді қа-
тысушылар болып табылатын Ресей, Түркия мен Иранның бастамасымен 
саяси реттеудің жаңа форматын іздеу басталды. Алайда келіссөздерді жүр-
гізетін орын таңдауда мәселе туындады. Сирия дағдарысының күрделілігін 
ескере келе, келіссөз алаңы барлық тараптарды – гарант-елдерді де (Ре-
сей Түркия, Иран), бақылаушыларды да (БҰҰ, АҚШ, Иордания) Сирияны да 
(үкімет және әскери оппозиция) қанағаттандыруы керек болды. 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
477
Барлық жағдайларды сараптай келе және өтіп жатқан оқиғалардың 
жаһандық маңызын түсінгендіктен, мен қол ұшын созуға шешім қабылда-
дым және келіссөздер үшін бейтарап орын санатында Астананы ұсындым. 
Қазақстанның бастамасы Ресей мен Түркияның көзқарастарымен сәйкес 
келді де, ұсыныс қабылданды. Бұл – дүниежүзі қауымдастығы Қазақстанға 
сеніммен қарайтындығын, оны сенімді, тұрақты, ашық әріптес санайтынын, 
Астананы жауапты диалог үшін тиімді орын ретінде қабылдайтынын аңғар-
тады. Сирия дағдарысы – халықаралық проблемалардың тұнбасы. Сон-
дықтан да Астана алаңы – жаһандық және аймақтық тұрғыдан қарағанда 
да ең тиімді нұсқа болды. 
2017 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Астанада жеті күрделі 
де үдемелі келіссөз раундтары өтіп, асыра айтқандық емес, бүкіл әлем өте 
мұқият бақылады. Мұнда соғыс өртінің ортасынан нақты халық жасақтары-
ның командирлері келді. Өте күрделі құрам, әртүрлі көзқарас. Келіссөздер 
ауыр жүрді. Көпшілігі мұның жетістігіне сене қоймағанын мойындаған жөн, 
бірақ пайдалылығы мен ілгері жылжу байқалып қалды. Жекелеген жағдай-
да жетістіктер болды, мәселен, бұрын мүмкін емес деп саналған – Сирия-
дағы деэскалация аумағы құрылды. 
Әлемдік саясатқа 2017 жылы – Астана үдерісі дейтін сыйымды және 
конструктивті ұғым енді. Сарапшылар, тіпті, Астананы Женевамен са-
лыстыра бастады. Астана еуразиялық Женева бола ма – оны уақыт 
көрсетеді. Бір нәрсе даусыз – жаһандық әлем Қазақстан мен Астана-
ның бейбітшілікті сақтаушы әлеуетіне тағы да бір көз жеткізді. 
Бейтарап позицияны сақтай отырып және келіссөздерге қатысушылар-
мен жақсы қарым-қатынас орната алғандықтан, Қазақстан алдағы уақытта 
да Сирияға байланысты халықаралық кездесулер үшін өз алаңын ұсына-
тын болады. Менің ашық және берік көзқарасым осындай. 
Мен үшін әуел бастан-ақ аксиома болған жайт – Қазақстанның болашағы 
бүкіл әлемнің және құрылықтың болашағымен тығыз байланыста екенді-
гі. 2017 жылы қарашада Астана клубындағы жиналыста сөйлеген сөзімде 
мен: «Біз әлемге соңғы кезде оған соншалықты жетіспейтін – жаһандық 
мәселелерді шешуге қажетті бірігуді, жақындасуды және төзімділікті әкелуге 
ұмтыламыз», – деп атап өттім. 
Нақтылы жағдай мынадай: жаһандық дамудың жаңа архитектурасын 
тұрғызу Шығыс – Батыс геосаяси, геоэкономикалық және идеологиялық 
желілерінің бұзылуы жағдайында жүріп жатыр. Біз мұны көріп отырмыз. 
Аталған проблемаларды шешу үшін Қазақстан – қауіпсіздік, экономикалық 
өсу және диалог салаларында біріктіруші қызметін ұсынуға қабілетті. 


478
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет