116
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
шегінің көкжиегі астасып кеткендей көрінеді. Өткенді де еске түсіріп, со-
нымен қоса, таяу арадағы болашаққа да көз
тас тап отыратын бір сирек
сәттер болады. Себебі өткенін ұмытқан жанның жадынан өшіп қалған бағ-
зы күндері болашақта қайта айналып, алдынан шығады.
Мен қазақ халқының мыңжылдық тарихының негізгі кезеңдерін еске ала
отырып, қазақтың өз мемлекеті болғанда, халқымыз ХХ ғасырда дәл осын-
дай қайғы-қасіреттерді бастан кешпейтініне сенімді екенімді ашық айттым.
Егер бүкіл
халық ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылып, егемендігіне
құрыштай қорған болса, енді Қазақстанды ешқандай тарихи дауыл шай-
қай алмайтынына кәміл сендім. Ал сол кезде көршілес елдердегі қарулы
қақтығыстар, өршіген саяси және діни экстремизм, нашақорлық пен есірткі
бизнесі, конституциялық билікті күшпен басып алуға шақыратын деструк-
тив күштер біздің еліміздің де іргесіне келіп, кәдімгідей қауіп төндіріп тұрды.
Ғаламды тітіреткен бұл алапат қауіп-қатерге тек жария түрде, бірлесіп
қана қарсы тұруға болатын еді. Менің осы сөздерім қазақстандықтарға үл-
кен жауапкершілік жүктеп, Қазақстан барысы бойына қуат жиып, рухына
күш қосып, XXI ғасырға қарымды секіріс жасай алатынына кәміл сенсе екен
дедім.
ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
117
Достарыңызбен бөлісу: