Стратегиялық жоспарлаудың маңызы: 1997 жылғы
Жолдау және «Қазақстан-2030» стратегиясы
Мен тәуелсіз Қазақстанды заманауи, тұрақты, өркениетті мемлекет
ретінде құрудың ұзақ мерзімді экономикалық және саяси стратегиясын
әзірлеу жөніндегі шешімді 1995 жылдың соңында қабылдадым.
1996 жылдың сәуір айында құрамына ғалымдар, мемлекеттік органдар-
дың басшылары, сарапшылар кірген Жоғары экономикалық кеңес құрдым.
Олардың алдына Қазақстан экономикасының жай-күйін бағалау және оны
қайта құру жолдарын ұсыну міндеттері қойылды. Кеңес мүшелері 1996–1997
жылдары шетелдік жұмыс сапарлары кезінде стратегиялық жоспарлау мен
құрылымдық реформаның халықаралық озық тәжірибелерін зерттеді. Қа-
зақстандық сарапшылар өзім ынтымақтастыққа тартқан шетелдік әріптес-
терімен тығыз байланыста еңбек етті. 1997 жылдың наурыз айында арнайы
құрылған Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттік жұмысқа кірісті.
Қажетті ақпарат жинақталғаннан кейін ұзақ мерзімді стратегия құруға
арналған методологиялық база жасау қажет болды. Бұл орайда, біз халық-
аралық тәжірибеге жүгіндік. Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму
бағдарламасының қолдауы арқасында Гарвард университетімен байла-
ныс орнатып, стратегия лық жоспарлау бойынша семинар өткізудің мүм-
ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
113
кіндігі туды. 1997 жылдың сәуірінде қазақстандық мамандар тобын Гарвард
университетіне жоғары лауазымды қызметкерлерге арналған семинарға
аттандырдым. Осы семинар материалдарына және бізбен жұмыс істеуге
ықылас танытқан әлемдік деңгейдегі жекелеген сарапшылардың көмегіне
сүйеніп, болашақ стратегияның әдістемелік негізін қаладық.
1990-жылдың екінші жартысында, ел енді ғана ұзаққа созылған дағда-
рыстан шыға бастаған шақта, тұрақты экономикалық даму белгілері де, ұзақ
мерзімге жоспарлаудың нақты негіздері де әлі байқалмаған болатын. Мем-
лекет кірістері мардымсыз болатын: Қазақстан мұнайы ның жыл сайынғы
экспорты небәрі 3,5 миллион тоннаны құрады, 1996–1997 жылдары мұнай-
дың бір баррелі 19–20 доллар еді, 1998 жылы тіпті 12 долларға дейін түсті.
Прагматикалық таным-түсінік елді ертеңгі жеңістер туралы ойлауға емес,
күнделікті күнкөрісті күйттеуге мәжбүрледі.
Бірақ менің мұнымен келіскім келмеді. Күйректікке бой алдыру – қай-
раткерлік болмысымызды жоғалту болар еді. Тарихи кезең көлденең тар-
тып отырған жаңа мыңжылдықтың басы – мен үшін өз еліммен бірге кемел
келешекке көзсіз ерлікпен батыл қадам жасаудың қайталанбас оңтайлы
сәті болып көрінді. Кезекті Жолдауыма Шекспирдің: «Әрбір адамның
өмірінде шарықтау сәті болады, соны орнымен пайдалана білген адам-
ның тасы өрге домалайды», – дейтін, оқыған адамға үлкен ой салатын
сөздерін эпиграф етіп алғаным бекер емес. 1990-жылдың екінші жар-
тысында осындай «шарықтау сәтінің» жақындап келе жатқанын анық
сездім. Қалай болғанда да осы сәтті уысымыздан шығарып алмауға бел
байладық.
Мен 1997 жылдың маусым айында, енді ғана астана болуға дайында-
лып жатқан Ақмола қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының
сессия сында сөйлеген сөзімде ел дамуының алдағы жиырма-отыз жылға
арналған бағдарламасын құруға тапсырма бергенімді алғаш рет ресми
түрде жарияладым және жуық арада осы бағдарламаны Қазақстан халқы
назарына ұсынуға уәде бердім.
Қоғам стратегияны үлкен үмітпен күтті. 1997 жылдың 10 қазанында
«Қазақстан-2030: барша қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі
және әл-ауқатының артуы» атты бағдарламалық Жолдауымды жасаған күні
болашаққа батыл көз тастаған халқымыздың ауқымды істерге бел шеше
кірісуден еш тайқымайтын тау қопарарлықтай қайраты мен саяси ерлігі біз
күткеннен де асып түсті.
Ол уақытта бүкіл әлем экономикалық даму жолында үлкен секіріс жа-
саған «азиялық жолбарыстар» – Оңтүстік Корея, Тайвань, Сингапур, Ма-
114
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
лайзияның табыстарына қайран қалып жатқан еді. Мен бейнелік қуаты
солардан кем түспейтін теңеу тауып, елімізді қазақы ұғымға сәйкес, аспан-
таулардың қарлы шыңдарын мекендейтін текті, есті, қуатты, әбжіл, киелі тау
барысына баладым.
«Қазақстан-2030» стратегиясының басты мақсаты – халқының әл-ауқа-
ты жақсы, ынтымағы мықты, саяси тұрақтылығы мығым тәуелсіз мемлекет
құру болатын. Стратегия қабылданған жылы азиялық қаржы дағдарысы-
ның күрмеуі де шешілді. Бұл жағдай – ұзақ мерзімге жоспарланған страте-
гияның құндылығын арттыра түсті. Міне, осылайша жаңа стратегия қоғамға,
бизнеске дем берді, сондай-ақ әлемдік нарық сәт сайын құбылып тұрған
кезде мемлекеттік сектордың өз бағыт-бағдарын айқындауына жәрдем-
десіп, дағдарысқа қарсы тиімді құралға айналды.
2030 стратегиясында ұзақ мерзімге жоспарланған жеті негізгі бағыт
бөліп көрсетілді. Олар: ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық пен қоғам-
ның тұтастығы; қазіргі нарықтық қағидаларға сәйкес шетел инвестицияла-
рының жоғары қарқыны және ішкі қорлардың көмегімен экономиканы
одан әрі көтеру; денсаулық, білім беру мен қазақстандықтардың әл-ауқаты;
инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс; кәсіби мемлекетті нығайту.
Бұл басымдықтар мемлекет бюджетін қалыптастыруға ықпал етті, стра-
тегияның әрбір тармағы жылдық, үш және бесжылдық жоспарларды жү-
зеге асыруға байланысты нақты әрекеттерді көздеді. Сонымен, зейнетақы,
жәрдемақы мен бюджеттік қызметкерлердің жалақысын уақытылы төлеу,
шағын және орта бизнес, шаруа қожалықтары мен фермерлік қожалықтар
үшін үстемақы мөлшерлемесін төмендете отырып, 100 миллион долларға
несиелендіру; мектептерді, соның ішінде алдымен ауыл мектептерін, ком-
пьютерлендіру сияқты мәселелер алдағы жылдағы ел мен қоғамның таяу-
дағы міндеттері болып белгіленді.
Сонымен қатар, алдағы 1998 жылы жалпы республикалық саламатты
өмір салтына арналған бүкілхалықтық қозғалыс бастау және тұрғын үй
құрылысының ауқымды бағдарламасын жүзеге асыруға кірісу міндеті тұр-
ды.
Күнделікті мәселелерді жаһандық мақсаттарды ескере отырып шешу
қажет еді, осылайша тактика стратегиямен берік байланыста болды.
«Қазақстан-2030» стратегиясында халыққа дамудың тың, озық үлгісін ұсын-
дым. Елдің алыс келешегіне бастар алдын ала болжанған, кең, айқын жолдың
көкжиегі ашылды. Бұл – үнемі әлемдік дамудың соңынан еріп отыратын ескі
сүрлеу-соқпақтан батыл түрде бас тартып, тыңнан жол салу еді.
Қазақстан бұрынғы КСРО-ның жаңа тәуелсіз мемлекеттері арасында
бірінші болып аса ауқымды стратегиялық жоспарлауға кірісті. Тәуелсіздік
ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
115
алған елдердің көпшілігі тек бірнеше жыл өткен соң ғана осындай ұзақ
мерзімді бағдарламаның қажеттігін түсініп, біздің үлгіге ойысты.
Достарыңызбен бөлісу: |