118
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Қала Алматыдан да, басқа үміткер қалалардан да
барлық жағынан
тиімділігімен ерекшеленді. Ақмоланың географиялық жағдайы өте қолай-
лы еді. Қала еліміздің негізгі экономикалық аймақтарын байланыстыратын
ірі көлік қатынасы күре жолдарының торабында орналасқан болатын.
Қазақстанның солтүстігінде және оңтүстігінде экономикалық жағынан
қуатты екі бірдей даму орталығын құрса қалай болады? Осының бәрін ой
сарабына салып, екшеуге тырыстым.
Кеңес өкіметі кезінде Ақмола – құрамына Қазақстанның бес облысы
кірген тың өлкесінің орталығы еді. Сондықтан қалада өлке орталығы болған
кезден қалған ғимараттар да аз емес-ті. Бұларға
көшіп келген республика-
лық министрліктер мен ведомстволарды уақытша орналастыруға болатын.
Сол кезде көлік инфрақұрылымының да үлкен маңызы бар еді. Бұл
жағынан қарағанда да, қала көңілімізден шықты. Ақмолада республика ай-
мақтарын және көршілес мемлекеттердің шекаралас өңірлерін байланыс-
тыратын ірі темір жол торабы тоғысатын. Қазақстандағы негізгі қатынас
құралы темір жол болғандықтан, жаңа астананы таңдаған кезде қаланың
осы артықшылығына айрықша көңіл бөлінді.
Экологиялық фактордың да рөлі аз болған жоқ. Ақмола зілзаладан
қауіпсіз аймақта орналасқан еді. Жер ресурстарының байлығы, сулы-нулы
өзендерінің болуы, Бурабай курортты аймағының жақындығы қала төңірегін-
де қолайлы микроклимат қалыптастыратын экологиялық жасыл белдеу құруға
мүмкіндік туғызатын. Ескі қала маңындағы бос жатқан жерлерде керемет әсем
сәулеттік жобаларды
іске асыруға емін-еркін, батыл кірісуге болар еді.
Астананы жаңа жерге көшіру елдің саяси-әкімшілік элитасын да
жаңғыр тып-жаңартуы тиіс болатын. Билікке ескі сүрлеуді шиырлай бер-
гісі келмейтін жаңа саяси күштердің қосылуы республикадағы мемлекеттік
және әкімшілік басқару жүйесінің дамуына тың серпіліс әкелері анық еді.
Ақмоланың облыс орталықтарынан бірдей қашықтықта орналасуы мем-
лекеттік мәселелерді шешуге оңтайлы болды, саяси және әкімшілік басқару
теңгерімін қамтамасыз етуге де жағдай туғызды.
Әлеуметтік-демографиялық факторлар да жете ескерілді.
Қазақстанда
ішкі және сыртқы көші-қон жүріп жатқан кез болатын. Оңтүстік аймақтар-
дағы артық еңбек ресурстарын орталық және солтүстік аймақтарға бағыт-
тау қажет еді. 1990-шы жылдардың бірінші жартысындағы қарқынды ішкі
көші-қон осы арадан басталды.
1990-шы жылдардың басында жаңа астана жобасының келешегі зор,
ерекше батыл жоба екенін айтып, әділ бағасын бергендер аз болды. Бір
қарағанда тосын жаңалық сияқты көрінетін мұндай тың бастаманың келе-
шегі кемел екенін ұғыну үшін ой алғырлығы, республика жағдайын терең
ҰЛЫ БЕТБҰРЫС. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ
119
зерделей алатын білім-білік пен пайым-парасат қажет еді. Мұндайда алыс-
ты болжай білетін ішкі түйсік те, қиядағыны көре білетін қырағылық та, сон-
дай-ақ саяси және әкімшілік қызмет мектебінің тәжірибесі де керек.
Бәрін ойша сараптап, таразы басына тарттым. Ақыр соңында «Ақмола
– жаңа астана болуы тиіс!» деген берік байламға келдім.
Мен ішкі түйсігіме сендім. Тарихтың бетбұрыс кезеңінде жауапкершілік-
ті мойнына алған саясаткер тәуекелге баруы керек екенін іштей түйсіндім.
Әрине, бұл көзсіз тәуекел емес, ішкі сенім қазығы мықты тәуекел болуы тиіс
деп білдім. «Ой, ең алдымен, адамның қиялында туады, кейін сол ойлаға-
ның шындыққа айналады», деп дұрыс айтылған.
Достарыңызбен бөлісу: