НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет96/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

2.ТӘУЕЛСІЗДІК ТӘЖІНІҢ ЖАҚҰТЫ
АСТАНАНЫҢ МИССИЯСЫ МЕН ЖАСАМПАЗДЫҒЫ
Астана – халық мақтанышы
Б
үгінгі Астананың негізі мыңжылдықтар тоғысында қаланып, санаулы 
жылдар ішінде-ақ ғаламат сұлу заманауи шаһарға, нағыз урбанистік 
жауһарға айналып шыға келді. Еліміздің жаңа астанасын – бүкіл Қазақстан 
халқының арманынан туған ортақ перзенті десе де болғандай. 
Алдыңғы тарауда айтып өткенімдей, астананы Алматыдан Есілдің сол 
жағалауына көшіруді мен көптен ойластырып жүргенмін. Геостратегиялық 
мүдделерді ескеру жағын былай қойғанда, меніңше, жаңа өмірге қадам 
басқан жас елге дәл сондай жаңа да жас орталық – жалынды жүрек ке-
рек еді. Осы бір орасан зор мақсатты қолдап-қуаттаған отандастарымның 
бәріне де алғысым шексіз.
Астана ауыстыру кез келген мемлекет үшін айрықша тарихи кезең са-
налатыны рас. Астанаға алғаш келгенінде Испания королі І Хуан Карлос 
кезінде, мемлекет басындағы ауыр ахуалға қарамастан, сол уақыттағы 
король ІІ Филипптің астананы байырғы Толедодан елдің тура орталық 
тұсына – Мадридке көшірген хикаясын баяндап бергені есімде. Мұндай 
түбегейлі өзгеріс оларда да қызу пікірталас, айтыс-тартыссыз болмаған 
екен.
Жаңа ірге көтерген орталыққа табан тіреудің жарқын мысалы – АҚШ-
тың алғашқы президенті Джордж Вашингтонның тапсырмасымен елсіз жа-
пан далада жаңадан соғылған Вашингтон қаласы. Америка Құрама Штат-
тары үшін жаңа астана британ тәжінен азат болудың символы ретінде де 
аса зор саяси мәнге ие еді.
Болашақ елордамыздың бас жоспары ашық өткізілген халықаралық 
байқаудың нәтижесінде бекітілді. Оған ұзын-ырғасы 47 жоба қатысты, жоба 
авторларының ішінде әлемге аты мәлім қала салушы шеберлер де болды. 
Басым дауыспен әйгілі жапон сәулетшісі Кисё Курокаваның жобасы озып 
шықты. Ол болашақ Астананың келбеті үшін Шығыс мәдениетін батыс өр-
кениеті жауһарларымен байыта түсер, көне мен жаңа өзара жарасым та-
бар, қала кеңістігіндегі заманауи құрылыс үлгілерін мәңгі өзгермес табиғи 
ландшафтпен жымдастырып жіберер айрықша шешім ұсынды.


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
189
Жоба қабылданды, бірақ жапон сәулет өнері кемеңгерінің ойы, менің 
пікірімше, келешекке қол созған еліміздің арман-мұратына әлі де сай кел-
мей жатқандай, қиялымыздағы көрініске дөп келмей тұрғандай еді. Мен 
жобаны әрі қарай жетілдіре түсуді, оған лайықты ауқым мен өріс беруді 
тапсырдым. Бұл істі атқаруға Сәрсенбек Жүнісов бастаған қазақ сәулет-
шілері жұмылдырылды.
Мемлекеттің ендігі маңызды міндеті – жобаны іске асыруға қажетті қо-
сымша қаражат табу еді. Қала құрылысын ойдағыдай жүргізетіндерді қате-
леспей таңдай білудің маңызы да одан кем емес-ті. Күрделілігі бас айнал-
дырардай, жауаптылығы жалпыұлттық дәрежеге көтерілген бұл шаруаны 
тек кәсіби деңгейі аса жоғары шеберлер ғана атқара алатын еді.
Қиын міндеттің екеуі де оң шешімін тапты. Астана өзінің бүгінгі сұлу кел-
беті үшін әлемдік сәулет өнері жұлдыздарына қарыздар. Олардың сіңірген 
еңбегінің ерекше екеніне еш күмән жоқ.
Мен өз тарапымнан ауқымды қала құрылысының барлық ұсақ-түйегіне 
дейін мән беруге тырыстым – ғимараттардың идеясын, олардың мақсатты 
сәулеттік тұжырымдамасын ұсындым, құрылыс жұмыстарының барысын 
бақыладым, нысандарды үнемі аралап жүріп, ештеңенің де ескерусіз қал-
мауын қадағаладым. Шынында да, мен мұндағы әр көшені, әр үйді жақ-
сы білемін, сондықтан да елімізге ат басын бұрған мәртебелі меймандарға 
Астананы аралату кезінде өзімді бейнебір гид секілді сезінемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет