ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
195
айналдыру – өз қолымызда. Біздің саммиттің тарихи маңызы мен атқарар
жүгі де осында деп білемін» деп сөзімді түйіндеген едім.
Қазақстанның жаңа елордасы – Астана тек алға ұмтылуды көздейтін-
мемлекет туралы идеяны айшықтай түседі,
бірегей қазақстандық жолды
сипаттайды, Қазақстанның болашаққа ұмтылысын бейнелейді.
Қазір Астана көз алдымда көркейіп, өсіп-өркендеп келе жатқан уақыт-
та, мен оның дәл осылай құлпыра құбылатын күні
қашан туатынын ар-
мандаған сәтімді еске аламын. Астана Шығыс
пен Батыстың ұлы рухани
құндылықтарын бойына сіңірген асқақ мәдениеттің ордасы болатын күнді
аңсағаным жиі ойыма оралады. Біз Қазақстанды
армандар ақиқатқа айна-
латын ел еттік.