НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет97/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   264
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Ұлы Дала Елінің бас қаласы
Ақорда күмбезіндегі алтын қыран, Қазақ елі монументінің басындағы 
киелі Самұрық құс, дәстүрлі қазақ үйінің сұлбасын еске түсіретін Тәуелсіздік 
сарайы және, көне аңыздарға арқау болған Бәйтерек – Астананың осы 
және басқа да көптеген көрікті жерлері ұлттық мифологиямен, халықтың 
тарихи жадымен тығыз байланысты.
Ұлы тарихи қайраткерлердің есімдерінсіз Астана топонимикасын көз-
ге елестету мүмкін емес. Оның көшелерінде туған жердің тарихы ежел-
гі жауынгерлердің мүсін-тұлғаларында, аңыз қаһармандарында, тотемдік 
жан-жануарлардың бейнесінде қайта тірілгендей болады.
Астананың сәулеттік келбеті сан түрлі ұлт өкілдері мекендейтін қаланың 
еуразиялық болмысынан хабар береді, шаһардың жай механикалық бірігу 
жолымен емес, дүниенің төрт құбыласы – Батыс пен Шығыс, Солтүстік пен 
Оңтүстік мәдениеттерінің үйлесімінен туғанын айғақтайды.


190
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Он жылдан астам уақыттан бері әлемдік деңгейдегі зор оқиғалардың 
куәсі болып келе жатқан Тәуелсіздік сарайының өн бойынан келісті сәулет-
тік шешім мен ішкі функционалды жан-жақтылық өзара жарасым тапқан.
2006 жылы күллі әлемге мәшһүр британ сәулетшісі Норман Фостердің 
жобасы бойынша салынған, биіктігі 62 метрге жететін алып ғимарат – Бей-
бітшілік және келісім сарайы Астананың мәдени өмірінің нағыз орталығы-
на айналды. Оның ішіне кітапхана, музей, тіпті театр да сыйып кеткен. Түр-
лі елдердің дін қайраткерлері өздерінің дәстүрлі кездесулерін өткізу үшін 
осы Бейбітшілік және келісім сарайын таңдайды. Н.Фостер Астанада бұдан 
басқа тағы екі бірегей жобаны жүзеге асырды – 2010 жылдың шілдесінде 
ашылған алып күмбезі бейнесіндегі «Хан Шатыр» архитектуралық ансамблі 
және пішіні аса зор көз ұясына ұқсайтын Назарбаев орталығының ғимара-
ты (2013 жылдың желтоқсан айында ашылды).
2009 жылы «Қазақ елі» сәулет кешені салтанатты түрде бой көтерді. Ұшар 
басына жеңімпаз Самұрық құс келіп қонған, көкке ұмтылған маңғаз мұнара 
Қазақстанның бүгінгі келбеті мен ертеңгі күнін бейнелейді. Осынау ғаламат 
кешен қазақ жазирасының кеңдігінен, ұшы-қиыры жоқ дала тұрғындары-
ның дарқандығынан хабар береді. Қазақ елі монументінің негізінде қазіргі 
заманғы Қазақстан тарихының жарқын беттерін ашатын айшықты бедер 
жатыр. Сонымен қатар, монумент Еуразия кіндігінде жаңа мемлекеттің дү-
ниеге келгенін паш етіп тұр. 
2014 жылдың 24 желтоқсанында тұсауы кесіліп, Ақорда деген атауға ие 
болған ел Президентінің ресми резиденциясы үш жылдан астам уақытта 
салынып бітті. Көк түсті күмбезбен көмкерілген көрікті ғимарат өзінің клас-
сикалық сұлулығымен атам заманғы айбынды сарайларды еске түсіреді 
және дүние жүзіндегі президент резиденцияларының ең көркем «ондығы-
на» еркін енеді. 
Ғимарат Астана сәулет кешенінің күретамыры іспетті түзу сызықтың дәл 
ортасында орналасқан «Хан Шатыр» – «Бәйтерек» – «Ақорда» – «Бейбіт-
шілік және келісім сарайы» – «Қазақ елі»... Кешеннің сәулеттік кескінінде 
Ұлы дала дәстүрлерімен сабақтастық идеясы, сондай-ақ еуразиялық мәде-
ниетті, толеранттылықты алға шығару мақсаты мен қуатты Қазақстан мем-
лекетін қалыптастыру ниеті өзара тоғысып жатыр. 
Елорданың ең ерекше ғимараттарының бірі – «Қазақстан» концерт 
залы. Итальян сәулетшісі Манфреди Николеттидің жобасы 2010 жылы 
Ақорданың маңынан орын тепті. Оның сыртқы сұлбасы енді ашылып келе 
жатқан дала гүлін көзге елестетеді. Бұл – италиялықтардың елорда құрылы-
сындағы жалғыз қолтаңбасы емес. Ренато Аркетти қазіргі заманғы әлемдік 
сәулет өнерінің үздік жауһарларынан еш кем түспейтін «Астана Опера» 


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
191
мемлекеттік опера және балет театрының ғимаратын салды (2013 жылдың 
маусым айында ашылды).
Сол жағалаудың салтанатты реңкіне сән үстей түскен сәулетті ғимарат – 
ақшаңқан қабырғалары мен алтын күмбезі көз қарықтыратын «Нұр-Астана» 
мешіті (2005 жылы салынған). Діни қауым мүшелері мен жалпы келушілер-
ге әрдайым есігі ашық православиелік Свято-Успенский шіркеуі, Рим-като-
лик шіркеуі, «Бейт Рахель – Хабад Любавич» синагогасы, сондай-ақ басқа 
да дін ғибадатханалары жұмыс істейді. 2008 жылы Тәуелсіздік алаңында 
Әзірет Сұлтан мешітінің құрылысы басталды. Төрт жылға созылған жұмыс 
тура Астана күнінде – 2012 жылдың 6 шілдесінде аяқталды.
Сәулеттік пішіндердің жан-жақтылығына Астананың ғылым, мәдениет, 
медицина және спорт орталығы ретіндегі мазмұны мен кескін-келбеті де 
сайма-сай. Мен осы және басқа да нысандарға шұқшия қарап, өзгертулер 
енгізіп, сәулетшілермен талай отырдым. Оның бәрін суреттеу кітаптың көп 
бетін алар еді. Мақтанғаным емес, Астанаға қараймын да сүйсінемін. Осы-
ны шынымен біз жасадық па? Иә. Жаңа астана жайнай түсті.
Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Назарбаев 
университеті – еліміздегі ең жоғары білім деңгейімен даңқы шыққан оқу 
орындары. Ұлттық ғылыми-медициналық орталық, Ана мен бала ұлттық 
орталығы, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы отандық денсаулық 
сақтау саласының мақтанышы саналады және қай жағынан болсын шетел-
дік үздік орталықтармен бәсекелесе алады. Астананың басты спорт аре-
налары – «Қазақстан» спорт сарайы, төбесі жабылатын «Астана-Арена» 
футбол стадионы, «Сарыарқа» велотрегі, конькимен сырғанаушыларға ар-
налған «Алау» стадионы – ең қатаң деген спорттық-техникалық талаптарға 
да сай келеді және әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.
Орта мерзімді міндеттерді шешумен қатар, елорданы дамытудың ұзақ 
мерзімге арналған жоспарлары жөнінде айқын ұстанымымыз болуы керек 
екеніне өз басым сенімдімін.
Мақсатты түрде ілгерілей беруіміз үшін біз қаланың келешектегі кес кін-
келбеті мен бет-бейнесі қалай боларын анықтап алуымыз керек. Астана-
ны дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясында бұл бейне ұсақ-түйегіне дей-
ін нақтыланып, тәптіштей баяндалған. Қаланың тұрақты дамуының 2030 
жылға дейінгі стратегиялық жоспарында өршіл мақсаттар мен оларды іске 
асыру жолдарының, сондай-ақ өз мүмкіндіктеріміздің арасындағы қисын-
ды теңгерімге қол жеткізілген. Біз қолымыздан келетін іске ғана тәуекел 
етіп, бел шешіп кірісуіміз керек. Қала халқының өмір сүру стандарттарын 
жақсарту және әлеуметтік салаға икемделген экономика құру басты мақсат 
ретінде белгіленіп отыр.


192
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Қала құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Ол өзіне ғана тән қайталан-
бас ырғақпен өмір сүріп келеді. Жаңа астанамыздың жылнамасы әрі қарай 
жалғаса бермек. Бұл жерде жаңа ғасырдағы төл тарихымыздың шежіресі 
жазылуда.
Бірде Индонезияға барғанда, мен сол елдің тұтас мини-картасын 
көрдім. Астанаға оралған соң, қала басшылығына соның қазақы нұсқасын 
– «Атамекен» этно-саябағын салуды тапсырдым. Енді жаңа астанамыздың 
орталығынан назар салған жанды өте керемет әсерге бөлейтін тұтас Қа-
зақстанның шағын келбетін көруге болады.
Бұл жерде мен «өз бойына бүкіл Қазақстанды сыйдырған Астана» деген 
тұспалды бекерден-бекер қолданып отырған жоқпын. Біз астананы әйтеуір 
ауыстыру үшін ғана ауыстыра салған жоқпыз, бүкіл Қазақстанның жарқын 
болашағы үшін көшірдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет