Алматы «Сардар» баспа үйі


сан салалы түркология ғылымының қол жеткен мол табыстарын саралай тү-



Pdf көрінісі
бет6/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116
сан салалы түркология ғылымының қол жеткен мол табыстарын саралай тү-
сіп, отыз шақты тірі, өлі түркі тілдерін зерде елегінен өткізіп, заман талабына 
сай «Түркі тілдерінің этимологиялық сөздігі» сияқты үлкен еңбекті дүниеге кел-
тіру үшін Э.В.Севортян сынды білікті де білгір, осы мақсатқа өзінің барша сана-
лы ғұмырын бағыныштаған ғұлама ғалымның болуы да қажет еді. Міне, сон-
дықтан да Э.В.Севортян басшылығымен дүниеге келген «Түркі тілдерінің эти-
мологиялық сөздігі» түркі халқының мəдени тарихындағы елеулі оқиға болып 
саналады. 
Алайда одан берідегі кезеңде жеке түркі тілдеріне байланысты тіл білімде-
рінің даму деңгейі мен зерттеу нəтижелері этимологиялық сөздіктің əр ұлттық 
тіл бойынша жасалуының қажеттілігін көрсетіп отыр.
Мəселен, Қазақстан ғалымдарының да этимология туралы күрделі ой-пікірі-
нің жинақталып, өзіндік бағыты мен тəжірибесінің нəтижесі ретінде осыдан
елу жылдай бұрын «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінің» жарық 
көргені белгілі. Оның бер жағында бүгінгі түркі тілдерінің біразында (мысалы, 
қырғыз, саха, шуаш, өзбек т.б. тілдерінде) арнайы этимологиялық сөздіктер жа-
рияланды. Біздің пайымдауымыз бойынша, қазақ тіл білімінде жасалған жүзде-
ген этимологиялық ізденістер, мың бес жүздей сөздің этимологиясының ай-
қындалуы, этимологиямен сабақтас түбіртану бойынша жүргізілген зерттеу-
лердің нəтижесінде этимологиялық сөздікке енуі тиіс бір, екі буынды тұлғалар 
жан-жақты қарастырылып, оларға қатысты сөзжасам моделдерінің тізімі ай-
қындалды. Осының барлығы «Қазақ тілінің этимологиялық сөздігін» жасаудың 
ғылыми-тəжірибелік алғышартын белгілеп, міндеттерін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет