Алматы «Сардар» баспа үйі


ашады. Екіншісі – ғылыми-теориялық бағдарламаға сəйкес орындалуға тиісті



Pdf көрінісі
бет4/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116
ашады. Екіншісі – ғылыми-теориялық бағдарламаға сəйкес орындалуға тиісті 
нақтылы əрекеттер, яғни мақала, не сөздік түрінде жасалатын тіліміздегі қа-
жетті сөздерді этимологиялық жағынан анықтау.
Ғылыми этимологияны орындаудан бұрын дайындық ретінде қыруар жұмыс 
атқарылуы тиіс жəне олар этимологиялық ізденістердің алдына қойып, анық-
тап алған нақтылы міндеттеріне байланысты. Ең алғашқы міндет – күні бү-
гінге дейін қазақ тілі бойынша жүргізілген этимологиялық зерттеулер мен 
этимологиясы айқындалған сөздердің жалпы санын анықтап алу. Осымен бай-
ланысты қазақ тілі бойынша күні бүгінге дейін жасалған этимологияларды сын 
көзбен саралап өту, жарайтындарын қабылдау міндеті туындайды. 
Келесі міндет – бұл сөздердің этимологиясы қай деңгейде орындалғанын 
айқындау. Осы мəселеге орай қазақ тіліндегі этимологиялар үш түрлі сипатқа ие 
деп айтуға болады. Олардың бір тобы – ғылыми теориялық негізде айқындалған 
этимологиялар. Ғылыми этимологияда оның дəстүрлі принциптері, тілге тəн 
өзгерістердің ғылыми заңдылықтары түгел сақталып жасалады. Екінші тобы –
қызықты этимологиялар. Бұл этимологиялық топта – дəлелдеу тəсілдері мен 
уəждерін айқындау əдісі өте қызық, алайда ғылымдық негізі шикілеу болады. 
Үшінші тобы – халықтық (жалған) этимологиялар. Этимологияның бұл түрі-
не – ғылымдық негізі жоқ, тек сөздің сыртқы тұлғасының ұқсастығына ғана сү-
йеніп, жобалап, жорамалдап айтыла салған, тегі жалған этимологиялар жатады. 
Бұл топтарға жататын этимологияларды талдап-таратып, дұрыс-бұ-
рыстығын айқындап отыру – этимологиялық сөздік жасауда атқарылатын да-
йындық жұмыстардың бірі. Тіл-тілдің лексикалық байлығы оның сөздік қорын-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет