Алматы «Сардар» баспа үйі


дағы сөз санымен ғана емес, сонымен қатар олардың сапасымен де, мағыналық



Pdf көрінісі
бет5/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116
дағы сөз санымен ғана емес, сонымен қатар олардың сапасымен де, мағыналық 
ауқымымен де өлшенеді. Əдетте, тіліміздегі көптеген сөздер өзінің бір мағына-
сымен ғана шектеліп қалмай, даму барысында екі, үш, тіпті одан да көп мағы-
нада қолданылатындығы белгілі. Демек, əрбір тілдің сандық дамуынан сапалық 
дамуына көрнекі мысал бола алатын осы құбылыс. 
Тарихқа көз жіберетін болсақ, жалпы түркі тілдері бойынша алғашқы 
этимологиялық сөздік – венгер ғалымы А.Вамбери тарапынан бұдан 153 жыл 
бұрын жарияланса, одан кейін – көптомдық жалпытүркілік этимологиялық 
сөздік Э.В.Севортян тарапынан шамамен жүз жылдан аса уақыт кейін жарық 
көрді. Бұл сөздік түркі тілдері сөз байлығының түбір сөзі табиғатын айқындау-
ға бағышталған. Осы сияқты сөздіктер шет елдерде де жарық көріп келеді. 
Э.В.Севортян түркі тілдері этимологиясының жаңа бір өрелі кезеңін бас-
тап берді. Түркология тарихындағы алғашқы этимологиялық сөздіктен кейін, 
жоғарыда атап көрсеткеніміздей, Э.В.Севортян сөздігі шамамен жүз жылдан аса 
уақыттан кейін дүниеге келіп отыр. Бұл нені көрсетеді? А.Вамбери сөздігі жал-
пы тюркология тарихында түркі тілдерінің этимологиялық сөздігін жасаудағы


5
ең алғашқы тəжірибесі болатын. Ол өз уақытының талабына сай дүние бол-
ғанымен, XX ғасырда бүкіл жер жүзінде жылдам қарқынмен дами бастаған түр-
кология ғылымының биік талаптарына толық жауап бере алмады. Арада өткен 
жүз жыл бедерінде шарықтап дамыған түркология ғылымы түркі тілдерінің 
болашақ этимологиялық сөздігіне аса жоғары талап қойғаны да заңды. Ондай 
сөздік жасау үшін уақыт та, зор дайындық та қажет болды. Мұның сыртында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет