Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет90/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   116
ТҮРПІДЕЙ ТИЮ. Жанашыр мейір жоқ суық жандар келген 
жерден-ақ, Абай көңіліне түрпідей тиген (М.Əуезов). Əке-шешесінің 
бұл өзара əңгімесі Сарыбаланың жанын түрпідей жеді (Ғ.Мұстафин). 
Ең сүйкімсіз құлаққа түрпідей қадалған қаңғырлық дыбыстай болып 


167
танылды (Ə.Нұршайықов). Майлы қол қап-қара күйеліТүрпідей алақан 
күйелі (С.Сейфуллин). Əсіресе бой жеткен қызы барлап Əжібай десе 
түрпідей кəріп зарар (С.Торайғыров). Қазақ əдеби тілінде түрпі сөзі
осы мысалдардағы түрпідей тию, түрпідей жеу, түрпідей қадалу, 
түрпідей зарар көру тіркестерінде ғана азын-аулақ кездеседі. 
Түрпі сөзі Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарын (Сем., Шұб.; 
Павл., Горьк.) жəне туысқан Монғол халық республикасын мекендейтін 
қазақтар тілінде “ірі, үлкен өткір ағаштың кедір-бұдырын өңдеуге 
арналған егеу” мағынасында айтылады. Ал республикамыздың қалған 
өңірлерінде жеке тұрып түрпі сөзі қолданыла бермейді. Тек түрпідей 
тию, түрпідей көру сияқты тіркестердің құрамында ғана кездеседі. 
ҚТЭС-де түрпі сөзі кейбір түркі тілдерінде, мысалы, азербайжанша 
төрпи – “егеу” болып қолданылатындығы айтылады. 
Қазіргі уақытта мұндай сөздер -дай, -дей, -тай, -тей жұрнағы 
арқылы жасалып, лексикаланған сөздер сияқты осы -дай жұрнағымен 
қалыптасқан күйінде қолданылып кеткен. Лексикалану үдерісінде өз
дербестігінен айрылған сөздердің қазіргі уақытта өзінің заттық мағы-
насынан мүлдем қол үзіп, алшақтап кеткендігі байқалады.
Сонымен қорыта келе, мағынасы көмескіленген сөздер тілімізде 
көптеп саналады. Бұл сөздердің мағынасы түрлі себептермен күң-
гірттелінген, тілімізде сөздің өзі сақталса да, халықтың есінде, жадында 
оның бір замандағы айқын-анық лексикалық мағынасы ұмыт болған. 
Салыстыруға, теңеуге алынған сөздер көзге кəрініп тұрған бейнелі бір 
заттармен салыстыру арқылы айтылады. Бұл теңеулердің бейнелері қан-
дай нəрсені сипаттамасын, сол бір ғана қасиетімен кəрінеді. Ол қасиет-
тер: дағарадай, дардай,дыраудай,мауыздай,дырдай,зіңгіттей,сомадай, 
соқталдай, добалдай, қолақпандай, сайдауыттай – «үлкен», “ірі”, “зор”; 
Жалпы, үлкен, ірі деген ұғымды білдіретін көптеген сөздер бар тіліміз-
де. Бұлардың мағыналары бір-біріне өте жақын, бірақ солай бола тұра
бір-бірінен айырғысыз емес. Зəредей құйттай //құйтақандай //құй-
тымдай, қаршадайтиттей//титімдей – кішкентай,тұттайтырдай– 
жалаңаш т.б. Бұлар бір контекстің аясында қолданылмағанымен, жалпы 
теңеулік жүйенің ауқымында өмір сүріп, бір ғана ұғымның синонимдік 
теңеулері ретінде қолданылады. Бұлардың мағыналары бір-біріне өте 
жақын болғанымен, стильдік реңктері, эмоциялық бояулары əртүрлі. 
Сөздің тарихы мен түп төркінін анықтауда сол халықтың өткендегі 
тұрмыс-салтының, мəдени-рухани өмірінің, өзге ел-жұртпен аралас-


168
құралас болғандығын көруге болады. Сонымен қатар, бұл сөздердің 
сөздік қорға қосқан үлесі зор жəне мұндай сөздер тілімізде ұшан-теңіз.
Мағынасы күңгірттенген жер-су атауларының 
этимологиясы
АҢҚАТЫАңқаты атауын түркі тілдерінде кездесетін мына сияқ-
ты сөздермен түбірлес əрі мағыналас деп қараймыз. Қырғыз тілінде –
ақ – «шұңқыр», «ор»; якут тілінде аңхай – «жыра», «жылға», «сай», 
«ор» т.б. Осы деректерге сүйенсек, якут тілінде сақталған жыра, 
сай мағынасындағы аңхаймен қазіргі қазақ тіліндегі фразеологиялық 
тіркес түрінде сақталған аңқа –аңқасы кебу дегенді аңқа «аң – «ауыз 
қуысы», «саңылау», «өңеш», «жұтатын тесік» мағынасындағы түбірден 
шыққандығын көреміз. Ал -қа В.Котвичтің зерттеулерінде «кішірейту», 
«еркелету» мағынасын беретін -қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтарымен ты-
ғыз байланысты да, -ты зат есімнен қатыстық сын есім тудыратын 
қосымша. Осы тектес архетипті тұлғалы топонимдер қазақ тілінде 
баршылық: Аңқаты, Бұлдырты, Өлеңті, Шідерті, Мойынты, Жымпи-
ты т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет