Алматы «Сардар» баспа үйі



Pdf көрінісі
бет91/116
Дата30.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#53997
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   116
АҢЫРАҚАЙ. Ел ішінде бұған байланысты мынадай аңыз бар:
«1723 жылы қалмақтар қазақтарды жеңіп, бұл жыл «ақтабан шұ-
бырынды, Алқакөл сұлама» атанғанымен, кейін қазақтар бірігіп, осы 
жерде қалмақтарды қирата жеңген екен, «аңыратқан» екен, содан 
Аңырақай аталыпты-мыс». Аңырақай топонимі түркі-монғол тілдеріне 
ортақ аң//оң//онг «ашылу», «таралу» мағыналы түбіріне ыр+а (т.т. 
ет. жұр.) жұрнақтары мен түркі-монғол тілдеріне ортақ -қай (с.е., з.е. 
жұр.) жұрнағы қосылу арқылы жасалып, «ашық, аңырайған» деген 
мағынада қолданылған. Демек, қазақ тілінде бұл түбірдің жалаң күйін-
де кездеспейтінін, тек сөзжасамдық қатардағы ортақ семантикалық 
арқауын байқап, ортақ *аң түбірін жорамалдай аламыз: аңғал, аңғал-
саңғал, аңқа: аңқасы кебу, аңқай, аңқы, аңырай, аңырақай, «желі көп, 
құмайт, ашық жер» т.б. [42, 126].
АРҒАНАТЫ. Арғанаты атауының бірінші сыңарындағы арған 
(арқан, арға) сөзі «тау қыраттары, сілемі, тізбегі» деген мағыналы сөз 
болса, ал екінші құрамындағы -ат қосымшасы – көне түркі дəуіріне 
тəн көптік жалғау көрсеткіші. Ал атау соңындағы -ы кейінгі кездерде 
қосылған қосымша. Демек, Арғанаты – «бір-бірімен жалғасқан тау 
тізбектері, қырат-жоталар, тау сілемдері» деген мағынаға жуық.


169
А.Əбдірахманов атауды былай талдайды: “Қазақстандағы Тар-
бағатай, Ұлытау жүйелеріндегі жəне Талдықорған облысындағы таулы 
шоқылардың аты. Атаудың түбірі арғана сөзі көне алтай заманындағы 
«арқар», «тау ешкі» ұғымын білдіріп, кейін монғол тілінде арғал, ал түр-
кі тілдеріне арқар түріне көшсе керек. Ал -ты жұрнағы осы заттың бар 
екенін білдіретін туынды сын есім жасайтын жұрнақ». Ал Т.Жанұзақ: 
«Бұл тым көне атау, оның бірінші сыңары көне орал-алтай, түркі-
монғол тілдеріне тəн ар «өзен» болса, екінші сыңарындағы ған да сол 
көне тіл бірлестігіне тəн хан//кан//кен «өзен», «су» сөзінің тіліміздегі 
фонетикалық нұсқасы екені даусыз. Ал ол атаудың үшінші сыңарындағы 
ат сол тілдердің көне көптік жалғау көрсеткіші, ал сөз соңындағы жуан 
дауысты ы қазақ тіліне тəн тəуелдік жалғауының көрсеткіші. Демек, 
Арғанаты «өзен-өзен, көп өзендер, сулар» дегенді білдірсе керек. Соған 
қарағанда Арғанаты тауының сай-салаларында ерте замандарда бірне-
ше өзен аққаны байқалады» - деген пікір айтады [43].
АСА. Түркі-монғол тілдеріндегі аша//ача//ақа//аир немесе айрық 
түрлерінде келетін атау. «Бұрынғы Əулие ата уезінде Аша болысы атты 
əкімшілік бөлім болғаны бар. Аша формасы қазақ топонимиясында 
біріккен тұлғада Екіаша, Үшаша түрлерінде келсе, монғол топони-
миясында ақа формасы біріккен тұлғада Зунақа (“Шығыс аша”), Бару-
нақа (“Батыс аша”) түрлерінде келеді» (Е.Қойшыбаев).
АСЫ. Атау мағынасына зер салсақ, көне түркі тілінде jazi – «дала», 
«жазық», «кең алқап» деген мағына береді. Бұған қарағанда, Асы ата-
уы əуел бастағы jazi сөзінің замандар бойы тілімізде дыбыстық өзгеріске 
ұшырап, тұлғалық жағынан түрленген қалпы деп қарауға болады. Осы 
Асы өзені ағып жатқан тау етегінің кең, жазық екені жер-су атының 
қойылу себебін дəлелдей түскендей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет