Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша



Pdf көрінісі
бет10/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   161
Байланысты:
Ббк 83. 3 (5 аз) с 94 аза стан Республикасы

I ТАРАУ
_____________________________
ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
Тіл тарихындағы жеке кезеңдер, соның ішінде әдеби тіл си-
патын алу кезеңі ешқашан тұтқиылдан, тақыр жерден пайда 
болмайтыны белгілі. Олардың бастауы, қайнар көздері болуы – 
шарт. Қазақтың ескі ауызша да, жазба да әдеби тілдерінің пай-
да болып, қалыптасуларына негіз болған арналары бар екен- 
дігі даусыз. Бұл арналарды анықтауда тағы да қазақ әдеби 
тілінің ауызша және жазба түрде дамыған екі түрін айырып 
қарай отырып, бұл екі түрдегі әдеби тілдің көптеген көздері 
ортақ екенін де бүгінгі ғылым ізденістері көрсетіп отыр.
Қазақ халқының мәдени мұраларының және тілінің тари-
хы өте көне замандарға кететіндігін, қазақ халқын құраған ру-
тайпалар ежелгі Қытай мен Рум (Византия) аралығында өмір 
сүрген одақтар мен мемлекеттердің құрамында болғандық- 
тан, көне мәдени мұраларға осы аралықты мекен еткен өзге де 
ру-тайпалар сияқты қазақ халқы да ортақ болатындығын 
«Ертедегі әдебиет нұсқалары» атты еңбек жариялап, сол нұсқа- 
лардан үлгілер ұсынған авторлар – Б.Кенжебаев, М.Жол- 
дасбеков, М.Мағауин, Х.Сүйінішәлиев, Қ.Сыдиықовтар 1967 
жылы айтқан болатын. Бұл зерттеушілер қоғамның ру, ұлыстық 
дәуірінде туған тұрмыс-салт жырлары, ертегілер, Алып батыр, 
Қорқыт жайындағы аңыздар, Оғұз, Алпамыс туралы жыр-
дастандар түркі халықтарының тек біреуіне ғана емес, көп- 
шілігіне ортақ екендігін баса айтады.
Бұл үлгілердің ішінде «Оғұзнаме» (IX ғ.), «Дәдем Қорқыт 
кітабы» (IX ғ.), «Құтадғу білік» (XI ғ.) сияқты хатқа түсіп, жаз-
ба түрде жеткендері де бар. Сондай-ақ тасқа қашалып, VI-VIII 
ғасырлардан қалған Орхон-Енисей жазба ескерткіштері түркі 
халықтарының көпшілігіне ортақ мұра екендігі де айтылады. 
Әрине, ортақтықтың белгілерін, арнаның іздерін табу – ар-
найы зерттеушілердің міндеті. Әсіресе ол белгілердің қазіргі 
түркі әдеби тілдеріне қатысын, яғни әсерін, үлгісін, элементі- 


31
нің сақталуын т.т. сөз еткенде, ұсынылатын тұжырымдарды 
нақты фактілермен дәлелдеу керек болады. Мысалы, Орхон-
Енисей ескерткіштері тіліндегі сөздердің лексикалық топтары-
на, мағыналары мен сыртқы тұлғаларына қарай оны осы күнгі 
түркі тілдеріне жақын келетін немесе алыс тұратын сәттерін 
айқындау – ескерткіштердің сол тілге қатысын айыру болмақ. 
Ол жөнінде айтылған пікірлер мен нақты зерттеулер аз емес. 
Мысалы, бұл ретте С.Е.Малов, В.В.Радлов, А.Н.Кононов, 
Ғ.Айдаров, В.М.Насилов, В.Г.Кондратьев, А.С.Аманжолов, 
Ә.Құрышжанов, М.Томановтардың еңбектерін атауға болады.
Ал Орхон-Енисей жазбаларындағы сөз үлгілерінің қазіргі 
белгілі бір түркі әдеби тілінің қайнар көзін, қалыптасу 
тұсын, даму барысына қатысын анықтауда өзгеше әдістерді
басқа объектілерді таңдау керек болады. Әдеби тіл көркем 
тілдің, белгілі тілдік нормалардың көрінісіне тікелей қа- 
тысты болғандықтан, алыс-жақындықты жанрлық-стильдік 
үрдістерден, көркемдеуіш тілдік механизмдерден іздеу керек 
сияқты. Бұл орайда да ізденістер жоқ емес.
Қазақтың ауызша дамыған әдеби тілінің негізі, қайнар көзі 
ерте кезеңдердегі қазақ халқын құраған ру-тайпалардың, XIV-
ХV ғасырлардан кейінгі қазақ халқының ауызекі сөйлеу тілі, 
халық ауыз әдебиеті (фольклор) тілі және көне, ескі түркі жаз-
ба ескерткіштерінің тілі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет