Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша


§ 3. Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілі – қазақтың



Pdf көрінісі
бет18/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   161
Байланысты:
Ббк 83. 3 (5 аз) с 94 аза стан Республикасы

§ 3. Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілі – қазақтың 
ауызша және жазба әдеби тілдерінің бір арнасы
Көне түркі дәуірінен, оның ішінде V-X ғасырлардан, бізге 
мынадай жәдігерліктер жеткені мәлім:
1. V ғасырға жататын руна (сына) жазулы Талас-Енисей 
ескерткіштері: құлпытастардағы эпитафиялар, олар – 1-2 сөй- 
лемнен 5-6 сөйлем көлемінде айтылған тарих;
2. VIII ғасырға жататын руна жазулы Орхон ескерткіш- 
тері: құлпытасқа қашалып сызылған (жазылған) түркі тайпа- 
ларының сол дәуірдегі атақты қағандары мен батырлары: Білге 
қаған, Елтеріс қаған, Күлтегін, Тонықұқтар туралы тарихи 
шежірелер;
3. VIII-X ғасырлардағы ұйғыр жазулы жору, аян айту, діни 
аңыз түріндегі ескерткіштер (жазбалар).
Зерттеушілердің көбі қазақ халқының өзге түркі халық- 
тарымен ортақ тарихының басы VI-IX ғасырларда өмір сүрген 
Түрік қағанаты дәуірінен, яғни VI ғасырдың ортасында гун 
державасының қираған жұртында қалған ру-тайпалардың дер-
бес мемлекет құрған кезеңінен басталады деп санайды. Ал 
Түрік қағанатында, жоғарыда көрсетілгендей, жазба әдебиет, 
поэтикалық сөз үлгісі, яғни әдеби тілі болған. Зерттеуші 
Қ.Өмірәлиев өте дұрыс танығандай, түркілердің V-VIII ғасыр- 
лардағы көркемсөз үлгісі – түркі поэзиясының, әдеби тілінің 
туу басы емес, тарихи белгілі кезеңінің ғана басы, яғни 
түркілердің ауызша поэзиясы: тұрмыс-салт жырлары, жоқтау 
өлең айту салты, дидактикалық, шешендік толғаулар, мақал-
мәтелдер өте арғы дәуірлерде жасалған
50
. XI ғасырда Махмұд 
Қашғари келтірген «Алп Ер Тоңа өлді му?» деген өлең – VII 
ғасырдан арғы жерден келіп жеткен жоқтау өлең үлгісі.
51
Демек, басын VI-VIII ғасырлардан көп бұрын алған сына 
жазулы Орхон-Енисей-Талас жәдігерліктерінің тілі – V-VIII 
ғасырларда Жетісу, Алтай, Орталық Азияда өмір сүрген оғұз, 
қыпшақ, ұйғыр, қарлұқ т.т. тайпалардың ортақ жазба тілі бол-
ды. Бұл ескерткіштердің тілі бірнеше дәуірлік тарихы бар 
50
Өмірәлиев Қ. Көне дәуірдегі сөз үлгілері және оларды зерттеу тәсілі //Қазақстан 
мектебі. - 1971. -№2.
51
Өмірәлив Қ. Көне түркі сөз үлгілері туралы // Қазақстан мектебі. - 1971. - №9.


47
жасанды жазба тіл деген де (Э.Р.Тенишев), ауызекі баяндау 
стиліне жуықтайтын жылнамалық (шежіре іспеттес) эпостар 
тілі деген де (Ә.Қоңыратбаев), эпитафиялық проза тілінің 
үлгісі деген де (ГІ.М.Мелиоранский, Қ.Өмірәлиев, Е.Жұбанов), 
VI-VIII ғасырлардағы түркі поэзиясының үлгісі деген де 
(Ф.Е.Корш, И.В.Стеблева) пікірлер жарыса орын алып келеді. 
Қайткен күнде де Орхон және Енисей жазбалары – әдеби тілдік 
дүниеліктер, өйткені бұлардың тілінде белгілі бір нормалар, 
дәстүрлі үрдістер бары – даусыз.
Орхон-Енисей жазба белгілері бар балбал тастар ең алғаш 
рет XVII ғасырдың соң кезінен бастап Сібірді зерттеушілердің 
көзіне түсті. XIX ғасырдың II жартысында Монғолия жерінен, 
Орхон бассейнінен, Якутияның оңтүстігінен тасқа жазылған 
жазулар көптеп табыла бастады. Олардағы жазуды танып
тұңғыш оқығандар жайында, тастағы жазулардың мазмұны, 
тілі, стилі жөнінде В.В.Радлов, С.Е.Малов, П.М.Мелиоранский, 
В.Котвич, Г.Рамстедт, А.Габендерден бастап шетел және орыс 
ғылымында соңғы жүз жылдың ішінде орасан көп айтылып, 
зерттеліп, жазылып келеді.
Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі жөнінде қазақ зерт- 
теушілері де (М.Әуезов, М.Жолдасбеков, Қ.Өмірәлиев, Г.Ағы- 
манов т. б.), оның ішінде әсіресе Ғ.Айдаров, А.Аманжолов 
сияқты танымал ғалымдар айтарлықтай үлес қосып келеді.
Әдебиеттанушы М.Жолдасбеков: «Бір кездерде эпостық 
дәстүрі айрықша дамыған қазақ халқының бай мұрасы мен 
Орхон ескерткіштерін салыстыра зерттеудің ерекше мәні бар
екендігін» айтып, Орхон ескерткіштері – эпикалық шығарма- 
лардың, тарихи-ерлік жырлардың ең әдепкі үлгілері деп тани-
ды
52
, Ал фольклор тілін зерттеуші Е.Жұбанов ауыз әдебиеті 
үлгілері жазба әдебиеттен өрбімейді, керісінше, Орхон жаз-
баларына түркі тайпаларының ежелден дамып келген бай 
ауыз әдебиеті үрдісі негіз болған дегенді айтады
53
. Бірақ 
қайткен күнде де Орхон жәдігерліктері әдеби мұра ретінде де, 
әдебиеттің белгілі бір жанрының үлгісі ретінде де біраз түркі 
халықтарының, оның ішінде қазақ халқының да әдеби тілінің 
тарихи арнасы екені даусыз. 
52 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет