§ 10. Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің қалыптасуы
Сөйтіп, бірнеше ғасыр бойы ауызша және жазба түрде да-
мып келген қазақ әдеби тілі XIX ғасырдың соңғы ширегінде
синтезделіп, ағартушы-демократтық жаңа әдебиеттің тууы-
мен ұштасып, Абай мен Ыбырайдың мол әдеби-педагогтік
қазынасында, жас баспасөз беттерінде, енді-енді туа бастаған
азаматтық тақырыптағы әдебиет үлгілерінде, ауызша әдеби
тілді әрі қарай жалғастырған ақындар шығармаларында, әлі де
туып жатқан ауыз әдебиеті үлгілерінде қолданылды. Қазақтың
байырғы ауызша дамыған және жазба сипат алған әдеби тілі
жаңа кезеңге көшті. Бұған бірнеше фактор себеп болды:
1. Жаңа ұлттық жазба әдебиет туды. Жазба әдебиеттің
түрлері көбейді. Қазақтың көркем әдебиеті, поэзиясы жазба
түрге көшті. Ендігі қаламгерлердің дені мұсылманша сауатты
болды. Бірқатары, Ыбырай, Абай, Шәңгерей, Жаяу Мұса т.б.
орысша сауатты болды, орыс әдебиетін оқитын дәрежеде бол-
ды. Баспасөздің пайда болуы, азаматтық тақырыпта әдебиеттің
жарық көре бастауы, діни әдебиеттің таралуы, ең бастысы –
кітап бастыру ісінің өмірге келуі – осылардың барлығы қазақ
даласына жазба дүниені алып келді. Жазба әдебиет бұрынғы
әдеби тілдің жазба түрде кеңінен қызмет ету актісін туғызды.
Ал жазба сипаттың өріс алуы – тілді жаңа сатыға көтеретін
факторлардың бірі.
2. Көркем әдебиеттің өзі кеңіді: көркем проза жанры пай-
да болды, поэзия жанры өз ішінен түрленді. Көркем әдебиет
қамтитын тақырыбын кеңейтті. Кең тақырып мол лексика-
фразеологиялық байлықты талап етті. Әдеби тілдің лексика-
291
грамматикалық және көркемдеу элементтерімен молығу,
түрлену, жетілу процесінде жаңа бағыт, жаңа тәсіл, жаңа жол-
дар пайда болды, яғни сапалық өзгеріс болды. Ал сапалық
өзгеріс – тіл дамуының жаңа кезеңге көшуін танытатын келесі
белгілердің бірі.
3. Қоғам дамуының бұл дәуірінде әдебиет түрлері көбейді.
Бұрын екі-үш жанрлы болып келген қазақтың әдеби дүниесінде
қоғамдық-публицистика, оқу-педагогика, жартылай ғылыми
әдебиет жанрлары пайда болды. Жаңа жанрлар жаңа стильдерді
туғызды. Осының нәтижесінде әдеби тілдің қызмет аясы мен
мазмұны жаңа сипатта кеңіді, жаңа белгілерге ие болды.
4. Әдеби тіл эволюциясының жаңа сатыға көтерілуіне се-
бепкер болатын алғы шарттар пісіп жетілді. Ол алғышарттар
деп қоғамның саяси-экономикалық құрылысының, халықтың
мәдени-рухани дүниесінің жаңа кезеңге көшуін, әсіресе оқу-
білім, кітап бастырудың жаңаша қарқынмен, жаңа сипатта
дами бастауын атауға болады, сондай-ақ тіл тәжірибесінде
саналы түрде қызмет ететін қайраткерлердің: қазақтың клас-
сик демократ ақыны Абай Құнанбаевтың, аса көрнекті демо-
крат ағартушы әрі жазушысы Ыбырай Алтынсариннің, жас
қазақ зиялыларының озат ойлы уәкілдерінің, қазақ тілі мен
әдебиетін жинап зерттей бастаған орыс ағартушылары мен
ғалымдарының болуы да қазақтың әдеби тілін ұлттық сатыға
көтеруде үлкен рөл атқарды.
Осы себеп-факторлар – қазақ әдеби тілінің жаңа кезеңін
бастатты. Бұл кезендегі қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің
белгілері мынадай болды:
Жаңа жазба әдеби тіл өзінің әлеуметтік қызметі, стильдік та-
рамдалуы жағынан өзіне дейінгі ауызша дамыған қазақ әдеби
тілінен де, ескі жазба дәстүрді жалғастырған «кітаби тілден»
де өзгешеленіп тұрды.
Ауызша дамыған әдеби тілден жаңа кезеңдегі әдеби тілдің
ерекшелігі – оның жазба сипат алуында, қызмет ету аясының
кеңеюінде, лексика-грамматикалық нормаларының айқындала
түсіп, тұрақталуында, жаңа стильдік салаларға ие болуында,
көркем әдебиетте, әсіресе поэзияда көркемдік-образдау тәсіл-
дерінің түрленіп, молайып, жаңаруында болды.
292
Әдеби тілдің жазба сипаты – тек қана әдебиет үлгілерінің
жазу арқылы таралуында емес. Біріншіден, хатқа түсіп, жазба
түрде жарияланған дүниелердің баршасы әдеби тіл үлгісі бола
бермеуі мүмкін. Мысалы, XIX ғасырдың 70-80-жылдарынан
бастап, XX ғасырдың басына дейінгі кезеңде «қисса» атты ай-
дармен 100-ден астам кітапша жарық көрген болса, олардың
ішінде бірқатары, мысалы, «Қисса-и Егіз бала», «Көп кеңеш»
(Қазан, 1897, «Қисса-и әдеблі бала» (Қазан, 1897), «Қисса
Ғажам екеуі болған» (1848), «Мақулат» (1897) т.б. сияқтылар –
не мазмұны мен идеясы жағынан, не тілдік көркемдігі жағынан
ешбір құндылығы жоқ, жазба әдеби үлгілерге жатпайтын
дүниеліктер болғандығын зерттеуші Б.Әбілқасымов жақсы
көрсетеді
191
. Екіншіден, жазба сипаттағы әдеби дүниелердің
(әсіресе поэзия үлгілерінің) қалың көпшілікке ауызша да та-
ралу фактісі зор екенін, өзгені қойғанда, ұлы Абай өлендерінің
1909 жылғы кітап болып басылғанға дейін кеңінен ауызша
тарағаны дәлелдей алады.
Демек, жазу – жазба әдеби тілді сипаттайтын рөлі айрықша
зор белгілердің бірі ғана, әдеби тілдің ең негізгі «жазбалық»
қасиетін тереңіректен: тілдің әлеуметтік қызметінің өрісінен,
әдебиет түрлерінің көбеюінен, тіл заңдылықтарын пайдалану
принциптерінің өзгеруінен, тілдік тұлға-тәсілдердің реттеліп,
нормалану жүйесінен т.б. іздеу керек болады.
Байырғы әдеби тіл, негізінен, көркем әдебиетке, оның
ішінде де көбінесе поэзияға қызмет етіп келсе, жаңа жазба
әдебиеттің өзге салаларын да – қоғамдық-публицистикалық,
ғылыми, тіпті діни әдебиет үлгілерін де қамтуға бағыт алды.
Бүған Ы.Алтынсариннің прозасының, Абай «Қара сөздерінің»,
алғашқы қазақ баспасөзінің, әр алуан азаматтық сипаттағы оқу
құралдары мен грамматика кітаптарының, «Хрестоматиялар»
мен «Жол бастаушы нұсқалардың» («Руководство»), кейбір
мұсылманша («Шариат-ул ислам») және христиан дініне
қатысты діни шығармалардың тілі дәлел болады.
Байырғы әдеби тілде әлі де құбылмалы, тұрақсыз сипатта
жүрген кейбір лексика-грамматикалық белгілер жаңа әдеби
тілде сараланып, тұрақтала бастады, әсіресе әдеби-көркемдеу
тәсілдерінің жаңа модельдері пайда болды, жеке сөздің әдеби
айналымға түсу қабілеті мен аясы кеңіді т.б.
191
Әбілқасымов Б. XIX ғасырдың II жартысындағы... - 19-20-б.
293
Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің «кітаби тілден»
өзгешелігі тағы да қызмет ететін салаларды тандауында бол-
ды, яғни төл жазба әдеби тіл әдебиет жанрларының басым
көпшілігіне, әсіресе көркем әдебиетке, одан соң публицистика
мен оқу-педагогика жанрларына қызмет етуді таңдаса, «кітаби
тіл» ішінара көркем әдебиетте (кейбір қиссаларда), ислам
дінін уағыздайтын өлеңдер мен прозалық әдебиетте, ресми іс-
қағаздары тәрізді салаларда қолданылуға бейім болды.
Ұлттық жазба әдеби тіл қазақ халқының сөйлеу тілінен
алшақтамай, оны негіз етті, ал «кітаби тіл» сөйлеу тілі нор-
маларымен қоса, көпшілік халықта бейтаныс өзге «түркілік»
және араб-парсылық элементтерді молынан пайдаланды.
Сонымен қатар бұл екі жазба тіл бір-біріне ықпалдарын
тигізді. Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі өз тәжірибесінде
бұрыннан жазба дәстүрде келе жатқан кейбір сөздер мен
тұлғаларды қолданды. Әсіресе бұл тұстағы қазақ әдеби тілінің
қоғамдық-публицистикалық және ғылыми стильдерінде
кітаби тілдің элементтері едәуір орын алды: бірсыпыра араб-
парсы сөздері актив қолданылды («Түркістан уалаятының
газеті» мен «Дала уалаятының газетінің» тілі жөніндегі па-
раграфты қараңыз). Тіпті кейбір «түркілік»« тұлғалар (мыса-
лы, есімшенің -мыш жұрнақты түрі) ұлттық жазба тілде де
ара-тұра қолданылып отырды. Орфографиялық нормалар көп
сәттерде жазба тілдің екі түріне де ортақ болып келді. Мысалы,
осы күнгі еш, әр, пайда, таудай түріндегі сөздер қазақтың сол
кездегі сөйлеу тіліне де осы вариантта болғанмен, жазуда һеш,
һәр, файда, Хұдай түрінде жазылды. Бұл кезенде қазақтың
жаңа жазба әдеби тілінде араб-парсы сөздерін түпнұсқаша жазу
дәстүрі пайда болды. Соның салдарынан кейбір үлгілерде қазақ
тіліне ертеректе еніп, фонетикалық жағынан «қазақыланып»
кеткен әділ, айып, зая, мейір, есеп тәрізді шығыс сөздері екі
вариантта жазылатын болды. Бұлардың ғаділ, ғайып, зайып,
меһір, һесаб формалары қатар жүрді. Бірақ бұл тәртіп жаңа
жазба әдеби тілдің бірден-бір нормасы болмады, өйткені
көптеген нұсқаларда олардың «қазақы» түрлері де орын алды.
Сондықтан бұл ереже кейін орнықпай, қазіргі нормаға ұласпай
қалды.
294
Сөйтіп, өткен ғасырдың екінші жартысында, оның ішінде
соңғы ширегінде қазақтың байырғы әдеби тілі дамуының
жаңа кезеңі басталды. Бұл процесте Абай мен Ыбырайдың
қызметтері де, үлестері де орасан мол болды. Сондықтан
қазіргі ғылыми пікірімізде қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің
негізін қалаушылар – Абай мен Ыбырай деген қағида орнықты.
Достарыңызбен бөлісу: |