ч әрпімен жазылған (чауыб алача); және с келетін жерлерде
ш әрпі таңбаланған (йумшап, шул, кіші
189
); араб-парсы сөздері
түпнұсқаша жазылған.
Шоқан мен әкесі және Садуақастардың хаттарында да осы
типтес ерекшеліктер байқалады: бұларда да алхамдлилла, ин-
шалла сияқты арабша қыстырмалар, ләкин, һәм, уа ғайри, аның
үчүн (өйткені шылауының орнына), жоғса (әйтпесе), емді
(енді), һаммасы деген қазақ тіліне жат шылаулармен қатар
үстеу, есімдіктер қолданылған.
Қатты ескеретін нәрсе – қазақша хаттардың тілінің бұл
көрсетілген стильдік және лексика-грамматикалық ерекше-
ліктері барлығында да бірдей емес: біреулерінде «түркіше»
элементтер басым, екіншілері біршама қазақша жазылған деу-
ге болады, үшіншілерінде тіпті орыс сөздері мен құрылымдары
жиірек кездеседі. Мысалы, Шоқанның, Абайдың, Н.И.Ильмин-
189
«Қазақ әдебиеті» газетінің 1970 жылгы 31 июльдегі нөмірінде жарияланған
мақалада берілген транскрипция (араб әрпімен жазылған хат мәтінін қазіргі
графикамызға көшіру) біраз дұрыс жасалмаған. Мысалы, чауыб, алача деп жазылған
сөздері шауып, алаша болып, араб жазуымен алтмыш, кіші, йумшаб, йәбәрәңіз,
Иармухамед, ерді, уа һәм түрінде берілген сөздер (алпыс, кіші, жұмсап, жіберсеңіз,
Жармуханбет, еді, оһәм деп «қазақша» транскрипцияланған (біз мұны Махамбет
хатының сол мақалада берілген фотокөшірмесінің кішкене үзігінен көріп байқадық).
282
скийдің, Ладыженскийдің және Садуақас Шормановтың
хаттары қазақ тілі нормаларына сәйкес, әлдеқайда қазақша
жазылған. Бұларда тіпті Хұда бұйырса, Хұдай білсін, дәмесі
болса, ашналығым бар, достығым бар, сіздерге жалған айтып
болмас, киім қылдырдым... көйлек, дамбал..., борыш қылсам
мұнан да жаман, сурет қылып жіберсін, зәкүнге тура келеді
(Шоқанның хаттарынан); қазақ балаларынан қанша бас бала
оқиды, арасынан жарлы-жақыбай бар шығар, қазақ тілі ара-
сына ноғай сөздерін тығып бұзбаңыз (Ильминскийдің хаты-
нан); біздер апрельдің басына шақты Омскіде болсақ керек
(С.Шорманов хатынан) сияқты таза «қазақы» сөздер мен фра-
залар бар.
Сөйлем құрастыру жағынан жоғарғы аталған хат иелері
қазақ тілінің синтаксистік заңдылығын дұрыс сақтайды, бірен-
саран сәттерде ғана құрмалас сөйлем компоненттерінің орын
алмасуы кездеседі, оның ішінде деп көсемше тұлғасымен
келген бағыныңқылы сөйлемнің екінші жартысында тұруын
өткен ғасырдағы қазақ әдеби тілі синтаксисінің прозадағы
нормасы деп санаймыз.
Ал Шыңғыстың хаттары әлдеқайда «түркіше». Мұнда көне
үйғыр жазба тілінен келе жатқан кейбір тұлғалар қолданылған:
Мысалы, бол етістігінің орнына ол варианты: олдың (шад
олдық), қыпшақтың -ған жұрнақты есімшесінің орнына -мыш
аффиксті түрі: ермиш (екен); жазмыш (апрельдің 14-інде жаз-
мыш хатыңыз); «шағатайлық» ерсал айладық (сәлемдерімізді
ерсал айладық), үшімізні, екісі көп сәлем айтадүр, йазғучы.
Шыңғыс қазақша мен менен-нің орнына білән, бірлән шы-
лауын жұмсауды, III жақ көпше аспектіде -лар қосымшасын
жалғауды (қойдылар), олар деген есімдікті алар түрінде, ұл
сөзін ұғыл түрінде «шағатайшалап» жіберуді жатсынбайды.
Қысқасы, Шоқандарға қарағанда, Шыңғыс түркі жазба дәстүрін
қатаңырақ сақтайды, өйткені ол эпистолярлық стильдің
ортаазиялық түркі жазба әдеби тілінде едәуір қалыптасқан,
«жазбалықты» (белгілі бір стильдік норманы) көрсетуге
тиіс жанрға қызмет ететінін білген. Шоқанның қазақша хат-
тарының да азды-көпті шамада түркілік элементтерден құр
алақан еместігі, біздіңше, осы дәстүрге байланысты, яғни хат
283
– жазба дүние, ал жазба дүниенің түркі халықтары үшін «зан-
ды» дәстүрі бар, бұл дәстүр, айталық, XIX ғасырда негізінен
«шағатайлық» («түркілік») нормаларды ұстайды.
Дегенмен қазақша эпистолярлық стильдің үлкен, басты
ерекшелігі – оның негізі қазақ тіліндік екендігі. Бұл сипат,
ең алдымен, лексикасынан, одан кейін грамматикалық тұлға-
тәсілдерінен танылады. Хаттарда жұмсалған сөздер мен фра-
зеологизмдер негізінен қазақ тілінікі және бір көзге түсетін
құбылыс – ол орыс сөздерінің көп кездесетіндігі. Мұнда орыс
тілі элементтерінің қатысуы сөз болып отырған кезеңдегі қазақ
тілінің қай-қай стилінен де өте көп. Мысалы, Шоқан өз хат-
тарында числа (13 числада августың), представление, прини-
мать қылдық, военный министр, представить еткенде, жало-
вание, формуляр список, займ (қарыз мағынасында), товарыш,
дворянский князьдық, хлопотать етсеңіз, областное правле-
ние, происхождение, свидетельство, переводчик, заграница,
учитель, наказание, закон деген қазақша баламасы табылатын
сөздерді орысша береді. Ал мұндағы (және өзге хаттардағы да)
генерал-губернатор, советник, корпус, штаб, газет, председа-
тель, предводитель, письмоводитель, пристав, офицер, князь,
губернатор, адрес; өзге хаттардағы сенатор, губернатор,
адъютант, полковник, портрет, музыкант, диплом, мистер,
хорунжий, шен (чин), медаль (Шыңғыстың Шоқанға жазған
хаттарында), доктор, гимназия, семинария (С.Шорманов хат-
тарында) деген сөздердің қолданылуы – занды: біріншіден,
бұлар – хат иесінің айтайын деген ойын білдіруге қажет
атаулар, екіншіден, олардың қазақша баламасы жоқ (тіпті
қазірде де жоқ), бұл типтегі сөздерді орыс тілінен алып пай-
далану (қазақша аударма немесе араб-парсы тілдерінен балама
іздемеу) – ХIX ғасырдың II жартысындағы қазақ тілінің негізгі
принциптерінің бірі.
Жалғыз Шоқан емес, өзге авторлар да орыс сөздерін еркін
пайдаланады. Бұлардың ішінде әсіресе күрделі атауларды
морфологиялық тұлғасы жағынан орысша қалпында қолдану
көзге түседі: военный губернатор, бригадный генерал, благо-
родное собрание, Петербургский университет, докладная за-
писка, учительская семинария, техническое училище, кадет-
284
ский корпус, господин Чистяков. Тіпті бұлардың көпшілігі
род жағынан қиыстырылып беріледі (благородное собрание,
докладная записка), яғни бұл тіркестер тұтас күйінде бір сөз
(единица) ретінде қабылданған.
Хаттарда ай аттары тек қана орысша аталуынша беріледі.
Бұған қарағанда, XIX ғасырдың II жартысында қазақ жазба
тілінде ай аттарының көне қазақша немесе арабша атауларын
орыс календары ығыстырғаны байқалады. Бұл да – сірә, орыс
мәдениетінің қазақ даласына күшті әсер ете бастағанының бір
куәсі тәрізді.
Орыс сөздерін пайдалануда қазақша эпистолярлық жазба-
ларда тағы бір байқалған ерекшелік, ол – орысша етістік не есім
мен қазақша көмекші етістіктен құралған принимать қылдық,
представить еткенде, наказание болсын, ревиз қылыб, на-
град қылыб сияқты тіркестерді пайдалану. Бұл ерекшеліктің
себебін, бір жағынан, хат сияқты жазбаларда сөйлеу тілінің
элементтерін араластыру зандылығынан іздеу керек болса,
екіншіден, қазақ ұғымына бұрын бейтаныс болып келген осы
іс-әрекеттердің қазақша атауының әлі жоқтығынан, үшіншіден,
беретін мағынасы соны етістіктерді (іс-әрекет атауларын) жа-
сау тәсілінің бір арнаға түсіп, қалыптаспағандығынан, яғни
бұл салада нормалану процесінің енді-еңді басталғандығынан
іздеуге болады.
Эпистолярлық стильдегі кезекті қазақтық белгі олардың
грамматикалық құрылымында көрінеді. Септік, жіктік, тәуелдік
парадигмалары негізінен қазақ тіліне тән нормада, етістік
категориялары да бірен-саран жағдайда болмаса, көбінесе
қазақтық тұлғада, синтаксистік амалдардың да басымы – қазақ
тіліндік. Септік жалғауларының «түркілік» варианттары жоққа
тән: маған (менге, мәңә емес), менің (бір-екі жерде ғана менім),
келерін (келеріні емес); шығыс септік тек қана - дан/- ден/-
Достарыңызбен бөлісу: |