Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша


§ 11. Ыбырай Алтынсариннің қазақтың ұлттық жазба



Pdf көрінісі
бет132/161
Дата01.12.2022
өлшемі2,1 Mb.
#54173
түріБағдарламасы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   161
Байланысты:
Ббк 83. 3 (5 аз) с 94 аза стан Республикасы

§ 11. Ыбырай Алтынсариннің қазақтың ұлттық жазба 
әдеби тілінің дамуындағы орны мен рөлі
Аса көрнекті демократ-ағартушы әрі жазушы Ыбырай Ал-
тынсарин (1841-1889) қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін дамы-
туда екі салада зор еңбек сіңірді: бірі – жазушылық қызметімен, 
екіншісі – ағартушылық қызметімен.
Қазақ халқының қалың бұқарасының сауатын ашып, 
көпшілікті оқу-білімге тарту – Ыбырайдың қоғамдық және 
азаматтық борышы мен қызметі болды. Ол өз тұсында болып 
отырған діни оқуды емес, азаматтық оқу-білімді қоштады және 
білімді калың жұртшылыққа таныс халық тілінде (ұлттық 
тілде) беруді шарт етіп қойды.
Ыбырай Алтынсариннің қазақ тілін дамытудағы рөлі оның 
ағартушылық қызметімен тікелей байланысты. Ыбырайдың 
әдеби шығармалары, әсіресе прозалық туындылары оқу кітабы 
ретінде арнайы жазылған. Бұл тұста Ыбырайға екі түрлі жүкті 
тұңғыш рет арқалауға тура келді: бірі – қазақ әдебиетінде 
бұрын жоқ проза жанрын бастау, яғни қазақ әдеби тілінде 
бұрын болмаған шағын әңгімелер (новеллалар) стилін жаса-
ды, екіншісі – өз өлеңдері мен қазақтың ауызша тараған мол 
көркем әдеби үлгілерін оқушы жастарға ұсыну.
Ыбырай – қазақ әдебиетіндегі көркем прозаның негізін са-
лушы
192
, демек көркем проза стилін бастаушы. Оның ішінде 
мектеп оқушыларына арнаған әңгімелер жанры болғандықтан, 
олардың көлемі шағын, тілі мейлінше түсінікті болуды 
көздеген. Ол үшін сөйлемдері қысқа болып, ауыр әшекейлі 
фразалары өте аз келеді. Керісінше, Алтынсарин ұсынған бұл 
стильде халықтың сөйлеу тіліне мейлінше жақындату принципі 
192
Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері... - 16-б.


295
күшті. Сондықтан да Ыбырай тіліндегі фразеологизмдердің 
баршасы дерлік халықтың сөйлеу тіліне тән: жұрттан асқан 
бай болыпты, сөзге семірді, жаны көзіне көрінді, көңіліне жел 
кірді т.б. Теңеу, эпитет, метафоралардың да дені халықтық 
сөйлеу тілі мен байырғы әдебиеттен алынған. Адамды құстай 
ұшырды, қорғасын оқтай балқытты, жібектей жапырылған 
көкорай шалғын дегендердегі теңеулер – Ыбырай туындыла-
ры емес, бұрыннан қалыптасқандар. Оның әңгіме, өлеңдерінде 
кездесетін жұмсақ шырай, жарқыраған алтын тәрізді эпитет-
тер де – әбден кәнігі. Ауызекі сөйлеуде белгілі бір экспрессивтік 
бояу үшін сөзді қайталап қолдану тәсілі бар, Ыбырай тілінен 
осы әдісті де табуға болады: «одырайып қарап тұрып-тұрып», 
мұнан келе-келе жатып»...
Ыбырай да, Абай сияқты, қазақтың ұлттық жазба әдеби 
тілінің негізі етіп жалпыхалықтық сөйлеу тілі мен қазақтың 
қолтума байырғы әдеби тілін қалады. Оның шығармалары – 
прозасы да, өлеңдері де – осы негізде жазылған.
Ыбырай да, Абай сияқты, бірсыпыра түркі халықтарына 
қызмет етіп келген ортаазиялық түркі әдеби тілі («түркі» не-
месе «шағатай» тілі аталған) мен сол тұстағы қазақша «кітаби 
тілден» бас тартты. Сол «кітаби тілде» жазылған, не көркемдік, 
не нормалық сипаты шамалы кейбір үлгілерді қатты сынады. 
Әсіресе діни кітаптардың тіліне қарсылық білдірді. Өзінің 
«Хрестоматиясының» алғы сөзінде: «Татардың
193
кітап тілі... 
араб-парсы сөздеріне лық толған, сондықтан ол сауатсыз 
қазақтарға түсініксіз. Бүл тілде басылып шыққан кітаптардың 
бәрі де – тек дін туралы жазылған кітаптар, сондықтан олар 
дүнияуи мақсаттарды көздейтін орыс-қазақ мектептерінде пай-
далану үшін... қолайсыз»,
194
– деп жазды. Н.И.Ильминскийге 
жазған бір хатында осы ойын және қайталап: «Қазақ оқу- 
шыларының діни оқуға пайдаланатын құралдары, көбінесе... 
татар кітаптары, бірақ бұл кітаптарда ешқандай жүйе де, тіпті 
көбінде ешбір мағына да жоқ»,
195
– деп білдіреді.
193
Сірә, өткен ғасырдағы жалпы дәстүр бойынша «татар» деген терминді Ыбырай 
да Қазан татарлары жайында емес, «түркі» дегеннің де баламасы ретінде қолданған.
194


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет