Гҥлжаһан Орда,
М.О.Әуезов атындағы
Әдебиет және ӛнер институтының
бас ғылыми қызметкері, филол.ғ.д.
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытұлы педагогикалық
оқу орны мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
«Тәрбиеге жетекші» (1924) еңбегінде: «Ескі мектеп жоғалып,
жаңа мектеп үстем болып кеткен жоқ. Қайткенмен, кері
қайту болмайды; оқытудың ескі жолы бірте-бірте шегініп,
жаңалыққа орын беруі сӛзсіз; ӛмір, тұрмыс, заман, ғылым
ағымы жаңалықты, ӛзгерісті еріксіз орнатады; мектеп ӛміріне
ӛзгеріс не ерте, не кеш кіреді. Бірақ жаңа жолмен бала оқыту
кӛп тараулы білім, тапқыр ақыл, озық тәжірибе тілейтін
сықылды», – деген болатын. Осылайша Алаш арыстары жаңа
оқулық
жазуға
кіріскені
тарихтан
белгілі.
Ж.Аймауытұлының «Психология», «Жан жүйесі мен ӛнер
таңдау», 2 сынып оқушыларына арналған «Жаңа ауыл»
(1929), М.Жұмабайұлының «Бастауыш мектепте – ана тілі»
(1923) , «Сауатты бол» (1926), «Қызыл әскер әліппесі»
(1926), «Педагогика» (1923), Қ.Кемеңгерұлының «Қазақша-
орысша тілмаш» (1925), «Жавропалықтар үшін оқу құралы»
(1929), «Жат тіл оқыту әдісі» (1927), Міржақып
Дулатұлының «Есеп құралы: бірінші жылдық» (1922), «Есеп
құралы: екінші жылдық» (1927), Ә.Ермековтің «Ұлы
математика
курсы.
Аналитикалық
геометрия
мен
дифференциал және интеграл есептеу негіздері» атты
оқулығы (орыс тілінде «Курс высшей математики основы
аналитической геометрии дифференциального интегрального
исчисления»), «Қазақ тілінің математика терминдері» атты
сӛздігі мен оқу-әдістемелік еңбектер жазылған болатын.
26
«Ә.Бӛкейханов астрономия мен жағрафия, М.Жұмабаев
педагогика, Х.Досмұхамедов анатомия мен зоология,
Ж.Аймауытов психология мен дидактика, А.Байтұрсынов,
Е.Омаров, Н.Тӛреқұлов тіл білімі, М.Әуезов әдебиет
саласына қалам тербесе, М.Дулатов, С.Қожанов, Ә.Ермеков
математикаға ден қойған, Ф.Ғалымжанов – физика‚
Б.Сәрсенов – геометрия, И.Тұрғанбаев – арифметика,
Қ.Кемеңгерұлы – жаратылыстану пәндері бойынша
оқулықтарды қазақ тіліне аударған. Т.Шонанов та
тәржімашы ретінде кӛрнекті жұмыстар атқарды. Ол
А.Богдановтың «Курс политэкономии» деген кітабын 1924
жылы қазақша шығарып, оқушыларға пән терминін түсіндіру
мақсатында аудармаға тұңғыш орысша-қазақша сӛздігін қоса
берген деген дерек бар» (Әлімхан Ермеков. «Ұлы математика
курсы» // https://abai.kz/post/8214).
Сол сияқты ХХІ ғасыр басында да әлемдегі озық
тәжірибелер Қазақстандық оқу жүйесіне енгізілуде. Қазіргі
таңда орта және жоғары мектептер Блум таксономиясы
бойынша оқытылып, PISA (Programme for International
Student
Assessment),
TIMSS
сияқты
оқушылардың
функционалдық сауаттылығын тексеру мен бағалаудың
халықаралық бағдарламасына енді. Бұлар оқушылар
қабілетін
тексеру
мен
бағалаудың
әлемдегі
озық
бағдарламасы ретінде танымал. Осы бағдарламалар бойынша
мектеп мұғалімдері соңғы жылдары деңгейлеп оқыту,
жаңартылған білім мазмұнын игеру үшін біршама
семинарларға қатысып білімдерін жетілдірді, біліктіліктерін
арттырғанына үстеме еңбекақы алуда. Жаңа бағдарламаны
оқу жүйесіне енгізу оңай шаруа емес екені тарихтан белгілі.
Ол кӛп ізденуді, ыждағаттылықты, білімді қажет етеді.
Қазақстанның болашағы бастауыш, орта және жоғары
мектепте қаланатын болғандықтан, қазіргі таңда мектеп
оқулықтарындағы олқылықтар қоғамның ӛзекті мәселесіне
айналды. Мектеп оқулықтарын жазу үшін бірінші кезекте
оның бағдарламасы жасалады. Ал, бағдарламаны кімдер
27
жасағаны жӛнінде ақпарат жоқ. Себебі бағдарлама ұжымдық
еңбек
болғандықтан,
онда
оқулықтағыдай
авторлар
кӛрсетілмейді.
Сонда
кемшілікті
оқулықтан
емес,
бағдарламадан іздеу керектігін ұмыт қалдырамыз.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты –
«азамат ретінде ӛз кӛзқарастарын қалыптастыруда және
мінез ерекшеліктері мен құндылықтарын, жеке дағдыларын
дамытуда, адамзатқа ортақ сұрақтарды зерттеуде әдебиеттің
маңыздылығын айқындай білуді және түсінуді үйрету. Пән
мазмұнында әдебиеттің тарихпен, мәдениетпен, қоғаммен,
тәрбиемен
сабақтастықта
меңгертілуі
оқушының
дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға оң
ықпал етеді» деп кӛрсетілген.
Бағдарламаның мақсаты айқын болғанмен, тілі жұтаң,
сӛйлемдер шұбалаңқы. Тәжірибе барысында нәтижеге қол
жеткізу оңай болмай тұр. Сондықтан аталған бағдарламаға
айтылар сын да жетерлік. Ендеше осы бағдарламаның
жетістігі мен кемшілігіне үңіліп кӛрелік:
Достарыңызбен бөлісу: |