32
танымал. Оның лирикасының орнына аталған поэмасының
оқытылуы ақынның шығармашылығына нұқсан келтіріп тұр.
Сондықтан
М.Райымбекұлы,
Қ.Сарин,
Е.Әбікенұлы
шығармаларын оқулықтан алып тастауға негіз бар.
Тӛртіншіден, әдебиеттің тарихын дәуірлеп оқытудан
айрылып қалдық. Әр дәуір
туралы шолу тараулардың
берілмеуі мұғалімдерге де, оқушыларға да қиындықтар
туғызуда.
Мәселен, ҰОС туралы бағдарламада сӛз жоқ.
Сондықтан қырқыншы жылдардағы әдебиет пен майдангер
қаламгерлерді оқулықтан таба алмайсыз. Себебі ӛткен
ғасырдың қырқыншы жылдары қазақ әдебиеті әлемдік
деңгейге кӛтерілді. Жамбыл бастаған халық ақындары мен
Б.Бұлқышев сияқты майдангер
қаламгерлердің отты
жырлары Кеңес халқы мен әскерін кӛркем сӛздің құдіретімен
жігерлендіріп отырды. Оқулық авторлары бағдарламада жоқ
дүниені ӛз тарапынан қоса алмайтынын
осындай
дүниелерден аңғаруларыңызға болады.
Дәуірлеп
оқытудан
кӛз
жазып
қалғанымызды
бағдарлама авторлары шиыршық әдісімен түсіндіреді. Ал,
осы бағдарламамен оқытып отырған «Жалпы тарих» пен
«Қазақстан тарихы» пәндері ежелгі дәуір, орта дәуір жаңа
заман деген сықылды дәуірлеп оқыту жүйесін сақтап қалды.
Қазақ әдебиетінің бағдарламасындағы кемшілік міне осы
тұрғыдан кӛрінеді.
Бесіншіден,
әдебиеттің
тарихы
мен
теориясы
сақталғанмен, сыны назардан тыс қалды. Сонымен бірге
қоғам ӛмірін сын тезіне алатын
сатириктердің бірде біреуі
оқулыққа енбеген.
Алтыншыдан, оқушылардың білімін күнделікті әр
сабақ сайын бағаламаудың (баға қоймаудың) салдарынан
білім деңгейіміз тӛмендеп кетті. Ұстаздар қауымы
жаңартылған бағдарламаны игеруде түрлі әдіс-тәсілдерге кӛп
кӛңіл бӛлгендіктен, пән мазмұны тасада қалып қойды.
Мектеп оқушыларының әдебиетті оқымайтынын
мектептен, не оқулықтан іздеудің қисыны жоқ. Үйде ертегі
33
тыңдап ӛспеген бала әдебиетті қайдан сүйсін. Оқушыда неге
ынта жоқ, мұғалімде неге құлық жоқ? Себебі, оқушы кітап
оқуға бала күнінен жаттықпаған. Оған оқулық кінәлі емес.
Сондықтан мектеп оқушыларының
әдеби шығарманы
оқымайтынын отбасынан іздеген жӛн. Ал елдің баласына
білім береміз деп, ӛз баласына қарауға мұршасы келмейтін
мұғалімдердің еңбекақысы сол еңбектеріне сай емес. Сол
үшін мұғалімдерді қағазбастылықтан құтқарып, сабаққа
дайындалатын уақыт қалдыру керек.
Жетіншіден, білімнің
негізгі фундаменті бастауыш
сыныпта қаланады. Ӛздеріңіз жұмыс істейтін мектепке
сараптама жүргізіп кӛрдіңіздер ме? Бастауыш мектепке сабақ
беріп жүрген ұстаздардың біліктілігін тексеріп кӛріңіздер.
Қаланы білмеймін, ауыл мектептерінің бастауыш сынып
мұғалімдерінің дені сырттай оқып диплом алған ұстаздар. Ал
біздің балалардың негізгі құрамы ауыл мектептерінде
оқитынын ескеретін болсақ,
болашағымыздың тамырына
балта шауып жатқан да сондай ұстаздар. Бұл ұстаздар қайдан
шықты? Педагогикалық оқу орнына түсушілерге жоғары
талап қою керек. Себебі сол ұстаздарға білім беріп, қолына
диплом беретін жоғары оқу орындары. Міне кӛрдіңіздер ме
мәселе қайда жатыр? Қазіргі таңда білім жүйесіндегі
осындай келеңсіздіктерге мемлекет тарапынан тосқауыл
жасайтын уақыт келіп жетті. Конкурстан ӛтпей қалған
бітірушілерді ақылы негізде оқытуды тоқтату – бүгінгі білім
жүйесінің ӛзекті мәселесі.
Сегізіншіден, мектеп мұғалімдерін ЖОО дайындайды.
Жоғары мектептен шала жансар білім алып шыққан бакалавр
мектепке барғанда ӛзінен сауатты балаға не береді?
Бакалаврлар
неге шала сауатты десеңіздер, қазіргі таңда
студенттердің дені жан бағу үшін жұмыс істейді. Неге?
Себебі ақылы бӛлімде оқиды, не болмаса елдегі әке-
шешесінің беретіні жоқ болғандықтан ӛз күнін ӛзі кӛруге
мүдделі. Сол үшін болашақ ұстаздар дайындайтын
педагогикалық оқу орындарына жаңартылған білім беру
34
бағдарламасы жӛнінде арнаулы курстар енгізу керек. Осы
мақсатта Абай атындағы Қазақ педагогикалық ұлттық
университеті
бакалавларға
жаңартылған
білім
беру
бағдарламасы бойынша арнайы курстар енгізді.
Қорыта
айтқанда, жоғарыдағы айтылған ӛзекті
мәселелер жаңартылған білім беру бағдарламасы мен «Қазақ
әдебиеті» оқулығын жетілдіре түсу керектігін байқатады.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың
тапсырмасымен қазіргі таңда Оқулық орталығы мен
Педагогикалық ғылым академиясы бірлесіп оқулықтың
ғылыми-педагогикалық сараптамасын ұсынып, авторлар мен
сарапшыларды бекітілген 19 функцияның 128 критериімен
оқытуды бастап кетті. Қазіргі таңда сарапшылардың
ғылыми-педагогикалық сараптамасы
бойынша авторлар
қауымы жұмыс жасауға кірісті. Бұл бастама да қолға кеш
алынып отыр. Себебі үстіміздегі жылы 11-сыныптың
оқулықтары жазылуда.
Оқу бағдарламасында әдебиеттің дәуірі сақталып,
қалыптасқан жүйемен оқытылу керек. Ол үшін тӛмендегідей
ұсыныстарды қолға алу керек деп ойлаймыз. Олар:
1. 5-11 сыныптарға арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығын
жетілдіру үшін жаңартылған білім беру бағдарламасына
ӛзгерістер енгізу керек;
2. 5-11
сыныптарға
арналған
«Қазақ
әдебиеті»
оқулығының бағдарламасын жасауға М.О.Әуезов атындағы
Әдебиет және ӛнер институтының ғалымдары қатысу керек;
3. 5-11
сыныптарға
арналған
«Қазақ
әдебиеті»
оқулығына М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер
институтының ғалымдары сарапшы болу керек.