18
бағдарламаларында қолданылмай, олардың орнына
жауап
беру, интерпретация, салыстыру дегендер қосылған.
Оқу мақсаттарының жүйесін ӛзіміз жасай алмадық,
мемлекеттік стандарт деңгейінде Блумның таксономиясын
қабылдадық. Білім мен ғылым саласын басқарушылар оқу
мақсаттарының жүйесін ӛздері жасай алмай,
Блумның
таксономиясын мемлекеттік стандарт деңгейінде қабылдап
отырып, оны дұрыс қолдана алмады. Нәтижесі дұрыс
болмады.
Жаңартылған бағдарламаларда оқыту мақсаттары 1)
«Түсіну және жауап беру», 2) «Анализ және интерпретация»,
3) «Бағалау және салыстыру» деп, үш топқа бӛлініп
жүйеленді. Бұлардың алғашқы сыңарлары Блумның
таксономиясындағы басты құрамдастар, қалған үшеуін
бағдарламаны құрастырушылар мен бекітушілер қосқан. Бұл
– білім берудің тарихы мен теориясында, оқыту мақсаттары
бойынша ғылым мен білім қорында қалыптасқан, білім беру
ӛндірісінде стандарттық
деңгейде кеңінен қолданылып
отырған ғылыми-әдістемелік, психологиялық, танымдық,
нормативтік жүйе негізінен ауытқудың кӛрінісі.
Таным деңгейлері арасындағы иерархиялық жүйені
бұзу жүйесіздікке әкеліп соқпай қоймайды. Оның үстіне
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар қазақ тілінде
«талдау» деп анық кӛрсеткен атаудың пәннің үлгілік оқу
бағдарламасында
«
анализ»
болып
берілгені,
оған
«интерпретация» секілді атаудың
тіркескені қазақ әдебиеті
үшін де, қазақ әдебиеттануы үшін де, қазақ тілі үшін де
жетістік емес, кемістік.
Білім
берудің
мемлекеттік
жалпыға
міндетті
стандарттарын қолдану оқытудан күтілетін нәтижелер
түрінде кӛрсетілген білім беру мақсаттарының жүйесіне қол
жеткізу арқылы оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруға
бағытталған. Оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруға
бағытталған білім мазмұны осы мақсатты нәтижелерден
түзіледі.
Енді
«Қазақ
әдебиеті»
пәнінің
оқу
19
бағдарламаларындағы осындай 14
мақсаттың бірінің
сипатына назар аударайық. «
Анализ және интерпретация»
бӛлімінің құрамындағы бес бӛлімшенің бірі –
Автор бейнесі
деп аталады.
Автор бейнесі бӛлімшесінде білім алушылар үшін 10-
11-сыныптарда мынадай нақты оқу мақсаттары қойылған:
1) 10-сыныпта «шығармадағы авторлық идеяның ӛмір
шындығымен байланысын айқындау» / «автор бейнесінің
шығармадағы белгілі бір оқиғадағы кӛрінісін анықтау»
қажет.
2) 11-сыныпта «автор бейнесінің шығарманың негізгі
идеясымен байланысын айқындау» / «шығармадағы
авторлық идеяның ӛмір шындығымен байланысын ашу»
шарт.
5-9-сыныптардаға оқу мақсаттары мынадай:
3) 5-сыныпта «
эпикалық шығармадағы автор бейнесін
анықтауға»
тиіс,
6-сыныпта
«
эпикалық,
поэзиялық
шығармалардағы автор бейнесін анықтайды».
Әдеби шығармаларды бұлайша «
эпикалық, поэзиялық
шығармалар» деп топтау – қателік.
Білім мазмұны, әдеби-
теориялық ұғымдар деңгейіндегі қателік. Білетін маманға
«эпикалық шығармалар» қатарында поэзиялық шығармалар
да болатыны, ал «поэзиялық шығармалар»
қатарында
эпикалық шығармалар да болатыны белгілі.
4) білім алушылардың алдына 7-сыныпта «
эпикалық,
Достарыңызбен бөлісу: