Әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
Қазақстан халқына жолдауы.
2.Бейсенбаева А.А. Мектептегі білімнің теория және
тәжірибесін
ізгілендіру.
-
Монография,
Алматы:
Ғылым,1998.
3.Мұғалімге арналған нұсқаулық. Педагогикалық
шеберлік орталығы, «НЗМ» ДББҰ, Астана, 2017. - 12-13б.
107
Гҥлмира Рыскелдиева,
Алматы қаласы Алмалы ауданы
Шона Смаханұлы атындағы
№62 гимназияның қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі, жаңартылған
білім беру мазмұны бойынша тренер
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
МЕН ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мемлекетіміздің
білім
беру
үдерісіне
енген
жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай
келешек
ұрпақтың
сұранысын
қанағаттандыратын,
құзыреттілікке және сапаға бағытталған тың бағдарлама.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты білім
мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау
жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі
құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Жаңартылған
білім
берудің
маңыздылығы
оқушы
тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра
отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын
жүргізу, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке,
жұппен, топта жұмыс жасай білу, шығармашылық
қабілеттерін арттыру болып табылады. Осы мақсаттарды
жүзеге асырудағы қазақ әдебиетін оқытудың қазіргі жай-
күйіне тоқталмақпын.
Әдебиет – ӛміртанудың ерекше құралдарының бірі.
Бүгінгі таңда оқушылардың кӛркем шығармаға деген
қызығушылығын оята отырып, оқыту – ӛзекті мәселелердің
бірі. Қазіргі әдебиетті оқыту мазмұннан гӛрі дағды
қалыптастыруға бағытталған. Ол дағдылар түсіну, жауап
беру, анализ, интерпретация, бағалау, салыстыру деп
аталады. Сондықтан бағдарламада оқытылатын кӛркем
шығармалар азайтылған. Таяқтың екі ұшы бар сияқты мұның
жақсы да жаман да жақтары бар. Жақсы жағы әдеби
108
шығарманы түгел оқып, оны бүге-шігесіне дейін талдай
аламыз. Кӛңілге қонбайтын жағы ұлттық мүддені құрайтын
классик
ақын-жазушыларымыздың
ӛздері
мен
шығармаларының оқушыдан жырақ тасада қалуы болып
отыр. Осы жерде әдеби шығарманың түпнұсқасын түгел
оқыту қиындық туғызады. Қазіргі бағдарламаға енген кӛркем
шығарманың мазмұнын бала толық меңгеру керек. Ал
оқулықта тек үзінді ғана беріледі. Хрестоматияны ашсаңыз,
онда да мардымсыз үзінді тұрады. Барлық оқушыға қағазға
шығарып беруге мүмкіндік жоқ. Сондықтан хрестоматияда
мүмкіндік болса, толық нұсқасы тұрғанын қалаймыз.
Әдебиетті
оқытудың
қазіргі
бағдарламасының
артықшылықтары кӛп. Ең алдымен, бұрынғыдай емес,
күтілетін нәтиже айқын. Ол – оқу мақсаттары және бір дағды
сынып ӛскен сайын күрделеніп қайталанады. Мұғалім
бұрынғыдай
тақырыптан
мақсат
шығарып
басын
қатырмайды. Оқу мақсаты дайын алдымызда тұр. Тек соның
әр деталіне сапалы жету кӛзделеді. Оны оқушыға қолжетімді,
нақты, тиянақты түрде сіңіру – басты назарда. Тағы бір
артықшылығы – дарынды баланың барлық мүмкіндіктерін
ашуға ықпал етуі. алайда оған мұғалімдердің дайындығы
жеткіліксіз болып отыр. Оқу мақсаттарының күрделі
болуынан оған қол жеткізу қиындық туғызады. Сондықтан
әдебиетші-ғалымдар тарапынан арнайы оқу-семинарлардың
қашықтықтан болса да ӛткізілуін және оқу мақсатына сәйкес
әдістемелік құралдар жазылуын, таратылуын сұраймыз.
Себебі жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктілік
арттыру курсында әдебиетті оқытуға арнайы сағаттар
қарастырылмаған. Тек әдебиеттегі негізгі дағдыларды, яғни
түсіну жауап беру, анализ интерпретация, бағалау, салыстыру
және олардың ӛз ішіндегі ішкі дағдылары туралы, шиыршық
қағидаты бойынша жасалған бағдарлама мазмұнынымен
таныстырып ӛтумен ғана шектеледі. Сонымен қатар оқу
мақсатын жете түсінбегендіктен, баланың жас ерекшелігіне
109
назар аудара отырып, әдеби талдауды да әр сыныпқа сай,
жүйелі түрде жүргізуде мұғалімдер қиналады.
Кӛркем шығарманы талдау бұрыннан бар. Талдау
дегеннің ӛзі – зат пен құбылысты танып білу. Қазіргі талдау
оқу мақсатына сай түрленіп, күрделенді. Талдау жасағанда
мәтіндегі әрбір шағын, жеке элементтер де назардан тыс
қалмайды. Образ бойынша, тақырыптық, проблемалы, тұтас
талдаулар жүйеленіп, шиыршық қағидаты бойынша
қайталанып, сыныптар бойынша күрделеніп берілген. Әдеби
талдау
үстінде кӛркем шығарманың
мазмұн-пішіні,
кейіпкерлер қатынасы мен тілдік құралдар ашылатыны
белгілі, сонымен бірге мәтінге талдау жасай отырып, біз
суреткердің ой-мақсатын, дүниетанымын білуге ұмтыламыз.
Бұл талдауларды біз бұрын да жасадық, тек соларды
сапалы жасайтын күн жетті. Енді осы арада оқулықтардың да
дұрыс құрастырылуы маңызды екеніне тоқталғым келеді. Біз,
мұғалімдер, қазіргі оқулықтың тек ресурс кӛзі деген пікірмен
келіспейміз. Себебі осы оқулық бойынша оқушы да, мұғалім
де жаңа жүйеге қалыптасады және ол күнде ұстайтын,
қарайтын құралы Әдебиет бойынша құрастырылған
«Мектеп» және «АрманПВ» баспасының оқулықтары кейбір
талап үдесінен шығады. Мысалы, «Мектеп» баспасының
қоғамдық-гуманитарлық
бағыттағы
10-сынып.
«Қазақ
әдебиеті»
оқулығы
тақырыптық
талдау
бойынша
құрастырылған. Ол мұғалімге күнтізбелік-тақырыптық және
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын құрастыруда, оқушыға үй
тапсырмасын жүйелі беруге кӛмек болады.
Әдебиет
теориясын
меңгермей
тұрып
кӛркем
шығарманы оқып үйрену мен оған тиісті баға беру мүмкін
болмайтыны баршамызға аян. Осы тұрғыда оқу мақсатында
берілгенмен, оқулықта оқу мақсатында тұрған әдеби-
теориялық ұғымдар үзіп-жұлқып беріледі. Дәстүрлі білім
беру жүйесінде тек кӛркем шығарманың мазмұны мен
пішінінде, кӛркем шығармадағы образды талдауда және
кӛркем шығарманың тілін талдауда ғана әдеби-теориялық
110
ұғымдардың кейбіреуін талдататынбыз. Қазір әдеби
шығарманың тұжырымдамасы тіпті тарихи және кӛркемдік
құндылығы мен заманауилығы мен жаңашылдығын талдауда
да әдеби-теориялық ұғымдар терең берілген. Мысалы, 8-
сыныпта шығарманың идеясы мен пафосын ашу деген оқу
мақсатында пафосқа мән беріледі. Ол дегеніміз –
шығармадағы асқақ сезім мен құлшыныс, қуатты сезім мен
терең шабыт. Мұны да, тапқызу, сезіндіру мұғалімге оңай
соқпайды.
10-сыныпта
(қоғамдық-гуманитарлық)
шығарманы жалпыадамзаттық құндылық тұрғысыснан
талдап әдеби эссе жаз дейді. Ең алдымен, мұғалім жалпы
адамзаттық құндылықтың не екеніне тоқталып барып, оны
шығармадан тапқызады. Әдебиеттің тәрбие құралы, ӛмір
мектебі екендігі, дәл осы оқу мақсаттарымен жұмыс кезінде
сезінесіз.
Енді
мектеп
ұстаздарына
«Әдебиеттану»
факультетінің магистранты болуға тура келеді. Бір сӛзбен
айтқанда, бүгінгі таңда жоғары оқу орнында оқыған әдебиет
теориясы мен әдебиеттің сыны деген курстарды қайта оқып,
жаңғырту – мектеп мұғалімдерінің кезек күттірмейтін
мәселесіне айналды.
Жалпы
мұғалімдер
жаңартылған
білім
беру
бағдарламасында шиыршық қағидатына сәйкес әр сыныпта
сол дағды бойынша нені қалыптастыру керек екенін жақсы
түсіну керек. Мысалы, «Кӛркем шығарманың мазмұны мен
пішіні» дағдысы бойынша 5-сыныпта әдеби шығарманың
жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау
берілген. Бұл сыныпта олар оқушыдан шығарманың
сюжетін, шығармада баяндалатын оқиғалар тізбегін сұрайды,
білуін талап етіледі. Шығармадағы тұтас оқиғалар мазмұнын
қысқаша баяндау фабула болады. «Тортай мінер ақбоз ат»
әңгімесін алсақ, оның мазмұнын қысқаша баяндау, оқиғалар
тізбегінің ретін анықтау сияқты тапсырмалар беруге болады.
Ал 6-сыныпта әдеби шығарманың жанрын, фабуласын,
сюжетін анықтау берлген. Мұнда мұғалім шығарманы
оқытып, жанрын олар ӛздері анықтау керек. Әңгіме болса,
111
неге ол әңгіме оның қандай ерекшелігі бар? Сол сияқты
қысқаша мазмұнын баяндатып, сол оқиғалар, сол баяндаулар
не үшін алынғанын оқушы анықтауы керек. Мысалы, әңгіме
неліктен автор ӛміріне қатысты? Әңгімедегі оқиғалар ӛмірде
болған ба? Тортай ше? деген сияқты. Ал 7-сыныпта әдеби
шығарма сюжетінің құрамдас бӛлшектерін талдау берілген.
Сюжет ол – оқиға. Сол оқиғаларға негіз болған мәселелерді
талдайды. Мысалы, «Кӛксерек» шығармасында Құрмаш неге
бӛлтірікке жақын болды? 8-сыныпта әдеби шығарманың
жанрына
байланысты
сюжеттік
желілерін,
эпилог,
прологтерді анықтау. Мұнда олар эпилог пен пролог деген
ұғыммен алғаш танысады және әр шығарманың эпилогі мен
прологін анықтап оның сюжеттік желіге қатысына талдау
жасайды. «Бағалау мен салыстыру» дағдысы бойынша
салыстырылатын шығармаларды табу да мұғалімдерге
қиындық туғызады. Мысалы, 8-сыныпта шығарманың
тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен
салыстырып, тарихи және кӛркемдік құндылығын бағалау
десе, 9-сыныпта шығарманы басқа ӛнер түрлеріндегі осы
мазмұндас туындылар мен салыстырып, тарихи және
кӛркемдік құндылығын бағалау дейді. Біздерге осы
мәселеден де кӛмек керек. Қазіргі жүйедегі сабаққа
дағдылану мен дайындалудың ӛзі – біраз машақат және
салыстыратын кейбір шығармаларды білгенімізбен, кӛп
шығармаларды, ӛнер туындыларын біле бермейміз.
Сондықтан «Бағалау мен салыстыру» дағдысы бойынша
салыстыруға
болатын
шығармалар
мен
ӛнер
туындылырының тізімін қосымшада берген жӛн.
Әдебиеттің сыны да мектеп бағдарламасына толық
енген. Сыни хабарлама, сыни шолу, сыни пікір, сыни мақала
жазудың талаптары туралы да білімімізді кӛтеру де маңызды
болып отыр. Осы тақырыптарға да оқу семинарлары мен
әдістемелік құралдар болуын сұраймыз.
Қорыта айтқанда, бағдарламаның негізі «Ӛмірмен
байланыс» ұғымына құрылған. Әр оқушыны шығармашылық
112
деңгейі жоғары, ӛзіндік кӛзқарасы бар, сыни пікірді айта
алатын және оны қабылдай білетін,
бәсекеге қабілетті жеке
тұлға дәрежесіне жеткізе білу – әр ұстаздың міндеті.
Сондықтан ХХІ ғасырда ӛмірдің барлық салаларында
табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін
мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Сол еңбектенуде
біздерге үлкен қолдау керек. Сол қолдаулардың қатарына
хрестоматияда бағдарламаға енген кӛркем шығарманың
толық нұсқасы берілуін, оқу мақсаттарын түсіну бойынша
әдебиетші-ғалымдар
арнайы
оқу
семинарларын
ұйымдастыруын (қашықтықтан болса да), оқу мақсаттарын
түсіну
бойынша
әдебиетші-ғалымдардың
әдістемелік
құралдар шығаруын, оқулықтардың тақырыптық талдау
бойынша
жүйелі
құрастырылуын
және
ондағы
тапсырмалардың оқу мақсатын ашатындай құрастырылуын,
оқулықта оқу мақсатында тұрған әдебиет теориясына
қатысты ұғымдардың барлығының енгізілгенін, «Бағалау мен
салыстыру» дағдысы бойынша салыстыруға болатын
шығармалар мен ӛнер туындылырының тізімін қосымшада
берулерін және ең бастысы, жалпы білім беретін мектеп
оқушысының
деңгейіне
сай
оқу
мақсаттарының
бейімделгенін қалаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |